© 2018, gulzhanalmasova 904
СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
Жаңғыру жолындағы
жас маман рөлі
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады» деп айтылған. Егемендік алған тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден-бір дара жолы - білім жүйесі. Орта мектеп- білім жүйесінің ең басты буыны. Орта мектепте қаланған білім негізі оқушының болашағына жол ашады. Қазіргі кезеңдегі басты мәселенің бірі жаңа технологиялардың дамуы кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуында ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше. Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы – ұстаз қолында.»-деп атап көрсеткен болатын.
Сонымен бірге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Осы нақыл сөздер әрбір ұстаздың алға жетелейтін ұраны болуы тиіс деп ойлаймын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
Осы жаңғыру жолындағы менің мамандық рөлім болашақ Қазақстан үшін өте маңызды деп есептеймін. Мен биыл бастаған ұстаз атты мамандығымды өте қызық, танымды деп есептеймін. Өйткені мен ұстаздық жолын бастаған жылы мектеп білімінің жаңа оқыту форматына көшу жылымын қатарлас. Мен оқушы кезімде мектеп білімін басқаша көретінмін. Ұстаздың еңбегін осыншама сан түрлі болатынын байқамаппын. Қазіргі заманға сай үштұғырлы тілді дамыту заманында кішкентай баладан ересектерге дейін үш тілді меңгеру қолға алынып жатыр. Соған орай, мен өзімнің мамандық жолымда мектеп қабырғасында оқушыларға ағылшын тілін үйретудемін. Мен бірінші сыныптан бастап жоғарғы сыныптар аралығында сабақ беремін. Өз тәжірибемде түсінгенім, тілді үйренуде біз үйреніп қалған әдеттегідей әліппеден емес, күнделікті қолданысқа ие фразалық сөздермен, сөз тіркестерін үйренуден басталады. Неліктен деп ойлайтын шығарсыз. Өйткені, баланы тәрбиелеу, дамыту барысында біз оған ең алғашқы сөздерді ана тілінде әріптермен үйретпейміз ғой, сондықтан да өзге тілде ойлай алатындай, өзге тілді өз тіліндей қабылдай алатындай, оған ең алдымен күнделікті тұрмыстағы сөздерді ұғындыруға тырысамыз. Қазіргі заман оқыту әдіс-тәсілдері балалардың оқуға ынтасын жоғарылатуына өте ықпал етеді. Осы әдіс - тәсілдерді сабақ барысында қолдана отырып, балалардың шығармашылығын, қабілеттілігін арттырамыз. Мысал ретінде ретінде мен жаңартылған бағдарламаға көшкен 7 сынып оқушыларына сабақ беремін. Өз сабағымда жаңартылған сабақ түрлерін қолдануға тырысамын. Өйткені, ыстық орындық, джиксо, венн диаграммасы, түймедақ гүлі, дебат, т.б. әдіс-тәсілдер арқылы балалардың тілге деген қызуғышылығы артады. Балалар қалыптастырушы бағалау арқылы өздерінің төмен баға алуым мүмкін деген қорқынышынан арылады. Менің тәлімгерім айтқандай біз оқушыларға сабақ беру барысында бостандық берегенде ғана олар өз ой-пікірлерін еркін жеткізе алады. Формативті бағалау арқылы бір – бірін бағалай алады. Сабаққа белсене қатысып, өздерінің қабілеттерін көрсете бастайды. Осылайша балалар өздерінің болашағын жеңіл анықтап, болашаққа жеңіл жол тартады.
Мен ойымды тұжырымдай отырып, жаңа әдіс-тәсілдер арқылы сабақ өткізе отырып оқушыларға тиянақты білім берумен қатар, оқушы бойында жауапкершілік, сенімділік қасиеттерін қалыптастыру, сабаққа деген қызығушылығын оятуға болатынын түсіндім. Мұндай оқу үдерістерінде оқушылар ойлауға болатын түсініктемелер жасайды, жетекші сұрақтар қояды, сондай-ақ өз идеялары мен сыныптастарының идеяларын талдай отырып, проблемалардың шешу жолдарын табады.
Алмасова Гульжан Адилбековна
© 2018, gulzhanalmasova 904