СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Информатика кемесі білім теңізінде» атты информатика апталығының өткізілуі туралы есебі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қараша айының 21-26 күндері аралығында «Информатика кемесі білім теңізінде» атты информатика пәні апталығы өтті. Мақсаты: Оқушылардың компьютерлік сауаттылықтарын арттыру.Апталықтың ашылуы 21.11.2016 күні сағат 13.00-де өткізілді. Салтанатты ашылу 5-кластар арасында өткізілген «Көңілді информатика» атты интелектуалдық ойынмен жалғасын тапты. Пән мұғалімі: Серікбаева Айнұр. Интелектуалдық ойынға 5 класс оқушылары белсене қатынасты. Апталықтың екінші күні, яғни 22.11.2016 күні 6 кластар арасында «Информатика әлеміне саяхат» аттыы танымдық ойын өткізілді. Пән мұғалімі Айтжанова Алмагүл. Бұл танымдық ойынның жеңімпазы болып, 6 «Ә» сынып оқушысы Жәдігеров Н таңылды. Апталықтың үшінші күні (23.11.2016) 7-кластар арасында өткізілген «Бірге-бір» атты сұрақ-жауап ойынымен өз жалғасын тапты. Пән мұғалімі Картабаева Камшат барлық 7 класс оқушыларының белсенділік танытуына көп көңіл бөлді және ойын қызықты өтті. 24.11.2016 апталықтың төрітінші күнінде информатика пәні мұғалімі Картабаева Камшаттың ұйымдастыруымен 8-кластар арасында «Логика алгебрасы» тақырыбында логикалық сайыс өтті. Апталықтың бесінші күнінде 9 кластар арасында Отаров Дарынның ұйымдастыруымен «Информатика дарабозы» атты интелектуалды ойын өтті. Ойынға әр тоғызыншы кластан бір оқушыдан қатынасты. Қалған оқушылар көрермен ретінде ойынды тамашалап, өз сыныптастырына жанкүйер болды. Бұл жарыстың бас жүлдесі 9 А сынып оқушысы Есентүгел Аружанға бұйырып, ол «Информатика дарабозы» атағына ие болды. Апталық 10-11 кластар арасында информатика пәні мұғалімі Жұмағалиева Айнагүлдің ұйымдастыруымен «Қазақстан туған елім, ұлы өлкем» атты тұсаукесер (презентация) және видео байқаумен қорытындыланды. «Қазақстан туған елім, ұлы өлкем» атты презентация ( тұсаукесер) және видео байқау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналды. Бұл байқауда 10-11 класс оқушыларының өз отанын қалай сүйетіндіктеріне куә болдық. Біздің оқушыларымыз Қазақстан Республикасының нағыз патриоттары екен. Байқаудың да негізгі мақсаты компьютерлік сауаттылықпен қатар өз елін, жерін, сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу еді. Көзделген мақсатымызға жеттік. Байқау Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны мен ашылды. 10-11 сынып оқушылары компьютерде дайындаған өз жұмыстарын қорғады. Сонымен қатар байқауда қазақтың биі биленіп, 10 «А» сынып оқушысы Дулат «Адай» күйімен мерекемізге шашу шашты.Бұл байқау жеңімпазы болып 11 «Б» сынып оқушысы Бартай Ләйлі таңылды. Ал ІІ - орынды 10 «А» сынып оқушысы Амангельдин Маргелан, ІІІ-орынды 10 «Ә» сынып оқушысы Қизат Ислам иеленді. Үздік видео монтаж номинациясымен 10 «Б» сынып оқушысы Қадіров Әділ марапатталды. Апталықтың соңғы күні жеңімпаз оқушыларды мақтау қағаздарымен марапаттауарқылы аяқталды. Апталық барысында бекітілген сыныптан тыс шаралар өз уақытында өтті. Сыныптан тыс шараларға бірлестік жетекшісі Алишева Анаргүл, информатика пәні мұғалімдері, директордың оқу-ісі меңгерушісі Ә. Ғұбайдуллина қатысты. Бекітілген сыныптан тыс шараларды жауапты мұғалімдер үлкен жауапкершілік пен жоғары дайындықпен өткізді.

Категория: Информатика
17.05.2017 21:55


Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!