САРЫШАЯН
Сарышаяндарға Плутон әсер етеді.
Түстері: жасыл, қою-қара, бозғылт.
Металы: темір мен құрыш.
Тастары: аквамарин, карбункул, коралл, берилл, рубин, хрусталь, топаз, малахит.
Сәтті күні: сейсенбі.
Сәтсіз күндері: дүйсенбі мен жұма.
Сандары: 4, 5, 8, 9, 10, 11, 21, 100, 666.
САРЫШАЯН белгісінде туылған адамдардың мінезі қатал. Өмірлері қызыққа толы. Олардың мінезі екі түрлі бағытта сипатталады. Бір кезде одан асқан ақкөңіл табылмаса, кейде өте заһарлы болады.
САРЫШАЯН белгісіндегілер күрескенді жақсы көреді. Өзін сөгіп, іштей жегідей жей беретін және өзін асқақтатып мақтан тұтатын типтер. Темпераментті, өте көз тартар тартымды, көркем, сұлу, сондай-ақ қатал.
Олар үшін өмірдегі ең қиын нәрсе-өмір сүру. Бір қарағанда жоғары жетістікке жетелейтін нәрселердің барлығы оның бойынан табылады, мысалы, күш-қайрат, қайсарлық, өмір сүру қабілеті зор, өнері бойында тұнып тұр. Әлбетте мінезінің қаталдығынан қас-дұшпандары көп.
САРЫШАЯН белгісіндегі туылған еркектер әркез ашушаң болады. Ашу уытын өзіне шашуға дайын тұрады. Оның бойында шешімі жоқ құпиялық басым. Ол шынайы ізгі тілекпен ойын жеткізіп тұрған кезде де тұйық мінезін сақтап тұрады. Бұл ол үшін қорғаныс пен сақтықтың әдісі.
Оған елдің барлығы сынап, үркітіп-қорқытып тұрғандай көрінеді. Осындай күдіктің кесірінен сақтық пен қорғанатын қарулармен қаруланып жүреді. Егер жанына тиетін бірнәрсе айтып, сөзбен қағытып өтсең болды ол заһарлы зілмен шабуыл жасай түседі.
Жұмыс бабында кез-келгеннің кемшігі мен күрмеленіп тұрған мәселенің кілтін іздеуге бейіл. Ол тумысынан тар жол тайғақ кешуде күрескер. Бұндай еркектер алға қойған мақсатына жету үшін түрлі әрекеттерге барады.
Елдермен сөйлескенде тәртіпті, сыпайы, шыншыл адам ретінде көрінеді. Алайда бұл образы өте сирек шындыққа жанасып жатады. Осындай ерекшелік оны тәуелсіз етеді. Бұл айда туған еркектердің көбісі — диагност, хирург, зерттеуші және адвокат.
Ал, САРЫШАЯН белгісіндегі әйелдер екі типке бөлінеді. Оларға ортақ қасиет-қайсарлық пен өжеттілік. Алайда, бірінші типтегі арулар-құпияға толы тұйық болса, екінші типтегілер-күрескер, батыр әйелдер.
Бірінші типтегі әйелдерге осы белгіде туған еркектерге қатысты мінез-құлықтар тән. Бұндай әйелдер талабынан шығатын жігіттерді оңай тауып алады. Оған өзіне сенімсіз, жігерсіз, нәзік еркектер құмартады. Егер бұндай әйелдер осындай типтегі еркекпен некелессе, ол жолдасының карьера жасауына көмектеседі. Бұндай әйелдер әдемі көйлек пен әсемпаздықты көзге ілмейді.
Екінші типтегі әйелдер-әсем, сезімтал, қыңыр мінезді, ерке. Бұлар өте қауіпті әйелдер! Сүйіктісінің басына шәй қайнатқанды жақсы көреді. Біреуді басынғысы келіп тұрады. Тіпті, кейде еркектерді өзіне қол жұмсайтын жағдайға дейін жеткізеді. Өмірге деген әуесқойлығы өзін де жоғалтып жібереді.