СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Спасибо за регистрацию

Нажмите, чтобы узнать подробности

Спасибо за свидетельство

Үйірме жұмысы.

Дене шынықтыру пәні – дене шынықтыру қызметі оқушылардың дене және психикалық саулығын сақтау туралы білімдер жүйесі. Пәнді оқыту тұлғаны қалыптастыру, адамның танымдық белсенділігінің дамуына бағытталған.

Үйірме жұмыстарына келер болсақ жеке тұлғаның өзінің қалаған спорт түрінен нығайып дамуына тиімді жағдай туғызады. Оқушылар қабілетіне қарай өзінің жақсы көретін спорт түрінің үйірмесіне қатысып, іс-қимыл әдістері мен техникасы арқылы қимылдық тәжірибені байыту, физикалық және психикалық қасиеттердің толық дамуына ықпал етеді. Оқушылардың денсаулықтарын нығайтуға дене бітімінің әдемі болып өсуіне дене қуатының жоғарлауына әсерін береді. Оқушылардың дене шынықтыру пәні бойынша үйірмелерге қатысқаны абызал. Әсіресе, ауылды жерлерде пайдасы мол. Оқушылардың көшеде уақыттарын босқа өткізбеуіне зор ықпалын тигізеді. Олар үйірмеге қатысып өздерінің уақыттарын тиімді пайдалана алады.

Бұл орайда Түлкібас ауданының балалар жасөспірімдер спорт мектептері мен, жалпы ортамектерінің жұмысын айтуға болады. Түлкібас ауданының жалпы орта мектептері аудандық спорт мектептері мен тығыз байланысты жұмыс атқаруда. Ауылдық спорт кешенінің мектеп оқушыларына есігі айқара ашық. Онда спорттың бірнеше түрінен біздің жасөспірімдер мен яғни ұл-қыздарымыз шұғылдануда. Жаттығу мен шынғудың арқасында ауданымыздың оқушылары өзінің жақсы игерген спорт түрінен аудандық және облыстық спартакиядалар жарыстарынан жүлделі орындаға ие болып жатады.

09.02.2018 14:21