СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
«Орта Азия мемлекеттерінің ғылыми-педагогикалық қауымдастығының»
ұйымдастыруы негізінде қолға алынып отырған
ҚР білім беру мекемелерінің педагог-қызметкерлеріне арналған
«Білім беру саласындағы 100 жаңа есім»
атты республика деңгейіндегі үздік педагогтардың жетістіктерін насихаттайтын энциклопедия жұмысына белсене қатысуға шақырады.
«Орта Азия мемлекеттерінің ғылыми-педагогикалық қауымдастығының» ұйымдастыруы негізінде ҚР білім беру мекемелерінің педагогтары арасында «Білім беру саласындағы 100 жаңа есім» атты республика деңгейіндегі үздік педагогтардың жетістіктерін насихаттайтын энциклопедия жұмысы қолға алынып отыр.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2018 жылғы 5 қазанда «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауында «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажеттігі жөнінде тапсырма берілген болатын. Осы тұста, қауымдастық болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуында ұстаздардың атқаратын ерекше рөлін ескере отырып, энциклопедия жұмысын бастайды.
Егер, Сіз егеменді Қазақстан Республикасының болашақ ұрпақтарының сана-сезіміне, ұлттық психологиясына, өмірге деген көзқарасына, мамандық таңдаудағы бағытына, азамат ретіндегі өз позициясының қалыптасуына, тәрбие мен білімді сабақтастыра жүргізуге үлес қосып жүрген білім беру мекемесінің (институт, колледж, мектеп-лицей, лицей, гимназия, мектеп, балабақша) педагог-қызметкері қатарынан болсаңыз, аталмыш энциклопедия жұмысына қатысуыңызға әбден мүмкіндігіңіз бар! Осы жобаға мектеп басшыларының тарапынан қолдау күтеміз!
Қатысу шарты: Энциклопедия жұмысына кез келген білім беру мекемесінің қызметкері соңғы 3 жыл көлеміндегі жетістігін 2018 жылдың 5 қазанынан желтоқсанның 10-на дейін [email protected] электронды почтасына жіберу арқылы қатыса алады. Энциклопедия баспадан (түрлі-түсті форматта) жарық көреді. Келесі беттегі 1-қосымшаны (үлгіге сүйене отырып) толық толтырыңыз.
© 2018, Аширбеков Айдын Ануарбекович 391