СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
Цитология-жасуша туралы ғылым. Жасушаны зерттейтін ғылымды цитология деп атайды (грек-ше“цитос”-жасуша,”логос“-ғылым).Цитология ғылымы біржасушалы, көпжасушалы ағзалар жасушасының құрылысын,құрамын және қызметін зерттейді.Ал жасуша бүкіл тірі денелердің ең қарапайым құрылысын,қызметін және дамуын сипаттайды.Сондықтан да цитологияның зерттейтін құрылыстары мен заңдылықтары цитология, тәнтану,эмбриология, физиология, генетика, биохимия, молекула-лық биология және т.б. ғылым негіздерінің қалануына жол ашты.
Цитология бөлімі-цитохимия пәні жасушаның химиялық құрамының құрылысын,олардың түзілуін,жасушадағы таралуы мен белсенділігін және оның қызметінің өзгеруіне байланысты химиялық қосылыстардың өзгеріп отыруын зерттейді.Жасушаның белсенді қызметіне байланысты ақуыздың өзгеріске ұшырау себептерін және олардың зат айналымындағы рөлін зерттеу де цитохимияның үлесіне тиеді.
Жасуша теориясының ашылуы.
Жасуша теориясы дегеніміз-тіршіліктің негізін құрайтын жасушалардың құрылымы, көбеюі және көпжасушалы ағзаларды қалыптастырудағы қызметі туралы жинақталған ұғым. Жасуша теориясының даму тарихы 300 жылға созылды. Алғашқы микроскопты 17 ғасырда ағылшын физигі Роберт Гук (1635-1703ж.) жасаған. Ол микроскоппен 1662 жылдан бастап түрлі объектілерді:тығын шұрықтарын (пораларын),қымыздық,қамыс және басқалардың ішкі қуыстарын көрді. Гуктің микроскопы қаралатын затты жүз еседен астам ғана үлкейтіп көрсететін болған. Роберт Гукөсімдіктерді микроскоп арқылы қарап отырып,олардың ұлпаларынан ара ұясы тәрізденген қуыс тапқан. Ол осы ұяларды грек сөзімен “целлюл-ла“-“жасуша” деп атады. Бұл жерде Роберт Гук тіршілігін жойған жасушалардың ұяшығын ғана көрген еді. 17 ғасырдың 70-жылдарынан бастап голландық Антони Ван Левенгук объектіні үш есе үлкейтетін микроскоп жасап,оның көмегімен судағы біржасушалы ағза-кірпікшелі кебісшені тұңғыш рет көрді. Тірі жасушаны алғаш рет 1839 жылы чех ғалымы Ян Пуркинье көрген еді. Ол жасушаның ішіндегі сұйықты протоплазма немесе алғышқы плазма деп атады.Қазір протоплазма тек тарихи дерек ретінде ғана пайдаланылады,оны ғылыми тілде цитоплазма дейді. Протоплазма дегеніміз-жасуша ішіндегі сұйықтық пен ядро.Роберт Броун жасуша протоплазмасының тұрақты бөлігі-ядроны ашты.19 ғасырдың басында жануарлар мен өсімдіктердің жасушалары кеңінен зерттеліп,олардан алынған мағлұматтар 1838-1939 жж.ботаник Маттиас Шлейден мен зоолог ТеодорШваннға жасушалардың құрылысы туралы ортақ қортынды жасауға мүмкіндік берді.
Олардың тұжырымдауы бойынша,өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының құрылыстары өте ұқсас және тіршіліктің дербес иесі екендігі,тірі ағзаның ең ұсақ бірлігі,сонымен қатар жасушасыз тіршілік болмайтындығы туралы ғылымға дұрыс түсінік берді.
Мәселен,1858 жылы Рудольф Вирхов әрбір жасуша өзіндей жасушаның бөлінуі арқылы пайда болатынын анықтады.
Карл Бэр сүтқоректілердің жұмыртқа жасушасын ашып,көп жасушалардың дамуы бір жасушадан басталатынын және аталық сперматозоид пен аналық жұмыртқа қосылғанда,зигота түзетінін анықтады.К.Бэрдің бұл жаңалығы жасушалардың ағза дамуындағы маңызын дәлелдеді. Тірі ағзалар жасушаларының химиялық құрамы мен зат алмасуының ұқсастығының ашылуы жасуша теориясын дамытып,барлық органикалық әлемнің шығу тегі мен эволюциялық дамуының бірыңғай екенін дәлелдей түсті.
Сонымен жасуша теориясының негізгі қағидалары төмендегідей: Жасуша – тіршіліктің негізгі бірлігі. Жасуша теориясы бойынша барлық тірі организмдер бір немесе одан да көп жасушалардан құралады немесе олардың түзген заттарынан құралады. Мысалы, бақалшық, сүйек және тері. Жаңа жасуша алдыңғысынан бөлінуі арқылы пайда болады және көпжасушалы организмдердің денесіндегі әрбір жасуша ұрықтанған аналық жасушадан, яғни жалғыз бір жасушадан шығады. Бұған қоса жасуша организмдегі адам санасы жетпес зор процестердің негізгі бөлігі болып саналады.
1) Жасуша – тіршіліктің құрылымдық, қызметтік негізі. Тіршіліктің бірлік формасы және дамуының негізі. 2) Барлық бір жасушалы және көп жасушалы организмдердің жасуша құрылысы, жалпы алғанда,ұқсас болып келеді.
3) Жасушалар бөліну арқылы көбйеді. Әрбір жаңа жасуша аналық жасушаның бөлінуі нәтижесінде түзіледі. 4) Жасушаның негізгі құрылымдық элементі жасуша мембранасы болып табылады. 5) Организмдердің жасушалық құрылысы- өсімдіктер мен жануарлардың шығу тегі бір екендігіне дәлел береді. 6) Көп жасушалы организмдердің жасушаларының ең негізгі организмдері -ядро.
А) Жасуша мембранасы: Жасуша сыртын қаптайды, сыртқы ортадан бөліп тұрады. Шала өткізгіштік қасиетке ие. Мономерлі молекулаларды өткізеді. Өсімдік жасушасының мембранасы жаунықты заттардан тұрады. Өсімдікке серпімді, беріктік қасиет береді. Жануар жасушасының
мембранасы 3 қабаттан тұратын ішкі, сыртқы қабаты нәруызды молекулалардан, ортаңғы қабат екі қатар фосфолипид молекуласынан тұрады. Созылғыш, жұмсақ болып келеді.
Ә) Плазмолемма: цитоплазмамен тікелей байланысқан ішкі қабат. Қалыңдығы 10 нм. Негізгі химиялық құрамы: 60% нәруыз, 40% май, 2-10% көмірсулардан тұрады. Қызметі: Өткізгіштік ион түріндегі заттар мен қарапайым мономер құрылысты молекулаларды өткізеді. Күрделі макромалекулаларды эндоцитоз (Мечников ашқан- фагоцитоз жолымен, Пиноцитоз- су тамшыларын өткізеді). Экзоцитоз- май тамшылары, ферменттер, нәруыз молекулалары, полисахаридтер артық мөлшерде жиналғандары жаусша сыртына шығарылады.
Б) Цитоплазма: жасушаның ядросын қоршап жатқан қоймалжың зат. Түпнегізі-гиалоплазма (гр: «hуalos»-әйнек және «plasma»-түссіз масса деген мағынаны білдіреді. Химиялық ерекшелігі құрамында түйіршікті денелер, нәруыздар, ферменттер, нуклейн қышқылдары және көмірсулар, АТФ молекулалары болады. Америкалық биолог К.Портер электронды микросоп көмегімен жасушының гиалоплазмасынан микротүтікшелерді байланыстырып қозғалысқа келтіріп отырады.
В) Жасуша ядросы: жасушасы тұрақты бөлігі болып келеді. Өсімдік 1839ж жасушасының ядросын чех ғалымы Я.Пуркине тапқан. Толық жетілуіне байланысты экариотты организмдер және ядросы жетілмеген организмдерді прокариотты д.а. грекше «карион» ядро деген мағынаны білдіреді. 3 қабаттан тұратын 2 мембраналы. Ядро жасушаның бөлінуі мейоз, митоз, интерфаза кезеңіне қатысады, жас жасушалар п.б.
© 2020, Ерболатова Акмарал Ерболаткызы 2072