СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жаңа жыл сценарии

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Қош келдің Жаңа жыл!»

1-жүргізуші: Армысыздар, бармысыздар, замандастар, бауырлар, ұлағатты ұстаздар мен шабытты шәкірттер! Сиқыр мен ғажайыптарға толы Диснейленд қалашығына қош келдіңіздер\бірге\

2-жүргізуші:Здраствуйте уважаемые гости !С новым годом,с новым счастьем!Добрый вечер всем присутствующие в этом зале.Добро пожаловать в Диснейленд.

1-жүргізуші:Бүгінгі мерекелік кеш ерекше болғалы тұр!

2-жүргізуші:Неге?

1-жүргізуші:: Өйткені мерекеге алыс –алыс жерлерден, сиқырлы ертегі әлемнен ерекше қонақтар Жаңа жылмен құттықтап келіп отыр.

Ендеше ертегі кейіпкерлерін шақырмас бұрын бүгінгі Жаңа жылдық кешімізге өз дайындықтарымен келген 9-10-11 сынып оқушыларын қошеметпен ортаға шақырамыз.

Би:9-10-11 сыныптар

2 жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Келе жатқан Тышқан жылы мерекесімен барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймыз.

1-жүргізуші: Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешімізді ашу үшін алғашқы құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Дүйсенғалиев Тұрлан Төлепбергенұлына береміз!

Келесі кезекте ән:

2-жүргізуші:В наш сказочный и загадочный Диснейленд приехали Сказочные герои со всех концов света. Мы рады приветствовать вас на Новогоднем балу. В нашем мире время идёт не так, как привыкли люди земли, поэтому не удивляйтесь маленьким чудесам праздника, а лучше порадуйтесь вместе с нами. Поприветствуем аплодисментами прибывших на этот бал наших гостей.

Музыкамен 11 сынып оқушылары шығады.

1-жүргізуші:Армысың,аманбысың, Жаңа жылым Жаңа жылым!о, менің Жаңа жырым! Тышқан жылы келгенде,сый ғып тартып Ақтарайық бименен көңіл сырын!

Би:9-10

2-жүргізуші:

Көңілде көп қуаныш, Әр көңілде - әр қылық. Кетер жылға мың алғыс, Әкелген көп жақсылық,- дей отырып келесі кезекті 9-сынып ойынына береміз

1-жүргізуші: Пора позвать тех, без кого нового года не бывает я думаю, в разных странах его знают под разными именами а общем, его Величество — Дед Мороз! И его прекрасная спутница.Снегурочка

2-жүргізуші: Поэтому все вместе дружненько позовем :Деда мороза! (проектор, и зовем под песню ) (В зал заходят Дед мороз и снегурочка)

1-жүргізуші: Мінекей, біздің көптен күткен қонақтарымыз да келеді. Олай болса, орнымыздан тұрып, қонақтарымызды қошеметпен қарсы алайық. Бәріміз бірге «Аяз ата, Ақшақар» деп оларды ортамызға шақырайық. (Аяз Ата мен Ақшақар кіреді)

Аяз ата: Амансыңдар ма, балаларым! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Дендеріңіз сау болып, сабақтарыңызды тек қана 4-пен 5-ке оқыңыздар! ҰБТ –да жоғары балдарға ие болып, алдыңғы бестіктің қатарында болуларыңызды шын жүректен тілеймін! Біз сіздердің жіберген хаттарыңызды алып, естіген бойда жолға шығып, Саға мектеп балабақшасына да келіп жеттік-ау. Ақшақар: Сәлеметсіздер ме, балалар! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Өздерің де жайнап құлпырып отырсыңдар. Аяз ата: Біз сіздерге жеткенше біраз шаршап та қалдық. Енді бізге қай төрден орын табылады екен? (Шырша жанына орналасқан арнайы үстелге отырады)

2-жүргізуші:

Қош келдіңіз Аяз Ата, Қарсы аламыз орын беріп. Ән салыңыз бізбен бірге, Би билеңіз бізге еріп. Би:Снежинки 11-сынып

1-жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар достарымыздың сіздерге арнап дайындаған өнерлерін тамашалаңыздар.«Тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші, атаулы мереке алдында бәріміз үлкен дайындық жасайтынымыз анық. Бәріміздің асыға күтетін, сүйіп қарсы алатын бірден-бір мерекеміздің көңілді де қызықты өткеніне не жетсін!

2-жүргізуші: Ендеше бүгін біз сіздердің назарларыңызға мектептегі 9-11 сыныптар арасында ұйымдастырылатын Жаңа жыл кешіне арналған пародия кезеңіне берейік.

Пародия:9-11 сыныптар

1-жүргізуші:Ал, қанеки бүгінгі кешіміз одан да әсерлі болуы үшін ортаға жиналып ойын ойнасақ қайтеді. Ендеше ортаға 10 сыныпты шақырамыз

Ойын 10-сынып

2-жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар Әсем ән мен тәтті күй, Көңілге түрлі ой салар Әнді сүйсең менше сүй, - дей келе келесі кезекті 10 сынып әніне береміз

Ән: 10-сынып

1-жүргізуші:

Ал, халайық, тұрмайық Әндетейік, жырлайық Ортамызды ашайық Ырыс тілеп бұл жылға Биден шашу шашайық! Би:9-10 сынып

Аяз ата: Жарайсыңдар, балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер.

Ақшақар:

До свиданья друзья, И до встречи через год, Пусть же нам сияют звёзды, В светлый праздник Новый год!

1-жүргізуші:

Жаңа жылға жаңа қадам басайық

Армандаған белестерден асайық

Күлімдеумен көк аспанның көгінде

Күндей болып жылы шуақ шашайық!келесі кезекті 11-сынып оқушысы Құрманғазина Ақжанаттың әніне береміз

Ән:Құрманғазина А.

2-жүргізуші:Ал, бүгінгі кешіміз одан әрі жалғастыру үшін ортаға шығып ойын ойнасақ қала қарайсыздар? Ендеше ортаға 11 сыныптыойын ойнату үшін шақырамыз

Ойын 11 сынып

2-жүргізуші: Жаңа жыл, жаңа жыл. Қалауын тап, қар үстіне қада гүл, Жаңа жыл, жаңа жыл. Сан тілектің бастамасы ғана бұл. Кел жаңа жыл, игілік боп, иба боп Жер бетіне кереметті жина көп

Келесі кезекте 11сынып оқушыларын «Сиқыршы» биімен ортаға шақырамыз.

Би: «Сиқыршы»

1-жүргізуші::В Новом 2015 Году я желаю вам: 12 месяцев без болезней, 52 недели всего хорошего, 365 дней счастья, 8760 часов успеха, 525600 минут улыбок и 31536000 секунд приятных моментов. Пусть эта зима будет самой веселой, бешеной и сааааамой счастливой! Желаю всем от всего сердца здоровья радости искренних улыбок счастливых моментов. Пусть в новом году не будет слез только если от счастья Будьте счастливы в новом году. Улыбайтесь, радуйтесь, Пусть все Ваши мечты сбываются.

2-жүргізуші: Жүздерің әрқашан жарқын, көңілдерің шат, өмірлерің думанға толы болсын. Жаңа жыл шаттығы мәңгілік тарқамасын! Осымен думанды кешімізді тәмамдап, әрі қарай би кешімізбен жалғастырайық! Құрметті қонақтар ендігі құттықтау сөзді ата – аналар атынан-сөз беріледі.

13.01.2020 09:38