СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
Тілдердің үштұғырлығы
Тіл - жүректің үні ғана емес, ұлттық рухтың абыройы мен болмысы. Ал, үштілділік - нақты тұлға, ұжым, халықтың белгілі бір қоғамда қарым-қатынас үдерісінде қажет болған жағдайда үш түрлі тілді алма-кезек қолдану құбылысы.
“Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының салиқалы үндеуінен бастау алған болатын.
Осы үш тілді меңгере отырып, әлемде алғашқы қатардағы ел бола аламыз. Сонда қалай?- деген сұрақ туындауы мүмкін. Біріншіден, өз тіліміздің бай екендігін көрсете отырып, өзге тілдерді еркін меңгере алатын ұлт ретінде дәлелдейміз. Еіншіден, шет елмен тығыз қарым-қатынас орната отырып, экономикамызды жақсартамыз. Үшіншіден, «Жас болса да, бас бола алатын» мемлекет екендігімізді толығымен көрсетеміз.
Әрбір тілді меңгерген сайын біз рухани дүниемізді байытамыз. Сонымен қатар, еліміздің болашағы біздер яғни, жастар үш тілді де қатар меңгеруіміз керек. Жалпы алғанда, Тұғыр сөзі діңгек, қазық деген мағынаны білдіреді. Біздің алтын діңгегіміз, тұғырымыз – қазақ тілі, ал жан-жағынан өзге тілдер мемлекеттік тілді қолдап уық секілді қадалады. Болашақта қазақ тілін әлемге әйгілі етіп, орыс тілі арқылы ұлтаралық қатынасымыз өрби түсіп, ал, ағылшын тілі арқылы жаһандық экономикаға ойдағыдай кіріп қана қоймай, сол жаһандық экономикада Қазақстан ойып тұрып орын алатынына сенімім мол.