СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тренинг "Ата-аналардың бала тәрбиесінде сенімділік көрсету"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ата-аналардың бала тәрбиесінде сенімділік білдіруі, қолдау көрсетуі.

Мақсаты: ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы (сенімділік білдіруі, қолдауы, үміт артуы) туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу.

Қажетті нәрселер: ақ қағаздар (А4) фломастерлер, карточкалар, қызыл және көк дөңгелекшелер.

Қолданылған әдістер: дәріс, тренинг, тест.

Психолог:

Тәрбиеде ештене жоспарланбайды. Олай болса, мына дөңгелекшелерді таңдап екі топқа бөлінеміз.

Шағын дәріс.

Ата-аналар тәрбиеде шыдамдылықты талап ететіндігін мойындайды. Алайда оған арнайы білім қажеттігін жұрттың бәрі біле бермейді. Бүгінгі жиналысымызда ата-ана мен бала арасындағы психологиялық қарым-қатынасы жайлы әңгімелеп, оны жаттығулар арқылы көрсетеміз.

Бала тәрбиесінде ата-ана тарапынан қандай қасиеттер керек? Екі топтағы ата-аналар өзара келісе отырып, қасиеттер тізімін жасайды. Болған соң екі топтың ассоциациялары талқыланады.

Бала әрдайым ата-ананың аялы алақанын қажетсініп тұрады. Қиындықтар туған сәтте ата-анасының тарапынан қолдау тауып, үлкен сенім артылған бала ісі оңға басады.

Әрине, әр ата-ана баласына деген сезімін түрліше жеткізеді. Қандай жағдай болмасын. Баланың өзіне деген сенім тудырып, қолдап отыру керек. Бала бір істен қателескен жағдайда оған шыдамдылық көрсету керек. Мұндай сәтте өзге отбасыларымен салыстыруға әуестенбеу керек. Рас, кейде өзге біреудің балалары бойындағы қабілеті айрықша сияқты көрінеді. Бірақ, ол басқа бала. Сондықтан әр баланың өзінің жеке басының ерекшелігін, ешкімге ұқсамайтын кейбір қасиеттерін сезіну керек. Кейде бала бір сәтсіздіктерге ұрынады. Ата-ана қатты уайымдап, баланың еш нәрсеге икемі жоқ, қабілетсіз деген асығыс қорытындыға келеді. Осыдан баланың өзіне деген сенімі күрт жойылады, қолын қусырып, кездескен қиыншылықтарды жоюға дәрменсіз болады. Мұндай жағдайда ата-ана баласының жай ғана талпынысының өзін қолдап түсіне білуі керек. Ең бастысы, бала біздің оны қалай бағалайтынымызды және одан не күтетінімізді сезінуі және түсінуі тиіс.

Тапсырма 1.

Екі топқа ата-аналардың баламен қарым-қатынасында баланың үмітіне балта шабатын, кіңәлайтын сөздер беріледі. Осы сөздерді олардың өз күшіне сенім тудыратындай, жақсы қолдау көрсете алатындай сөздермен алмастыру керек.

  1. Сенен ешқандай жақсылық шықпайды, нөлсің.
  2. Неге сен басқа балалардай емессің?
  3. Неменеге ұсқынсыз болып кеткенсің, шашың дудыраған, үстің кір-кір.
  4. Тағы осылай істесең, менен таяқ жейтін боласың.
  5. Сенің кесіріңнен өмірі жолымыз болмады.

Ата-аналар осы сөздерді былай алмастыруына болады:

  1. «Сенің де қолын өмірде бір нәрсеге жететініне сенгім келеді. Сен өжетсің, сенің қолыңнан келеді,» - деп, үміт артуы керек.
  2. «Сенің де басқалардан өзгеше болуына құқын бар, сенің де қолыңнан келеді» - деп, сенім артуы керек.
  3. «Үстіңді ретке келтір, шашыңды тара, киіміңді ауыстыр » - деп, баланың өзін жақсы сезінуіне көмектесу керек.
  4. «Біз саған қиыншылықты жеңуге көмектесеміз, екіншілей жаман қылық жасама».
  5. «Үлкендердің өмір жолында болып жатқан ыңғайсыз жағдайларға сен кінәлі емессің. Сенің болашағың алда, үлкен ғалым боласың, жақсы дәрігер, білімді ұстаз болуды арманда » және ата-анасын сыйлау керек екенін айтып отыру керек.

Міне, осындай біз көңіл аудара бермейтін қарапайым нәрсенің өзі немесе ойланбай айтылған ұрыс сөзі де баланың жанын ауыртуы мүмкін, өмір сүру ағынын өзгертуі де ғажап емес.

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

  • Егер баланы үнемі сынап отырса,. (оның ештенеге құлқы болмайды).
  • Егер балаға үнемі күлсе,. (ол бұйығы болып кетеді).
  • Егер баланы үнемі мақтап отырса,. (ол өз қадірі үшінәрекет жасайды).
  • Егер бала төзімділікте өссе,. (ол басқаларды түсінуге тырысады).
  • Егер бала адалдықта өссе,. (ол адал болып жетеді).
  • Егер бала қауіпсіз жағдайда өссе,. (ол адамдарға сеніммен қарайды).
  • Егер бала кекшілдікте өссе,. (ол қатыгез болып өседі)
  • Егер бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе,. (ол әлемнен махаббат табуды үйренеді).

Тест «Сіз қандай ата-анасыз?»

  1. Кез келген істі тастай салып баламен айналысасыз ба?
  2. Балаңыздың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?
  3. Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателіктеріңізді мойындайсыз ба?
  4. Өзіңіздің қателігіңіз үшін кешірім сұрайсыз ба?
  5. Балаңыз жасаған ісі ашуландырған кезде өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?
  6. Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?
  7. Біт сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге бола ма?
  8. Өзіңіздің балаңыздан өткен балалық шағыңыздан өткен ескерілетін жағдайды айтасыз ба?
  9. Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?
  10. Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып, уәдеңізді орындайсыз ба?
  11. Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай, бір күн еркіндік бересіз бе?
  12. Басқа бала сіздің балаңызға дөрекідік көрсетсе, себепсіз ренжітсе, көңіл аудармайсыз ба?
  13. Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?

Жауабы:

  1. Әрқашан жасаймын, келісемін – 3 балл.
  2. Кейде ғана келісемін – 2 балл.
  3. Келіспеймін – 1 балл.

Сауалнаманы бағалау:

0-16 балл. Бала тәрбиесі – сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.

16-30 балл. Балаға қамқорлық жасау - бірінші кезектегі маңызды іс.

Сіздің бойыңызда тәрбиешілік қабілет бар, бірақ тәжірибеде әрқашан бір қалыпты бағыттағы мақсатпен әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.

30-39 балл. Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.

Қорытынды. Бүгінгі жиналыста сіздер бала тәрбиесінін онша оңай емес екенін байқап отырған боларсыздар. Тәрбиенің сан, қырлы әдіс-тәсілдері жөнінде хабардар болдыңыздыр. Бала тәрбиесінде шыдамды болып, өз балаларыңызға жылуыңызды бере біліңіздер! Сіздің өсірген балаларыңыз сіздерді ылғида қуантып, қуанышқа бөлей берсін! – дей отырып, ата-аналармен қоштасамыз.

Шығу парағы:

  1. Тренинг сізге қызықты болды ма,әлде жок па? (Неге?)

________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Тренинг барысындағы өзінің жұмысынды бағала_____________________________________________________
  2. Жүргізушіге ұсыныстарыңыз,тілектеріңіз_____________________________________________________________________________________________
Категория: Психологу
19.10.2016 07:54


Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!