СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
Мен "Айналайын" шағын орталығында тәрбиеші болып жұмыс жасаймын. Маған кішкентай бүлдіршіндер өте қатты ұнайды. Әр күні олардың сүйкімді жүзін көргенде еріксіз күлімсіреймін. Өйткені олар мені қуана қарсы алады. Қуанышын жасыра алмай еркелей алдыма келеді. Бір үйдің үміті, шырағы, аяулысы, ардағы, еркесі, бұзығы, қызығы. Олар өмірде әлі ештеңені білмейтін, сезбейтін жүректері ақ, ыстықты-суықты, ақ пен қараны, қараңғы мен жарықты, қатты мен жұмсақты ажырата алмайтын жайдары кездері.Солардың жүрегіне жол табуға тырысамын. Әр күнгі мінездеріне түсіністікпен қараймын. Мен олармен бірге жүрсем, балаша қуанып, мына өмірге балаша қарағым келеді.Мен бұл шағын орталыққа тәрбиеші болып келгенімде жаңа тұрмысқа шыққан кезім еді. Осы ауылдың адамдары барлығы маған бөтен болатын және өзімде аналық сезімнің ерекшелігін сезінбеген кезім еді.Осы кішкентай бүлдіршіндердің арқасында ауыл адамдарымен етене араласып оларға тез жақын болып кеттім. Кейінен өзім де араға жыл салып, ана атандым. Сол кезде өз баламды көре отырып, шағын орталық бүлдіршіндердің әр қылығын сағына еске алып жүретін едім. Сәбиім өсіп,жұмысқа қайта оралдым. Жұмысымды ма, әлде бүлдіршіндерді ме, сағынғаным өзіме ғана аян.
© 2016, Кутемгенова Гульдана Каировна 319