СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Семей полигоны

Нажмите, чтобы узнать подробности

СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯНЫ

Адам өзін қоршаған ортамен бірге өсіп, бірге қайнап келеді, өзі де осы табиғаттың бір бұтағы болып саналады.

Қоршаған орта: ауа, су, жер, ормандар сау болса ғана адамдардың өзі де сау болады.

Адам жердегі биологиялық түрлердің ең жасы. Жер адам пайда болудан миллиондаған жылдар бұрын жаратылған және адам бір бірімен және табиғатпен бейбіт өмір сүруді үйренбесе, өліп кеткен жағдайда жер сонша жыл тіршілік ете алады. Бірақта біз ғасырлар бойы және мыңдаған жылдардан бері табиғатты пайдаланып келеміз, яғни табиғатқа қарама – қарсы бағытта тәрбиеленіп келдік.

Табиғатпен жарыстықта өмір сүру үшін, оның заңдарын үйрену керек және оны бұзбаған жөн.

Қоршаған ортаны « Қайта пішу »жөніндегі желөкпе жобаларды ойланбай істеген әрекеттердің зардаптарын кім білмейді. Өзіміздің қоршаған ортаны осынша ғаламат өзгеріске душар еткеніміз, адамның жаңа табиғи – климаттық және әлеуметтік мәселерді шеше алмауы. Алайда қоршаған ортаға зорлықпен жасалған өзгерістің ішіндегі ең ауыры Семей аймағында болған өзгеріс. Ол ешбір ақылға симайтын апат.

Полигонның ондаған жылдар бойы атқарған белсенді қызметі кезінде топырақтың, атмосфераның, судың радиоактивті газ – тозаңдарымен, азық түліктің радикулдерімен ластануы туралы ауыз ашпайтын әдет берік қалыптасқан болатын, ядролық сынақтардың қоршаған ортаға зияны туралы болжам теріске шығарылды. Ал бұл бағытта ешбір зертеулер мақсаткерлікпен жүргізілген жоқ. Тек обылыста жекеленген салалардың ведомыствалық бақылауы мен шешімдері кейбір мәліметтер береді.[3.21– 23]

Ауада және жер бетіндегі сынақтар жүргізілген жылдары, атмосфераның радиациялық жағдайы туралы дұрыс ақпарат жоқ, өйткені ведомостваға сол жылдар қолдарына берілмеген. Уранның ыдырауынан изотоп пайда болған. Ал Семей обылысында уран кенінің жоқ екені белгілі, ендеше оның ядролық жарылыстардан тарауы әбден мүмкін.

1989 жылғы зертеулердің мәліметтері бойынша ұсақ малдардың денесінднгі қорғасын – 210 мөлшерден ондаған есе көп. Етті пісірген кезде 10 проценті сорпаға шығады, денсаулыққа зияны көп.

Шаруашылықтың байырғы өрістерінде жайылып жүрген және полигонға таяу жерлерден су ішетін малдың еті мен сүйектерінде радикулиттердің барлығы мөлшерден ондаған есе көп.

Жер астындағы дүмпуірлерді алайық. Жер астындағы ядролық жарылыстардан туған сейсмикалық қозғалыс күші зариядтың қуатына және сынақ алаңының геологиялық жағдайына байланысты.

Невада полигонында жер қабаттарындағы туфтар деп аталатын қуыстары көп жыныстардан тұрады. Олар жарылыс толқындарының сейсмикалық энергиясын сіңіріп алады да, жердің сілкінуі онша қатты болмайды.

Семей полигонының алаңдары гранит деп аталатын тектес жақпартастардан тұрады. Граниттің сейсмикалық тербелістерді сіңіру қасиеті төмен. Сондықтан мұндағы жерасты жарылыстары айтарлықтай тербелістер туғызады. Қашықтықтары мен қуаттары бірдей жарылыстардың Невада полгонындағы сейсмикалық тербеліс күші Семейден 3 – 4 есе төмен.

Жер астындағы 343 жарылыс жердің қыртысын қозғалысқа түсіреді.

Ғасырлар бойы терең тыныштықта, бейне бір ұйқыда жатқан жер қабаттары жер асты ядролық күшті жарылыстардан қозғалысқа келіп, олардың ежелгі аналық құрылыстары бұзылады.

Жер астындағы ядролық жарылыстар салдарынан тау жыныстарында жаңа қуыстар, жыралар пайда болады. Ежелгі құрылымдар өзгеріске енеді, мұның өзі ежелден келе жатқан тау шоқыларының шөгуіне немесе опырылып төмен түсуіне әкеп соқты, жер қабаттарының ғасырлар бойы бекінген бейнесі өзгереді.

Бітімі жағынан қатты тау жыныстарының құрылымы өзгереді, кейбір жер асты жарықтары үзілді, бітеліп қалады, екіншілері бағытын, орынын өзгертті.

Міне сондықтан жер астындағы судың табиғи ағыны зақымданып, бағыты өзгеріп кетті, немесе құрып қалды.

Полигонға іргелес аудандарының шаруашылықтарында осындай су тартылған құдықтар әрбір жарылыс сайын пайда болып отырды. Соңғы жылдары ауылдарда малды сумен қамтамасыз етіп отырған 700 құбырлы құдық істен шықты.

Гидрогиолыктардың зерттеуі көрсеткендей ядролық сынақтар жер астындағы суға зиянды әсер етті: уран, странцыий, цензий өз мөлшрінен ондаған есе көп.

Термоядролық жарылыстардан пайда болатын зиянды заттардың бірі – С – 14 көмір изотопы, оның ыдырау кезеңі мыңдаған жылдарға жетеді, әсіресе ол жер астындағы үлкен зариядтты жарылыстар кезінде көптеп пайда болған. Ресми түрде ол полигон төңірегінде табылған жоқ.

С – 14 көмір изотропынан басқа, ядролық жарылыстар кезінде альфа –бөлшектер көзі болып табылған плутныий изотроптары құрылды. Альфа бөлшектерін комиссия мүшелері тапқан.

Қуыстар мен құдықтарда сынақтар өткізілген Дегелең және Мұржық шатқалдарының қойынында радио активті заттардың, оның ішінде ұзақ сақталатынзаттар көп мөлшерде жинақталған. Мұндай жерлер шаруашылық мүддесіне жармайды. Бұндай жерлерге адам аяғын бастырмай ұзақ уақыт тазарту қажет. Тұттастай алғанда осы мәселерді кезінде полигонға тартып алынған жерлерді енді полигон негізінде құрылған ғылыми зерттеу орталықтарының бағдарламасы бойынша шешуге тура келеді. [2.108 – 110]

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылы 29 тамызда Семейдегі атом полигонын жабу турасындағы Жарлыққа қол қойды. Семейдегі Радиациялық – экологиялық ғылыми орталықтың және басқа да ғылыми деректерге сүйенсек, сынақ тоқталғанға дейін жалпы Кеңестер Одағында 670 – тей ядролық жарылыс жасалған. Мұның 95 пайызы Семей атом полигонында өткізіліпті. Сынақ 1964 – 1965 жылдардан бастап қана жерасты шахталарына көшірілген. Ал 1949 жылдың тамызынан бастап жер үстінде, ауада жүргізіліп келген. Сынақ алаңының зардабы. Ресми түрде тіркелген сынақтар саны – 124. Бірақ кейбір мұрағаттық құжаттарға қа­расақ, бұл алдамшы мәлімет сияқты. Шындығында, тек кейінгі жылдарда ғана полигонда 345 жерасты сынағы болғанға ұқсайды. Олар қазіргі Абыралы мен Саржал маңайындағы Дегелең тауының қойнауында терең шахталарда жүргізілген. Полигонда жарылған 600-ден астам сынақтың 467 бомбасының зарядының күші тіпті белгісіз, құпия күйде. Оны жүргізгендер Мәскеу асып кеткен. Бұған қосымша кейбір термоядролық қарулардың сыналғандығы туралы деректер де бар. Жетпісінші жылдарға дейін зарядтар салынған штольнялар мен сква­жиналардың түптері мен шығар ауыз­дары дұрыстап бетон қақпақтармен жабылмапты. Соның салдарынан улы инертті газдар, ауыр металдар, басқа да радиациялық заттар жер бетіне жайылған. Мұны мамандардың өздері де жоққа шығармайды. Сынақ кезінде бөлініп шығар зиянды ауыр металл изотоптарының ең қауіптілері – «Стронций – 90», «Плутоний – 238», «Цезий – 137», тағы басқалары. Мәселен, стронцийдің ұсақ микробөлшекке айналып, қоршаған ортаға зиянсыз күйге енуі үшін 56 жыл керек екен. Ал цезийге – 30, плутонийге – 2100 жыл қажет. Бір ғана жарылыс өткізуде осындай он мыңдаған изотоптар мен қосындылардың пайда болатынын ескерсек, барлық сынақтан кейінгі жеріміздің, ел – жұртымыздың денсаулығын ойлап көріңіз. Осыншама сынақты қойнына тығып жатқан қара жер қойнауының әлі алда не әкелерін кім білсін. Бұл жақта сирек те болса өтетін жер сілкінісінің өзі күдікті мың еселей түседі.[4.154 – 167]

Радиятция құрбаны болған халыққа облыс башыларының жаны ашыған жоқ қайта олар кейбір ақылға қонбайтын әрекеттерімен жұрттың онсызда ауыр жағдайын одан әрі қиындата түсті. Қайнар – (Абыралы) полигоннан 120 – ақ шақырым, Саржал (Абай) бұдан да жақын жерде, Абыралы ауданы қайта ұйымдастырылғанда, полигон түбінен тағы екі шаруашылық ірге тепті. 1963 жылдан бері қатерлі ісік ауруларынан алақандай Қайнардың өзінде 200 – ден астам адам қайтыс болған. Жиырмадан астам қыз – жігіт өзіне – өзі қол жұмсап, 18 адам ақ қан ауруынан қайтпас сапарға аттанған. 1953 жылы 12 тамызда тұңғыш сутегі бомбасын сынау кезінде Қайнар ауылында 42 адам әдейі тәжірибе үшін қалдырылған. Бұл күнде солардың бірде-біреуі жер басып тірі жүрген жоқ. Көршілес Саржал ауылының да түпкілікті тұрғындарының айтуынша (кейбір мұрағат құжаттары растайды), осы ауылда 200 – ге таяу адам қатерлі ісік, тағы басқа ауыр металдар туғызған науқастардан қайтыс болған. Мұнда ауруханада 1962 жылдан бері радиация зардаптарынан қайтыс болғандардың да тізімі жасалыпты. 1962 жылдан бері Саржалдың 70 – тен астам адамдары өзіне – өзі қол жұмсаған, мұның басым бөлігі он екіде бір гүлі ашылмаған бозбала мен бойжеткендер еді.Солауылдағы дәрігерлердің айтуынша, қазір мұндағы әрбір жас балада қан жетімсіздігі, жүйке ауыт ­ қушылық, көз ауруы сияқты ауыр дерт­терге шалдығушылық факторлары байқалады. Саржал ауылының 300 адамы радиологиялық диспансер есе­біне тіркелген. Медициналық тексеруден өткенде 1083 адамның 500 – ден астамының денсаулығында түрлі ауытқушылықтар анықталған. Ауылдағы орта мектептің 800 оқушысын тексеруден өткізгенде, төрт жүзден астамынан қатерлі ісіктің белгілері байқалған. Әр үш баланың бірі көз жанары ауруымен ауырады. Радиациялық сәуле алу кесірінен бұрын естіп-білмеген сұмдықтарды көру пешенемізге жазылыпты. Мәселен, Қарауылда бір әйел босанып, қол – аяғы жоқ, басында екі көзі мен аузы ғана бар мутагенді жан иесін дүниеге әкелген. Мұндай бір қолы, бір аяғы жоқ, не аяқ – қолы істемейтін, не саңырау, мылқау болып туған кемтар балалар Саржалда, Қайнарда әлі де жиі кездеседі. Жалпы, Семей өңіріндегі полигонға жақын бұрынғы бес аудан халқының денсаулық жағдайын сараласақ, жүйке ауруына шалдыққандар саны (1995 жылғы деректер) – 1650 – ге таяу, ақыл – ойы кемтарлар 4700 – ге жетіпті. Ал 3700 адам жүйке тамыры ауруына шалдыққан. Әсіресе, екі әйелдің бірінде тамақ бездерінің ауруы асқынып қабынуы, ауруға шалдығушылардың иммунитеттері нашарлығы байқала бастаған. Республика бойынша орташа жас ұзақтығы ерлерде – 59, әйелдерде – 62 жас болса, полигон аймағына жататын аудандарда ерлерде – 52 – 55, әйелдерде 58 жас күйінде қалып келеді. Полигондағы атом сынақтары болған аймақта тұрғандардың қанында қызыл түйіршіктер азаюы (ақ қанға айналуы), хромосомдық өзгерістер 4 – 5 есеге артқан.1970 жылмен салыстырғанда әр тұрғынның орташа жасы үш жылға қысқарған.Медициналық тексеруден өткен­дердің 45 – 50 пайызының орга­низм­дерінде ауруға қарсы тұрушылық (иммунитеті) төмендеген. Үкімет басшысы К.Мәсімовтің депутаттарға берген жауабында елі­міз­дің Ұлттық ядролық орталығы ғалым­дарына тапсырма берілгенін, сол бойынша полигон аймағы үш бөлікке бөлініп (радиациялық қауіпсіздігі бойынша) отырғаны айтылған. Оның біріншісі – «Опытное по­ле» шағын көлі аймағы – халық шаруа­шылығына пайдалануға беріл­­мей­ді. Ал екі­н­шісі – Қайнар маңы, Павлодар, Қара­ған­ды облысы шека­расындағы Курчатов маңайы залалсыздандырылғасын, ауыл шаруа­шы­лығына пайдалануға жарамды деп Ядролық ұлттық орталық ғалымдары қорытынды шығармақшы. [7.5 – 6]

13.03.2017 17:28


Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!