СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы, - дегендей әрбір өскелең жастың ішкі резервін, талантын, дарынын тәрбиелеу, еліміздің үлкен тірегі болатын жас ұрпақтың терең білімді, жан – жақты дамыған зерек болуы – заман талабы. Осыған байланысты оқушылардың шығармашылықпен айналысуына сыныптан тыс пәндік сайыстар өткізудің тигізер септігі мол.
Міне, мектебімізде жыл сайын өткізілетін, дәстүрге айналған «МИФ» екі жетілігі өткізіліп, қорытындыланды. Биылғы жылғы ерекшелікке тоқталсам, бастауыш сынып оқушыларында ортаға алып, 2 – 4 сыныптар ішінде «Тапқыр математик» сайысы өткізілді.Соның ішінде «Тапқыр математик» атағына 2 сыныптан Даурембеков Дархан, 3 сыныптан Жансұлтан Жангүлсім, 4 сыныптан Таипова Римма ие болды. Дәстүрге айналған интеллектуалды ойындар, 5 – 6 сыныптар арасында «Озық ойлы оқушы». Жеңімпаз топ: Барыс тобы, ал «Озық ойлы оқушы» - 5 сыныптан Серикбаев Базан. 7 – 9 сыныптар арасында «Математикалық карусель», атап өтсек: 1 орын: Евклид тобы (Топ басшысы: Таипов Д.), 2 орын – Аристотель тобы (Топ басшысы: Мухамедиева М.), 3 орын – Пифагор тобы (Топ басшысы: Досмаилова А. ). 10 сынып оқушыларына арналған «Алтын қақпа» интеллектуалды ойын жүргізіліп, нәтижесінде Игисинова Гульдана «МИФ үздігі», ал Таипова Рузанна «Білгір оқушы» номинацияларына ие болды. Биылғы түлектеріміз үшін, 2008 жылдан бастау алған «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалды сайысы бой алды. Осы жылы Мухамедиева Назира «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атанды. Сонымен қатар, жалпы 5 – 11 сыныптар аралығында өткізілген «Математикалық викторина» жылдам сұрақтар сайысында 9 сынып оқушысы Аушев Дидар топ жарып, жеңімпаз атанды. Математика, физика және информатика пәндерінен ашық сабақтар көрсетіліп, қабырға газеттері жарық көрді.
© 2017, Каденова Айгерим Сабиржанкызы 1379