СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
Дарынды оқушыларды шығармашылыққа баулу
ХХІ ғасыр – бәсеке ғасыры, бұл бәсеке енжарлықты, керітартпалықты көтермейді. Сондықтан да еліміздің білім берудегі ұлттық жүйесі өте қарқынды өзгерістер сатысында тұр. Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат – ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттыру, ізденімпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу керек.
Баланың белгілі бір іс -әрекетке белсенділігі жас кезінен байқалады. «Дарындылық» термині «дарын» сөзінен шыққан, адамның ерекше қолайлы ішкі алғы шарты дегенді білдіреді. Дарындылық білім беру, тәрбиелеу жұмысының әсерінен ғана емес, балалардың өз қүштерін жүзеге асыру кезінде ғана дамиды.
Мұғалім ретінде оқу мен тәрбие саласындағы аса маңызды міндет – талабы таудай дарынды жеке тұлғаны іздеп тауып, оны жетілдіріп шығару. Ал мақсаты – тәрбие мен білім халықтық бола отырып, ұлттық дәстүрді ұстаушы, дені сау, адамгершілігі мол, қабілеті дамыған, жан-жақты, саяси сауатты, өресі биік азаматтарды тәрбиелеу.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында» мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интелектуалды дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Жас жеткіншектін бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу әр ұстаздың парызы.
В. Крутецский өзінің математикалық қабілеттіліктің құрлымын зеріттеген еңбегінде: «Егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілетінің жиынтығының бірлігі деуге болады», - деп тұжырымдады.
Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты міндет- балалардың қабілеттері мен таланттарын жан-жақты аша түсу үшін, дарындылықтын ерекшеліктерін анықтау мен айқындау болып табылады. Дарынды балаларды анықтау - баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс.
Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мақсаты:
1. Баланың шығармашылық қабілетін және өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту.
2. Пәнге терең қызығушылығын арттыру.
3. Оқушының әсерлілік сезімін қалыптастыру.
5. Жалпы білім – білік дағдыларын дамыта оқыту.
6. Білімнің бағасын арттыру.
Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстың міндеті
1. Оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру.
2. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, жан-жақты дамуына жеке адамдық ерекше көңіл бөлу.
3.Оқушыны қоршаған ортаны аялауға, ғылыми зерттеу дағдыларын қалыптастыруға тәрбиелеу.
Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жоспары
1. Дарынды баланы бақылау.
2. Тереңдетілген бағдарлама бойынша оқыту.
3. Дарынды балалармен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу.
4. Проблемалық оқыту әдістерін пайдалана отырып оқыту. ізденіс жұмыстарын (реферат, баяндама, сөзжұмбақ, ребус, шығарма, өлең шығару т.б), өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастыру, дамыту.
5. Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана отырып оқыту.
Мұғалімнің бағыт-бағдарына байланысты талаптары:
— дарынды оқушымен жұмыстың әлеуметтік – қажеттілігін сезінуі;
— оқушыны жақсы көруге және қабілеті жоғары оқушылармен жақсы қарым қатынаста болуы;
— дарынды оқушымен жұмысқа тұрақты қызығу танытуы және нәтежелі әдіс- тәсілдерді талмай іздеуі;
— дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыс орнату;
— дарынды оқушымен жұмыс кезінде жоғары нәтежелерге жетуге ұмтылу;
Білім беру жүйесінде жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған шығармашыл, рухани ой-өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр, өйткені білім мен ғылымды көтеріп, еліміздің абройын асқақтатып, дүниеге танытатын жеке түлғалар. Сол жеке тұлңалар бүгінгі біз тәрбиелеп жатқан дарынды балалардан шығады. Дарынды оқушының белгілі бір нәтежеге жету қаржылық еңбектін, шығармашылық ізденістің нәтежесінде болатыны даусыз.
Дарынды балалармен жургізіліп жатқан жұмыстарға тоқталар болсам, нәтиежесі төмендегідей;
2015-2016 оқу жылында Республикалық «Зерде» ғылыми- шығармашылық жобалар сайысының өлкетану секциясы бойынша 6 класс оқушысы Күнтуар Аружан «Ауылым - арайлы туған өлкем» атты жобаны зерттеп, қорғап облас көлемінде жүлделі ІІ орынды иеленді. Бұл тақырыпқа оқушының қызығушылығы өте жоғары болды. Ауылым деп соққан балалық балғын жүрегі өз елінің географиясын, тарихын білу үшін алдымен өзінің туған ауылының географиялық жағдайын, тарихын, геологиялық, климаттық жағдайларын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, осы ауылдан шыққан зиялы азаматтарды білу керек екендігін түсінді. Жоспар бойынша материал жинақтау, оны зерттеу, кітап беттерінен алынған теориялық білімін сол жерлерге бару арқылы практикалық зерттеулермен толықтырып, өз көзімен көрген оқушының білім одан сайын арта түсті.
2016-2017 оқу жылында республикалық «Зерде» ғылыми шығармашылық жобалар сайысында экология, валеология секциясы бойынша 7 класс оқушысы Аманулла Мағжан «Ауа райы құбылыстарымен халықтық болжамдар арасындағы үндестік» атты тақырыпты зерттеп, зерделеп облыстық кезеңде ІІІ орын алды. Мағжанның жаратылыстану пәндеріне жақындығы бұл тақырыпты толық зерттеуге өз септігін тигізді. Ауа райын метерологиялық аспаптар мен қатар халықтық болжамдарды бақылай отыра, екеуіара ұқсастықты дәлелдей алды. Бұл тақырып аясында әлі күнге дейін зерттеулерін жүргізіп келеді. Бұл екі оқушы да шығармашылық жобалармен айналыса отыра өз дарындылықтарын одан әрі дамыта білді деп ойлаймын.
Сонымен қатар Күнтуар Аружан 2015-2016 оқу жылында жалпы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушыларының арасында « Әлем жас туристер көзімен» республикалық интернет – байқауының І орын жүлдегері.
Осындай қабілетті, дарынды оқушыларды таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін арттырып, ата –ана, мектеп, оқушы, ұстаз байланысын жоғары ұстап, шығармашылықпен жұмыс істеп оқушының білімге ынтасын арттыру керек.
Табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйын одан әрі дамытып, ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыра білейік!