СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қазақстан мұнайына 120 жыл!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Биыл Қазақстан мұнайына 120 жыл! 1899 жылы қазақ жерінде бірінші рет бұрғы салынып, бірнеше метр тереңдіктен алғашқы мұнай фонтаны атқылағаны — Қазақстандағы тұңғыш мұнайдың өндірілуі болып тарихта қалған еді. Кейін жаңа мұнай көздері табылып, сапалы мұнай әлемдік деңгейде назарға іліге бастады. Бүгінде мұнай-газ саласы — ел экономикасы дамуының негізгі локомотиві болып отыр.

Мұнай тарихы:Атырау өңіріндегі Жайық пен Жем аралығында көлкіген мұнай кені бар екені ерте заманнан белгілі болған. Тіпті сол кездің өзінде−ақ жергілікті көшпенді қазақтар жер бетіне шығып жатқан қимайды, мұнайды сүзіп алып, түйенің немесе адамның теңге қотырын емдеуге қолданған. Бірақ қазақтар бұл үлкен қазынаның жер бетіне шығып жатқан шеті ғана екенін білген жоқ. XVIIIғ. мен XIX ғасырдың алғашқы жартысында Жайық пен Жем өңірінде жер қойнауын зерттеушілердің пайда болғаны белгілі. И. Лепехин /1768/, П. И. Рычков /1772/, П. С. Паллас /1773/, С. Г. Гмелин /1785/, Г. Гельмерсен /1836/, тағы басқалары Атыраудың географиялық жіне топографиялық құрылымына, су қорлары мен кен байлықтарына қысқаша геологиялық сипаттама берді. зерттеушілердің осы алғашқы деректерінің ғылым үшін пайдасы зор болды.

Атырау өңірін алғашқы зерттеушілердің бірі – Н. А. Северцов. Ол 1860 жылы «Горный» журналына қазіргі Доссор маңы туралы есебін жариялайды. Онда «Бұл жердің мұнайы су бетіне қалқып шығып жатады екен» – деп жазады. Біздің осы өлкемізде 1874 жылы инженер Д. В. Кирпичников келіп, бірнеше кен орындары жайлы пікір қалдырды. Мысалы, әлгі Доссор кені жайлы мынадай тұжырым жасады: «Бұл жерде мол мұнай қоры бар екендігіне күмән жоқ. Бірақ тұщы суы тапшы, қатынас жолы қиын, тұрғын халқы, шабатын шөбі жоқ. Бұл байлықты пайдалану өте қиынға соғады». Ол тұста бұл аса мәнді болжамға ешкім назар аудара қоймайды. Бұдан кейін де Атырауға бірнеше этнограф ғалымдар мен экспедициялар келеді. 1899 жылдың қараша айында Атырау облысы, Жылыой ауданына қарасты Қарашүңгіл алаңындағы №7 ұңғымадан мұнай фонтаны атқылап, тәулігіне 20 тоннадай өнім берді. Бұл бүгіндері дүние жүзіне мәлім болған Қазақстан мұнайының алғашқы тамшылары еді. Қарашүңгіл мұнай фонтаны туралы хабар Ресей және шетел кәсіпкерлерін дүр сілкіндіріп, Ембі–Каспий аймағында мұнай қорын іздестіру жұмыстарын кең көлемде жүргізуге мәжбүр етті.

Осындай күрт бетбұрыстың нәтижесінде атақты Нобельдің мұнай өндірістік ұйымы өмірге келді. Осы ұйымға қарайтын жұмысшылар Доссор, Мақат, Ескене өңірін терең бұрғылауды қолға алды. Ең сәтті қазылғаны Доссордағы №3 ұңғыма болды. 1911 жылы сәуірдің 29 күні 225 метр тереңдіктен юра қабатынан мұнай фонтаны атқылады. Ол 20-25 метр биіктікке 30 сағат бойы атқылап тұрды. 16,7 мың тонна мұнай шықты, тәулігіне 13360 тонна. Бұл Қарашүңгілден кейінгі мол мұнай қорының ашылғандығын бүкіл әлемге паш етті. Қарашүңгіл және Доссор мұнай фонтанынан кейін Қазақстан мұнай өндірісі тарихы басталды. Мақат – Атыраудың үшінші мұнайлы перзенті. Ол 1915 жылы ашылды. Бірақ екі кеніш тағылық жағдайында пайдаланылды. Кен орындарының геологиялық құрылымы, оны нендей тәсілмен өндірудің тиімділігі жайлы мәлімет жетіспеді. Тек фонтан атқызуға сеніп бұрғыланды. Бір қабаттың мұнайы түгел алынбастан екіншісін бұрғылауға ұмтылысты. Ұабаттар мерзімінен бұрын жарамсыз болып, су алып, газданды. Оған мысал 1911 жылы Доссорда 16,7 мың тонна мұнай өндірілсе, бар болғаны 3 жылдың ішінде ол 17 есеге, яғни 272,746 тоннаға жетті.

Төңкеріс алдындағы мұнайшылар өмірі қиын болды. Міне осындай жағдайда Қазан көтерілісіне дейін республикалық мұнай өнеркәсібі қарыштап дами бастады. Оның нағыз қанат жаюы Кеңес үкіметі жылдарында болды десек, бұл бұрынғы тарихи топшылау емес, ақиқат, шындық.Кеңес үкіметі кешегі көшпелілердің өмірін танымастай өзгертіп, қазақ жұмысшы табын шындады. Мұнайлы Ембі алғашқа кәсіпшіліктерінде жұмыс істеген М.Сартов, М.Жұмағалиев, П.Кочнев, Х.Төрәлиев, Б.Айтмағамбетов, С.Зорбаев, А.Ильясов және т.б. болды. Олар жаңа үкіметті орнатуға ат салысты. Сонау 1919 жылы В.И.Лениннің негізгі отын қоймасы жау қолында қалған кезде, Гурьевті, Жайық сағасын азат етуге болмас па екен деуі тегін емес.Қызыл Армия Доссор, Мақат кәсіпшіліктерін ақ гвардияшылардан азат етпей жатып, В.И.Ленин мұнайды тасымалдау мәселесін күн тәртібіне қойды. 1920 жылы 24 қаңтардағы Москвада болған кен жұмысшылары мен қызыл армияшылар конференциясында В.И.ленин «Енді бізде Гурьев мұнайы бар»− деп мақтанышпен мәлімдеді, Гурьевті Атырау деп түсінсек, онда Атырау мұнайын өндіру сол кезде – ақ құралған «Жайық − Ембі» ауданының мұнай кәсіпшілік басқармасына табыс етілді. Бұл жаңа басқарма трест 1920 жылы Отан қоймасына 1,5 млн пұт мұнай құйды. 1922 жылы қазанда басқарма «Эмбанефть» тресі деп аталып, қайта құрылды. Бұл трест 1924 жылға дейін Москвада болды, кейін Гурьевке қоныс аударды. Қазіргі Атыраудың көптеген мұнайшыларын тоғыстырып отырған «Эмбанефть» бірлестігі өмірге осы трест негізінде келген кәсіпорын. Жас үкімет жаңа кен орындарын игеруге, бұрғылау, құрал – жабдықтарын тасымалдау, азық – түлік, құрылыс материалдарын жеткізу мақсатында жаңа тас жоы және темір жол қатынастарын қажет етті. 1925 жылы үкіметтің арнаулы қаулысы бойынша Гурьев пен Доссор арасында 93 км табанды темір жол төселді. 1927 жылы іске қосылған бұл жолмен жылына 120 мың тонна жүк тасылды. Бұл тек мұнайлы Ембінің емес, бүкіл қазақ елінің дамуына үлкен әсер етті.

Мұнай өндіру үшін тек жұмысшылар ғана емес, білімді мамандарда қажет болды. Сондықтан 1930 жылы Гурьев мұнай техникумы ашылды. Кейіннен бұл оқу орны Политехникум деп аталды. Кезінде И.М.Губкин, С.М.Миронов, т.б. академиктер Атырау өңірінің болашағын жоғары бағалап, бұл өңірді батыл барлау, жаңа кен көздерін ашып, халықигілігіне жарату мәселелерін ортаға қойды. Кен орындарды игеруді ғылыми тұрғыдан бақылап отыру үшін «Эмбанефть» тресінің өзінен орталық ғылыми – зерттеу лабораториясы 1934 құрылды.

Осыған орай гравиметрия, электрокаротажсияқты геофизикалық әдістер Атырау өңірінде тұңғыш рет игеріліп, тым жақсы нәтижелерге қол жетті. Енді мұнайлы Ембінің Доссор, Мақат сияқты көне кен орындарының қатарын жаңа кеніштер толтыра бастайды. Ескене 1934, Байшанас 1935, Қошағыл 1935, Сағыз 1938, Құлсары 1939 сияқты жаңа кен орындар іске қосылды.

Қорытындылай келе: Баршаңызды «Қазақстан мұнайының 120 жылдық» мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздік алған жылдардан бастап дамыған елдердің қатарына қосылды. Мұнайшылар мен газ саласы қызметкерлерінің еңбегі ұлттық экономиканы дамытуға және елдің барлық азаматтарының әл-ауқатын арттыруға қомақты үлес қосуда.

Категория: Всем учителям
09.01.2020 15:26


Рекомендуем курсы ПК и ПП