СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жасөспірімдер арасындағы есірткі нашақорлығымен күресу және алдын алудың өзекті мәселелері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Нашақорлық бүгінгі таңда адамзатты алаңдататын, әлемдік деңгейге көшкен проблемалардың бірі. Құқық қорғау органдарының нашақорлық дертін алдын алуға бағытталған шараларына қарамастан, бұл дертке ұшыраған адамдардың, сондай-ақ есірткіге байланысты қылмыстардың саны жылдан жылға өсіп келеді. Біреулер есірткі таратып, байлыққа кенеліп, белшесінен батып жүр, ал қаншама отбасы бұдан бақытсыздыққа ұшырап, қаншама жан өлім құшуда. Ел ішінде нашақорлар саны жыл сайын артуда, ал біз болсақ тікелей өз отбасымызға, өз басымызға қатысты болмаған соң, көрмеген, білмеген кейіп танытамыз. Өз басымызда болмаған соң, өзгенің проблемасына жүрегімізді де, жанымыздыда ауыртқымыз келмейді. Адам баласы алдында не күтіп тұрғанын білмейді, артта ұрпақ өсіп келеді. Не істеу керек? Жастарды оның құрығынан қалай құтқарамыз? — деген сауалдар әрине адам жанын мазалайды.

Есірткіге еліктейтіндер негізінен жасөспірімдер мен жастар. Олар өлімнің не екенін терең ұғынбайтын жаста есірткіге ұрынады. Өлімнен үлкендер қорқуы мүмкін, жастар қорқпайды нашақор үшін өлім- жалған дүниемен бірдей. Менің ойымша, ең негізгісі – есірткі және психотроптық заттарға қол жетімділік. Қазіргі «Цифрлық Қазақстан» даму дәуірінде есірткі және психотроптық заттарға қол жеткізу аса қиындық тудырмайды. Сонымен қатар күн сайын әр-түрлі есірткі немесе психотроптық заттармен ұсталғандар жәйлі ақпарттар. Есірткі заттарды қолданатындардың басым көпшілігіне — мектеп жасындағы бойжеткендер мен бозбалалар жатады. Өйткені жасөспірімдер еліктегіш келеді, сондықтан бір рет есірткіні қолдансам ештеңе ете қоймас деп, қалай нашақор болғанын білмей қалады. Ал есірткінің қармағына бір іліккен адам, одан оңай құтылып кете алмайды. Нашақорлық дертіне шалдыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге түсіп өзінің денсаулығын, өмірін құртып қана қоймай, жақындарының, қоршаған адамдардың өміріне де қауіп төндіреді.

Жастар психологиясына жүргізілген зертеулер, олардың – орта іздейтіндігі, ортасы жоқ жасөспірім жапанда жалғыз қалғандай сезінетіндігі дәлелденген. Ал ортада қай бала жан-жақты пысық, соңынан өзгелерді ерте алатындай қаблеті болса, соған ұқсағысы келіп ұмтылады. Ол жақсы бала ма, жаман бала ма есеп беріп жатпайды, әйтеуір айналасындағылардың түрткісін оятады, ол түрткі немен аяқталады, ол баланың табиғатына байланысты болады. Бүгінгі күні баланы қызықтыратын орта аз, қала баласы түнгі клуб, би алаңдарын айландырса, ауыл баласы көше тоздырып, арақ-шарап ішуге әуес. Нашақорлар неге көбейіп кетті дейсіз? Оның себебі бала тәрбиесіне көп көңіл бөлінбеуінде. Жасыратыны жоқ, көптеген ата-ана баласымен тек қана материалдық тұрғыда ғана әңгімелесумен шектеледі, қарның тоқ па, көйлегің көк пе дегендей. Баламен әңгімелесуге, оны не толғандырып жүргенін, оның ортасы қандай, достары кім екенін білуге, жас өспірімнің бос уақытын қайда, қалай, кіммен өткізетіндігін білуге, сырласуға уақыт таппаймыз. Соңғы статистикалық мәліметтерге жүгінсек жасөспірімдер арасындағы қылмыстың жоғары пайызы әлеуметтік жағынан жақсы қамтылған отбасыларынан шығатыны белгілі. Көбнесе ауқатты отбасының балалары қарны тоқтықтан, істейтін іс жоқ болғандықтан нашақорлыққа, есірткі сатушыларға қосылғанын байқамайды да.

Осы орайда «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын» деген Ұлы Абайдың орынды тауып айтқан өлең шумағы есіңізге түседі. Жас кезінде адам қызыққыш келетіндіктен қызық көріп, біреулері есірткі дәмін татып көруден бастап, ал екінші біреулері, біреулердің мәжбүрлеуімен нашақор болып кеткендер бар. Есірткіні таратушылар қызық көріп жүрген жастарды, «Инемен салмасаң болды» нашақор емессің, ал біз иіскейміз, одан нашақор болмаймыз деп алдауы да мүмкін. Есірткіні алғаш қолданып жатқан адам өзінің қылмыскерге айналып бара жатқанын ешқашан ойламайды. Ал шындығында, жас организм есірткінің дәмін бір рет татқан соң тәуелді болып шыға келеді.Біз бала тәрбиесін оқу орнына қарай ысырып қойғанбыз, содан кейін сол оқутышыларды кінәлаймыз. Бұл үлкен қателік екендігін, қайта біз оқу орнының және оқытушының беделін, мәртебесін көтеруге ықпал етуіміз керек. Біз бала тәрбиесін уыстан шағарып алдық. Өз ара ұғыну психологиясы ескерілуден қалып бара жатқандығын, от басында ата-ана мен бала бір-біріне суық, рухани адамгершілік тұрғысында отбасында дағдарыс қалыптасты. Бірақ бұл дағдарысты көпшілік сезіне бермейді, өйткені әркім өз кемшілігін өзі көре алмайды, түзей алмайды. Отбасындағы келеңсіз жағдайлар, әлеуметтік жағдайдың төмендігі, қоғамдық деңгейге дейін шықты, осыдан келіп проблемаларын жеке шеше алмағандықтан, өз арамызда нашақорлар мен араққұмарлар саны арта түсті. Біз баланы жастан деген аталы сөзді ұмытып «бала ертең-ақ өседі, ненің жақсы, ненің жаман екенін өсе келе өзі де біліп алады» деп бала тәрбиесінен кеш қалғанымызды кеш ұғынып жатамыз.

Категория: Всем учителям
24.02.2023 12:13


Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!