СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақ жоспары "Магнит өрісі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

10-сынып.

Сабақ тақырыбы: Магнит өрісі.

Сабақ мақсаты:

  • Оқушыларға магниттік жіне электрлік құбылыстардың байланысы, магниттік өзара әрекеттесу, магнит өрісінің негізгі қасиеттері, магнит өрісінің күш сызықтары, магнит индукция векторының бағыты туралы түсінік алуға жетелеу.
  • Оқушыларды өз бетінше ғылыми ой қозғауға жетелеу.
  • Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбкқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: компьютер, слайдтар, видеопроектор.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. «Тұрақты электр тогы» тарауын қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Эрстед тәжірибесі

:

Ампер бойынан ток өткен өткізгіштердің өзара әрекетін зерттеді.

Тогы бар өткізгіштің жанында бойынан ток өтетін рамка да бұрылады.

Гравитациялық өріс кернеулігі деп берілген нүктедегі бірлік массалы денеге өрістің қандай күшпен әрекет ететінін көрсететін физикалық шаманы айтады.

Электр өрісінің кернеулігін электр өрісі тарапынан берілген нүктедегі бірлік оң зарядқа әрекет ететін күш ретінде анықтайды:

Эрстед тәжірибелерінен шығатын қорытынды:

  • Магнит өрісін ток немесе бақылаушыға қатысты қозғалыста болатын заряд тудырады және ол тек токқа немесе қозғалыстағы зарядқа әрекет етеді.
  • Магнит өрісі тогы бар өткізгішке тек күшпен ғана әрекет етпейді, ол сонымен бірге магнит өрісінің күш сызықтарына қатысты оның бағытын да өзгертуге тырысады.
  • Электростатикалық өрістен магнит өрісінің айырмашылығы, магнит өрісі құйынды, тұйық өріс.

Магнит өрісінің күш сызықтары деп өрістің кез келген нүктесіне жүргізілген жанама осы нүктедегі магнит күшінің бағытымен сәйкес келетін көрнекі сызықтарды айтады.

Магнит өрісінің күш сызықтарының бағытын анықтау үшін қосалқы мнемоникалық әдістер пайдаланылады:

1. Бұранда ережесі.

2. Сол қол ережесі.

Бұранда ережесі магнит өрісінің күш сызықтарының бағытын анықтауға қолданылады.

Сол қол ережесі магнит өрісі тарапынан өткізгішке әрекет ететін күш бағытын анықтауға қолданылады.

Тұйықталған магнит өрісі күш сызықтарын бейнелеп көрсету үшін белгілеулер ензізіледі.

Тогы бар өткізгіштің өрісін нұсқама мен нүктелер жиынтығы түрінде беруге болады.

Тұрақты магниттің және катушканың магнит өрісі күш сызықтарының бағыттары суретте көрсетілген.

Магнит күш сызықтыраның түрліше конфигурацияларын зерттеу француз ғалымы Амперге тұрақты жолақ магниттердегі магнит өрісін оның ішшіндегі дөңгелек микротоктар тудырады деген гипотезаны ұсынуға мүмкіндік берді.

ІV. Пысықтау.

  • Магниттік және электрлік құбылыстардың байланысы қалай дәлелденеді?
  • Қандай өзара әрекеттесу магниттік деп аталады?
  • Магниттік өрістің негізгі қасиеттері қандай?
  • Магнит индукция векторының бағытын қалай анықтайды?
  • Магнит өрісі күш сызықтарының бағытын қалай анықтауға болады?
  • Электростатикалық өріс пен тұрақты магниттік өрісінің айырмашылығы неде?

VІ. Үйге тапсырма. Магнит өрісі.

VІІ. Бағалау.

06.03.2017 12:43


Рекомендуем курсы ПК и ПП