СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ғылыми жоба

Нажмите, чтобы узнать подробности

Аннотация

Ғылыми жобаның тақырыбы: Ақын ана

Ғылыми жобаның мақсаты: Қазіргі ұрпаққа тарихта аты елеусіз қалған ақындарды дәріптеу.

Ғылыми жобаның міндеттері:

  1. Нәзира Қыдырбайқызының ана махаббаты тақырыбындағы өлеңдерінің тәрбиелік маңызын ашу.
  2. Нәзира ананың ұрпақ тәрбиесіне арналған ғұмырлық тәжірибесін жас ұрпаққа үлгі ету.

Ғылыми жобаның зерттеу нысаны:Нәзира Қыдырбайқызының (1929-1995)шығармашылығы

Ғылыми жобаның зерттеу әдістері: 1. бақылау

2. зерттеу

3. талдау

Ғылыми жобаның нәтижесі мен қорытындысы:

Бұл ғылыми жобада зерттеу барысында мынадай нәтижеге жеттім:

Дарынды ананың бойындағы асыл қасиеттері ұрпағына тәрбие арқылы берілген. Сол тәрбиені көрген ұрпақ қоғамымыздың дамуына өзіндік үлесін қосып келеді.

Кіріспе

Мен егеменді қазақ елінің жас ұланымын. Мұны мен мақтаныш етемін. Біздер, жас ұландар, еліміздің ертеңгі болашағымыз. Мен сол себепті өткені тереңде жатқан тәуелсіз елімнің тарихын, өнерін және мәдениетін қастерлеп, қадірлеймін.

«Ұлт мақтанышы біздің бұрынғы өткен батыр бабаларымыз, данагөй билеріміз бен жырауларымыз ғана болмауға тиіс. Мен бүгінгі замандастарымыздың жетіс­тік­терінің тарихына да назар аударуды ұсынамын. Бұл идеяны «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы іске асырған жөн», - деп елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2017 жылдың сәуір айында жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтқан болатын. Бұл дегеніміз елімізде еңбектері елеусіз қалған тұлғаларды анықтап, 100 жаңа есімнің қатарына қосу деген сөз. Айналамызда қаншама еңбектері елеусіз қалған «ерекше тұлғалар» бар. Солардың бірі – тіршіліктің тауқыметінен өз бойларындағы табиғи дарынын ашуға мүмкіндігі болмаған өткен ғасырда өмір сүрген қазақ әйелдері. Олар отбасының ұйтқысы, ибалы келін, адал жар, өнегелі ана, ақылгой әже болуға ғұмырын арнаған асыл жандар. Есімі елге белгілі болмаса да осындай аналар халқымыздың салт-дәстүрлерін сақтап ұрпақ тәрбиеледі, қоғамымыздың дамуына сүбелі үлес қосты. Мен өнерге бейімі бар аналардың өмір жолын зерттеуді дұрыс деп ұйғардым. Соған байланысты жұмысымды бойында шығармашылық қабілеті бар аналардың бірі - Қыдырбайқызы Нәзира әжеге арнадым.

Зерттеу жұмысын үш бағытта жүргіздім: Нәзира ананың өмірбаяны (шығу тегі мен ақындық ортасы), өлеңдері, ұрпағы.

Менің ғылыми жобамның тақырыбы: «Ақын ана». Бұл тақырыпты таңдаған себебім Қыдырбайқызы Нәзира - көргенді келін, асыл жар, қамқоршы ана, ұлағатты ене, ақылгой әже болуымен қатар шығармашылық еңбекпен де айналысқан.

Мен Нәзира әже туралы өзімнің сынып жетекшім Айдана апайдан ең алғаш естідім. Сол сәтте менде қызығушылық пайда болды. Кейіннен Нәзира әженің үлкен қызы Рабиға апайдан сұхбат алдым. Осыған байланысты есімі көпке белгісіз қарапайым ана тұлғасын зерттеуді мақсат қылдым. Өкінішке орай ол кісі бүгінде арамызда жоқ: өмірден озғанына жиырма үш жыл.

Ғылыми жобаның мақсаты:

Қыдырбайқызы Нәзира Досмахан келінінің өмірін, шығармашылығын зерттей отырып оның өлеңдерінің тәрбиелік маңызын ашу.

Ғылыми жобаның міндеттері:

1. Қыдырбайқызы Нәзираның өмірбаянымен таныстыру.

2. Қыдырбайқызы Нәзира Досмаханкелінінің өлеңдерінің тәрбиелік мәнін насихаттау.

Категория: Русский язык
15.04.2018 21:13


Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!