СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Шалғын өсімдіктері мен жануарлары

Нажмите, чтобы узнать подробности

аудандық Бастауыш сынып мұғалімдер арасында өткен ашық сабақ

4-сынып Дүниетану Мерзімі: 11.12.2014ж Сабақтың тақырыбы: Шалғын өсімдіктері мен жануарлары Жалпы мақсаттары: Шалғын, көгал туралы жаңа ұғымдармен таныстыру, шалғын өсімдіктері мен жануарлары және ондағы табиғаттың ерекшелігі туралы түсінік беру. Шалғын өсімдіктерінің мекені мен ондағы тіршілік иелерінің өмір бейімделіп өмір сүруі туралы сыни тұрғыдан ойландыруға дағдыландыру. Сілтеме: Мұғалімге арналған нұсқаулық. Дүниетануды оқыту әдістемесі. 4 сынып, «Атамұра» 2011ж. 4-сыныпқа арналған дүниетану оқулығы «Атамұра» 2011ж. «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде» С.Мирсеитова, Қарағанды, 2011ж. Оқу нәтижесі: Шалғын, көгал туралы жаңа ұғымдармен танысады, шалғын өсімдіктері мен жануарлары және ондағы табиғаттың ерекшелігі туралы түсінік алады. Шалғын өсімдіктерінің мекені мен ондағы тіршілік иелерінің өмір бейімделіп өмір сүруі туралы сыни тұрғыдан ойландыруға дағдыланады. Негізгі идеялар: Оқушылардың жас және психологиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сай білім көлемін меңгерту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру. Сабақта қолданылатын материалдар: Үлестірме (тақырып бойынша) Тақырыптық суреттер Оқыту әдістері: Интерактивті оқыту әдістері. Сыныппен жұмыс. Жеке жұмыс. Дерек көздері: «Шалғын өсімдіктері мен жануарлары» тақырыбы бойынша берілген материалдар. Тапсырмалар: Дүниетану оқулығы бойынша 75-77б. тапсырма материалдары, мәтін, сурет. Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті: Сабақ: 15.40-16.25 Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу. Табиғат-біздің анамыз, Жер байлығы көп екен, Табиғатқа баламыз. Меңгеруді қалайды. Табиғатты қорғайтын, Осының бәрін меңгерткен, Біз әдепті баламыз. Дүниетану сабағы. Топтастыру Суреттер арқылы 4 топқа бөлу 1-топ жануарлар 2-топ өсімдіктер 3-топ бунақденелілер 4-топ құстар Білу: Мазмұнын сұрау. Пазлдар бойынша тапсырмалар орындау Ойлан. Жұптас. Топтас. 1-топ әңгімелеу, картадан еліміздің әр өңірінің табиғаи ерекшелігіне тоқталу 2-топ елімізде өсетін өсімдікті жаз 3-топ елімізде мекендейтін құстарды жаз 4-топ елімізде мекендейтін құстарды жаз Сәйкестендіру тесті Орманды жер Шөлді жер Таулы өлке Далалы жер Шалғынды жер Сулы жер Суы аз + Жазық жерлер + Шөбі шүйгін + Ағашы көп + Суы мол + Таулары көп + Өзін-өзі бағалау 6 жауап – 3балл 5 жауап – 2 балл 4 жауап – 1 балл Түсіну Ой қозғау Топқа бөлінген суретері бойынша постерге жапсырып әр топ өз атауын қорғау. Түлкі есекті шөбі отты, көгалға әкеліпті.. ойды жалғастыру. Сол жердің табиғатын сипаттау. Деңгейлік тапсырмалар Оқулықтағы сурет негізінде тапсырмалар орындау «Перде» ойыны С Үй жануарларын ата Жыртқыш аңдарды ата Үй құстарын ата Жыл құстарын ата В Жыртқыштар немен қоректенеді? Қыстап қалатын құстардың қорегі не? Бунақденелілер қыста қайда кетеді? А Өсімдіктер неліктен бір жерде сирек енді бір жерде мол өседі? Неліктен шөлді жерлерде үй жануарлары болмайды? Тау, өзен, құрақ сөздерін байланыстырып мақал құра Бағалау саусақ бойынша Қолдану /Түсіндіру/ Қандай сурет шықты? Табиғатын сипатта. Бір сөзбен сипат 1 ТОП Өсімдіктері Мұндағы тік өскен кесте жусан, шалғындық жоңышқа, қылтанақсыз арпабас, шалғындық атқонақ, жұпаргүл, күреңот,тышқанбұршақ сияқты алуан, түрлі-түсті гүл күлтелері көздің жауын алады. Жаздың басы мен ортасында шалғындағы шөп жұмсақ, балғын болады. Пішен шабу осы кезеңде басталады. Пішен дайындалатын шалғынды шабындық дейді: Кейбір шалғындар жазда және күзде мал жайылымы ретінде пайдаланады. Шалғында мал жемейтін улы өсімдіктер де кездеседі. Оларға уқорғасын, сарғалдақ сияқты өсімдіктер жатады. 2- ТОП Бунақденелер Жаз ортасына қарай шалғынға бара қалсаң қайнаған тіршілікке кездесесің.Жылдың бұл мезгілінде шалғынды бунақденелілір өте көп болады. Гүлден гүлге қонып, тыным таппай шырын жинап жүрген бал арасын, өздері де гүлге ұқсас көбелектерді көруге болады. Алуан түрлі қоңыздар да көкшегірткелер, түкті аралар да қаптап жүреді. 3- ТОП Құстар Шалғында бөдене де көп кездеседі. Оның шөп арасында «бытпылықтаған» дыбысы естіледі. Олар жорғалап жүріп, көбінесе шөп дәнімен, оның жас сабағымен, бунақденелілермен қоректенеді. Бөдене ұйысқан қалың шөп арасына ұя жасап, оған 10-20 жұмыртқа салып басады. 4- ТОП Жануарлар Шалғында ірі аңдар болмайды. Мұнда олардың өз жауларынан жасырынуы қиын. Ал,саршұнақ,көртышқан сияқтылар аз емес. Олар қалың шөптен бөктергінің көзіне онша түсе қоймайды және өз тіршілігіне қажетті басқа да жағдайлардың бәрін табады. Тізбектеп оқу. Бағалау. «Бағдаршам» әдісі арқылы Қызыл – мен ештеңе түсінбедім Сары – маған әлі де түсініксіздеу Жасыл – маған бәрі түсінікті Сыныппен жұмыс Талдау 1 топ Саттылай комлексті талдау Шалғын деген не? Көгал деген не? Шалғынның өсімдіктерін ата Шалғынның жануарларын ата Шалғында қандай құс мекендейді? Шалғында қандай бунақденелілер бар? 2 топ Шалғын өсімдіктерін ата Күреңотқа сипаттама бер Күреңот(Epіlobіum) – өзімен аттас тұқымдасқа жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдік немесе шала бұта. Қоңыржай және салқын аймақтарда кездесетін 50-ге жуық түрі белгілі. Әсіресе Күреңоттар Жаңа Зеландияда өте көп өседі. Қазақстанның барлық аймақтарындағы қылқан жапырақты және аралас ормандарда, тоғайда, сулы, ылғалы мол жерлерде көп кездеседі. Құрғақ, құмды жерлерде, орман шеттерінде, жолдар мен арна бойында өседі. Күреңоттың 14 түрі бар. Ең жиі тарағаны – түкті Күреңот (E. hіrsutum). Биіктігі 50 – 180 см, тамыры жуан. Сабағы тік. Өсімдіктің сыртын түк жапқан. Шеті иректелген жапырақтары қандауыр пішіндес, кезектесіп орналасқан. Дара гүлдері қызғылт, қара қошқыл түсті, жапырақ қойнауында орналасқан. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – қорапша. Тұқымы бүртікті қоңыр, дөңгелек. Күреңоттың тамыры жеуге жарамды, оның құрамында крахмал, қант көп. Балауса жапырақтары сабағының ұшында жетіледі, оны кептіріп шай орнына ішуге болады. Сабағын, жапырақтары мен гүлдерін емдік мақсатта пайдаланады. Күреңот шөбінің тұнбасын бас ауырғанда, ұйқы қашқанда және жатыр ауруларын емдегенде ішеді. Сондай-ақ Күреңот – шірнелі мал азықтық өсімдік. 3 топ Бунақденелілер мен жануарлары туралы мәлімет бер Саршұнақ туралы түсінік бер Сарышұнақтар (лат. Spermophilus) — кеміргіштер отряды, тиіндер тұқымдасының бір туысы. Қазақстанда далалық аймақтар мен шөл, шөлейтті аудандарды мекендейтін 6 түрі (зорман, ұзынқұйрықты сарышұнақ, үлкен сарышұнақ, қызылұрт сарышұнақ,кіші сарышұнақ және реликт сарышұнақ) бар. Бұлардың тұрқы 14 — 40 см, құйрығының ұзындығы 4 — 25 см, салм. 100 — 150 г. Жалпы түсі — сарғыш-сұр, жотасы қоңырқай тартқан, жүні жұмсақ, қалың. Құлақ қалқаны кішкентай, көзі үлкен, алдыңғы аяғы төрт саусақты, артқы аяғынан қысқалау, артқы аяғы бес саусақты. Жоғ. жақ сүйегінің оң жағында да, сол жағында да 5 азу тісі, төм. жағында 4 азу тісі болады. Тіршілік әрекеті көбінесе күндіз басталады, ін қазады. Жылына 6 — 9 ай ұйықтайды. Шөптесін өсімдіктермен, кейде жәндіктермен қоректенеді. Жылына 1 рет көбейіп, 2-ден 14-ке дейін ұрпақ әкеледі. 5 — 6 жыл тіршілік етеді. Сарышұнақ — дәнді дақылдардың зиянкесі, оба, сарып ауруларын таратады. Сарышұнақтың кәсіптік маңызы бар, терісі бағалы түрі – зорман 4 топ Құстары туралы түсінік беру Бөдене (лат. Coturnix coturnix) — тауықтәрізділер отряды, қырғауылдар тұқымдастарына жататын құс. Қазақстанда шөл дала мен биіктігі 3000 метрден жоғары таулардан басқа жерлердің бәрінде ұялайды, бірқатары республикамыздың қиыр оңтүстігінде қыстап та қалады. Дене тұрқы 20 см-дей, салмағы 80 — 150 г шамасында. Ақшыл жолақты кішкене сұр құс. Мекиенінің тамағы ақ, жемсауы мен көкірегі теңбіл болады. Бөдене — жыл құсы, соның ішінде түнде қоныс аударатын жалғыз түр. Бөдене ұялайтын жеріне көктемде ұшып келеді де, қыстау үшін Оңтүстік Азия мен Африкаға ұшып кетеді. Далада, шабындықта, егістікте жерді шұңқырлап, құрғақ шөп төсейді де, 7 — 20 шұбар жұмыртқа салады, оны мекиені 15 — 17 күн басады. Бөдене өсімдік тұқымымен және өркенімен, кейде жәндіктермен қоректенеді. Бөдене әуесқой аңшылық мақсатта көп ауланады, сондай-ақ, үйде де ұсталады Бағалау Фишкалар тарату Жеке жұмыс Шалғын табиғату, құстары мен жануарлары, өсімдіктері туралы шумақ өлең құрастыру Бағалау смайликтер арқылы Жинақтау 1. Шөптекті өсімдіктер жаз бойы жайқалып өсетін ылғалы жеткілікті шалғын үлескілерді не деп атайды? а) шалғын ә) көгал б) пішен 2. Шалғын өсімдігін тап А) тышқанбұршақ ә) бидай б) қызғалдақ 3. Мал жемейтін улы өсімдіктерді тап А) күрең от, жоңышқа ә) уқорғасын, сарғалдақ б) атқонақ, арпабас 4. Шөп арасында қандай құс көп кездеседі? А) шөп ә) бозторғай б) бөдене 5. Бөдене балапаны неше күнде шығады? А) 16-17 күн ә) 15-17 күн б) 18-19 күн Жинаған балдар бойынша бағалау Бағалау Күн – 5 Ағаш – 4 Бұлт – 3 Осы бейнелерге оқушылардың суреттерін жабыстыру арқылы жиынтық бағаны шығару.

Қорытындылау: «Шалғынның ерекшелігі» суреттер құрастыру ой жинақтау. Кері байланыс сұрақ – жауап (5 мин.) Шығыс парағын толтыру. Келесі тапсырма: Шалғын өсімдіктері туралы әңгімелеу Кейінгі оқылым: Шалғынды қорғау Бағалау: Мадақтау, орындалған тапсырмалар бойынша бағалау. Әр оқушыға жетістіктері мен жіберілген кемшіліктерін ескерте отырып, бағалауды жүргізу.

Тексерілді: ________________________________________________________

Д. Қонаев атындағы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі ІІІ базалық деңгеймен сертификатталған бастауыш сынып мұғалімі К. Акылбекованың өткізген ашық сабағы бойынша өзіндік талдауы Пәні: Дүниетану Тақырыбы: «Шалғын өсімдіктері мен жануарлары» Мақсаты: Шалғын, көгал туралы жаңа ұғымдармен таныстыру, шалғын өсімдіктері мен жануарлары және ондағы табиғаттың ерекшелігі туралы түсінік беру. Шалғын өсімдіктерінің мекені мен ондағы тіршілік иелерінің өмір бейімделіп өмір сүруі туралы сыни тұрғыдан ойландыруға дағдыландыру. Жетістік: Бұл сабағымда да мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Себебі Блум таксаномиясы бойынша жүргізілгендіктен сабақтың әр кезеңінде оқушылардың ол кезеңде нені және қаншалықты меңгергендігін түрлі бағалау формалары арқылы көрсетіп отырды. Өзекті мәселем бойынша жүргізілген жұмыс нәтижесінде оқушылардың бағалау мен баға қою арасындағы айырмашылықты ұғынуларымен бірге өзін-өзі бағалауда обьективті көзқарастың қалыптасып, білім алуға деген жауапкершіліктің артқандығы байқалады. Кемшілігім: Сыныпта оқушыларды толық қамти алмадым, үлгерімі төмен оқушымен жұмыс болмауы, топ ішінде бір оқушыдан бірнеше рет жауап алынуы, уақытты тиімді әрі ұтымды қолдана алмағандықтан сабағым уақытынан кеш аяқталды. Топтастыруда әлі де шашыраңқылық пен шу, жұмыс шуы әлі де қатты шығуы мен қатты алаңдатты. Нәтиже: Сабақта бағалау үдерісі тиімді қолданылуы арқылы оқушылар әр кезеңде нені және қаншалықты білгендерін бағалап отырды. Сонымен бірге баға қою мен бағалаудың айырмашылықтарын түсіну арқылы сапалы білім алуға тырысып отырды. Ұсыныс: Әдіс-тәсілдердің түрлерін және оның мазмұндылығын мен оқушының жас ерекшеліктеріне сай жүйелі түрде қолданған дұрыс. Қорытынды: Сабақта 7 модульді толық қамту барысында әлі де кемшіліктер болып, модуль санынан гөрі сапалы әрі нәтижесін көретіндей бірнеше модульді жүйелі енгізген қолайлы екендігін түсіндім

02.02.2017 21:24


Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!