СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Kindergarden lesson plan

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бекітемін :

Күні:

Білім беру саласы: "Қатынас"

Бөлімі: Ағылшын тілі

Тақырыбы: Professions

Мақсаты:

-балаларға балабақша қызметкерлерінің ағылшынша атауын үйрету;

- еңбек сүйгіштікке, еңбек адамдарын қадірлей білуге тәрбиелеу;

- тіл үйренуге қызығушылықтарын арттыру.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: қуыршақ ергежейлі, үнтаспа, мамандық иелерінің көрнекі суреттері.

Лексикалық бірлік: doctor- дәрігер, cooker-аспазшы, nurse- тәрбиешінің көмекшісі.

Іс-әрекет кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балалармен амандасады.

-Children we have a guest today. A guest. Балалар " guest" деген кім? Бұл ағылшын сөзі. Қане, барлығымыз қайталап айтайықшы: guest-guest-guest. Балалар, guest-қонақ деген сөз. Ал, сонда бізге қонаққа кім келді екен?

Балаларға Ергежейліні көрсетеді.

Мұғаліммен амандасады.

Келген қонақты таниды, атын атайды.

Сұрақты тыңдайды, өз есімдерін айтады.

Ұйымдастыру -іздестіру

-Дұрыс айтасыңдар, ол бұрын да бізге келген.Бірақ, ол сендердің аттарыңды білмейді екен.Онымен бірге "What is your name? " ойынын ойнап жіберейікші. Ол есімдер ойыны.

Help сендердің есімдеріңді сұрайды, сендер оған өз есімдеріңді айтыңдар.

Өзінен бастайды.

-What is your name?

-My name is Assel (ойын жалғасады).

Мұғалім: Let`s sing a "What is your name" Үнтаспаны қосады.

Help: Oh look! (тақтада алдын ала дайындап қойған дәрігер, аспаз және тәрбиеші суретіне балалардың назарларын аударады):

-like doctors!

Мұғалім: ( суретті көрсетіп) doctor?

-Yes, doctor! Say `doctor`, please.

Мұғалім: Let`s repeat. `DOCTOR`

Help: Who is it?

Мұғалім:Cooker

Help: Let`s repeat -cooker, cooker.

Help: Who is it?

Мұғалім: nurse

Help: Nurse! Let`s repeat - nurse, nurse.

Сергіту сәті

Help: Let`s do exercises!

Walking, walking. Walking, walking.

Hop, hop, hop. Hop, hop, hop.

Running, running, running.

Running, running, running.

Now let`s stop, Now let`s stop.

Tiptoe, tiptoe. Tiptoe, tiptoe.

Jump,jump,jump.

Jump,jump,jump.

Swimming,swimming,swimming.

Now let`s sleep.Now let`s sleep.

"Hello" дидактикалық ойыны.

-Балалар, біз (суретті көрсетіп) осы адамдарды күнде көріп жүреміз. Ендеше олармен амандасайық.

-Hello, I am a doctor.

Well done! Енді сендер оларды көргенде күнде амандасып жүресіңдер.

"Guess who ?" дидактикалық ойыны

-Сендер оларды тез танып қояр ма екенсіңдер, соны көрейік.

Балаларға бір ересек адамның басы және жан-жағына бір мамандық иесінің құралдары бейнеленген суреттерді кезек-кезек көрсетеді. Көрсеткен сайын " Guess who? " деп сұрап отырады.

Very well!

Әуенге қосылып әнді орындайды.

Суреттерге назар аударады.

Сөздерді қайталайды, еске сақтайды.

Қимыл-қозғалыстарды жасайды.

Сөздеріін қайталап айтады.

Сергіту сәтінің қимылдарын жасап, сөзін қосылып айтады.

Мұғалім көрсеткен суреттегі мамандық атауын атап, амандасады.(Hello,doctor!).

Суреттегі заттарды зерттеп қарайды, қай мамандық иесі екенін тауып атайды.

Ойынға белсене қатысады.

Рефлексивті - түзетушілік

- Балалар, сендер бүгін Help-ке қандай адамдар туралы айттыңдар? Оларды сендер қайдан көріп жүрсіңдер? Сендерге ойын ойнаған ұнады ма?

Сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.

30.12.2016 09:49