СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
СШ Бирлик
Мен Қаиргали Дария Қаиргалиқызы 1982жылы қыркүйектің сегізі күні Ақкөл ауылында дүниеге келдім. 1989ж. Талғар қаласынның интернатына 1-сыныпқа қабылдандым. Талғарда 2жыл оқып, 3-сыныпты Қазанның 50 жылдығы атындағы орта мектебінде жалғастырдым. 1999ж. Бірлік орта мектебінде 11-сыныпты аяқтадым. Сол жылы Есік педагогикалық колледжіне оқуға түстім. 2002ж. «Бастауыш сынып» мұғалімі мамандығына ие болдым. 2002ж. 1-қыркүйегінде Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бірлік ауылынның Бірлік орта мектебінің «Бастауыш сынып» мұғалімі болып жұмысқа қабылдандым. 2005ж. Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетіне оқуға тапсырып, 2009ж. информатика БАКАЛАВРЫ ЖБ №0173308 мамандық иесі болдым. 2012ж.2-сәуір №34 бұйрықпен екінші санаты берілді. Казіргі таңда осы мектепте информатик пәнінің мұғалімі болып еңбек етемін.
Менің жетістіктерім:
Марапаттар: 2011ж. IV «Алтын диск» байқауында қатысып, ІІІ орынға ие болды. 2012 жылдары аудандық пән олимпиадасында І орынды Дархан Ғ., Бейсенбек Б. ІІ орынды иеленді. 2013ж. аудандық пән олимпиадасында оқушысы Торғайбай А. І орын, Ратбек Т. Қанатбек А. ІІІ орынға ие болды. 2014ж. Облыстық информатика пән олимпиадасында Торғайбай А. ІІІ орынымен мараппаталды. 2014ж. «Ең үздік информатика кабинет- 2014» байқауында І орынды иеленді. «Үздік педагог-2015» ІІІ орын, мектепішілік байқаулардан «Екі жұлдыз» ән байқауынан І орын. «Салауатты Қазақсатан» спорттық жарысында ІІ орын «Өнерлі мұғалім-2014» «Қазақстан ұстазы -2015 энциклопедиясына» жарияланды. т.б.
Газет баспаларына: 2011ж. «Нұрлы өлке» газетіне «Бақытты сәт», «Компьютерді озық меңгеру» 2012 жылдың сәуір айында «Халық педагогика – тәрбие көзі», 2014ж 29.05.№61-62 нөмірімен «Жаңашылдық жолы» деген мақалалар «Жетісу» газетіне шықты. Балқаш аудандық саяси газетке 2013ж. 20.04 күндері «Елдің ертеңгі жетістігі – білім мен ғылымда», «Жаздың естен кетпес 10 күні-ай» деген тақырыптарымен жазылып жарияланды. 2014ж республикалық әдістемелік газеті «Мұғалім мінберіне» «Paint графикалық редакторында сурет салу» тақырыбында жарияланды.
Кітап беттеріне: «Сабақ педагогикалық шығармашылық» Алматы баспасына, «Microsoft Power point бағдарламасының мүмкіндіктері» үлгілі сабақ, «Өркениеттің өзегі-білім жолында» баспасына, «Тәуелсіз елім менің – бейбітшілікті жерім менің» тәрбие сағаты, «Білім беру үдерісіндегі ақпараттық коммуникациялық технологиялар» оқулығына, «Дыбыстық ақпаратты кескіндеу» үлгілі сабақ, «Оқу-тәрбие үдерісін жетілдірудегі мұғалім ізденісінің ролі» кітабына «Point графикалық редакторы» деген үлгілі сабақтары жарияланды.