СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
3. Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары
І жартыжылдық
І БӨЛІМ Қоршаған ортамен танысу
№1 ұйымдастырылған оқу қызметінің үлгі жоспары
Тақырыбы: Мамандықтар иелері
Білім саласы: |
Әлеумет |
|
Бөлімі: |
Қоршаған ортамен танысу |
|
Мақсаты |
Мамандық иелері туралы түсінік беру. Әр түрлі мамандық түрлеріне қызығушылығын тудыру. |
|
Міндеттері |
Еңбекке деген құштарлығын ояту. Үлкендердің еңбектерің құрметтеуге, бағалауға үйрету. |
|
Күтілетін нәтиже |
біледі: Әр түрлі мамандық түрлерін біледі |
|
түсінеді: Мамандық иелерінің еңбегін құрметтеп. бағалау керектігін түсінеді. |
||
қолданады: Мамандық иелерінің қызметтерінің маңыздылығын біледі |
||
Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер |
Әр түрлі мамандық иелерінің суреттері. Әліппе-дәптер |
|
Билингвалды компонент(үштілділік) |
Дәрігер – врач – doctor; аспаз – повар – cook, сатушы – продавец – seller, шаштараз – парикмахер – hairdresser; жүргізуші – водитель – driver |
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі |
(Ұ) Шаттық шеңбер -Қайырлы таң, көздерім! -Қайырлы таң, құлақтарым! -Қайырлы таң, қолдарым! -Қайырлы таң, аяқтарым! -Сендер ояндыңдар ма? - Ия біз ояндық! - Көздерім көріп тұр - Құлақтарым естіп тұр - Қолдарым қол соғып - Аяқтарым топылдатты. Біз ояндық! Жарайсыңдар балалар! |
Балалар іс-қимыл көрсете отырып қайталайды |
Негізгі кезең |
(Ұ.Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс. -Суретте кімдерді көріп тұрсыңдар? -Балалар сендер мына өздерін тұрып жатқан үйлерді салатын адамдар бар, ауырып қалсақ емдейтін адамдар бар, киімдерімізді тігіп беретін адамдар бар, бізге білім беретін адамдар бар, шашымызды әдемілеп қиып беретін және дәмдеп тамақ пісіретін адамдар бар.Бұл адамдардың барлығын бір сөзбен айтқанда мамандық иелері дейміз. Мамандықтарға дәрігер, мұғалім, шаштараз, аспазшы,құрылысшы, тігінші, әнші және т.б жатады. (Балаларға сұрақтар қойылып, жауаптары толықтырылады). - Дәрігер не істейді? Дәрігер адамдарды емдейді. - Аспазшы не істейді? Тамақ пісіреді - Тігінші не істейді? Киім тігеді - Шаштараз не істейді? Шаш қияды -Құрылысшы не істейді? Әдемі үй мен ғимараттар салады -Міне, біз қанша мамандық түрлерімен таныстық.Сондықтан бізге барлық мамандықтар қажет. Кез келген мамандық иесіне құрметпен қарау керек. Сөздік жұмыс Дәрігер – врач – doctor; аспаз – повар – cook, сатушы – продавец – seller, шаштараз – парикмахер – hairdresser; жүргізуші – водитель – driver Сергіту сәті Әкем менің дәрігер, Шешем менің аспазшы, Дәмді тамақ пісіреді. Ағам менің етікші, Әдемі етік тігеді. Жеңгем менің суретші, Қылқаламы жүйткиді. Атам менің ол-ұста, Бәрі-бәрі жұмыста! -Жақсы мамандық иесі болу үшін не істеу керек? -Оқу керек, білімді болу керек, таңдаған мамандықты жақсы игеру керек. Сен де бір кірпіш дүниеге Кетігін тапта бар қалан. Абай Құнанбаев (Ұ, Ө) Жұмбақтар шешу. 1.Қолдағы жұмыс құралы Қайшы менен тарағы.
2.Айқасқан қос қылыш, Қолға тисе жоқ тыныш. -Жақсы балалар! -Ал сендер болашақта қандай маман иесі болғыларың келеді? «Көрдің бе, мен қандаймын?» тақпағын оқып беру Көркем тігем кестені Өзім кесем кеспені. Түймені де қадаймын, Жыртықты да жамаймын. Шынықсын деп денемді, Күнде жуам еденді. Әлди, әлди, әлди деп, Бөпемді де жуатам. Шыр айналып би билеп, Ән салуды ұнатам. Сабақтан да қалмаймын, Көрдің бе, мен қандаймын?
(Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс. Сәйкес суретті тауып жапсыру
|
Балалардың жауаптары тыңдалады Балалар сұрақтарға жауап береді Балалар мұқият тыңдап, жұмбақты шешеді -шаштараз -тігінші Балалардың жауаптары тыңдалады Мұқият тыңдайды Сәйкес суреттерді тауып жапсырады |
Рефлексия |
Сұрақ-жауап -Кімдер туралы әңгімеледік? -Қандай мамандық иелерін білеміз? -Жақсы мамандық иесі болу үшін не істеу керек? Балаларды мақтап,мадақтау,алғыс айту. Смайликтер арқылы балаларды бағалау. |
-80%
© 2018, Советханова Каламкас Берикказыевна 730