СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

1-сынып. Ашы? саба? жоспары: Жыл?ы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы : «Жыл?ы» Саба?ты? ма?саты: Білімділігі:Жыл?ы туралы о?ушыларды? т?сінігін ке?ейтіп, «жеті» ?азынаны? біріне ба?ала?анын т?сіндіру. К?рнекілік ар?ылы о?ушылар?а жыл?ыны? ерекше ?асиеттерін таныстыру. Дамытушылы?ы: О?ушылар?а м?тінді на?ышына келтіріп о?ыту, мазм?нын о?ытып айтып беру да?дыларын жетілдіру. Т?рбиелігі : «Жыл?ы» деген ?асиетті жануарларды с?юге т?рбиелеу

К?рнекілігі: Т?рт т?лікті?  т?рлі-т?сті суреттері,слайд.

 Саба?ты?  ?дісі: С?ра? – жауап,т?сіндіру, топты? ж?мыс.

Саба?ты? т?рі: жарыс саба? Саба?ты? барысы:

  1. ?йымдастыру.

?й тапсырмасын тексеру. 3. Жа?а саба?. 4. С?ра? – жауап. 5. ?йге тапсырма беру. 6.Саба?ты? ж?рісі:   

Просмотр содержимого документа
«1-сынып. Ашы? саба? жоспары: Жыл?ы»

Дуйсенова Жанна Жайлаубековна

Күні :29.01.2016 ж

Пәні:

Сыныбы: 1 Д

Сабақтың тақырыбы : «Жылқы»
Сабақтың мақсаты: Білімділігі:Жылқы туралы оқушылардың түсінігін кеңейтіп, «жеті» қазынаның біріне бағалағанын түсіндіру. Көрнекілік арқылы оқушыларға жылқының ерекше қасиеттерін таныстыру.
Дамытушылығы: Оқушыларға мәтінді нақышына келтіріп оқыту, мазмұнын оқытып айтып беру дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелігі : «Жылқы» деген қасиетті жануарларды сүюге тәрбиелеу

Көрнекілігі: Төрт түліктің түрлі-түсті суреттері,слайд.

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап,түсіндіру, топтық жұмыс.

Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру.

  2. Үй тапсырмасын тексеру.
    3. Жаңа сабақ.
    4. Сұрақ – жауап.
    5. Үйге тапсырма беру.
    6.Сабақтың жүрісі: 
    І. Ұйымдастыру. – Қандай сабақ?

Кім кезекші?

Аптаның қай күні?

-Балалар бүгінгі сабаққа деген көңіл-күйлерің қандай?

-Бүгін біздің сабаққа қонақтар келіп отыр.

-Сендердің білімдеріңді тексерейін деп келіпті.

Психологиялық дайындық.

Үлкенге де «сіз»

Кішіге де «сіз»

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз.

1,2,3

Біздің сынып тып-тыныш

Жалқаулықты тастаймыз,

Біз сабақты бастаймыз-дей отырып, ана тілі сабағымызды бастаймыз.

- Адамдардың өмірі ежелден-ақ төрт-түлік малмен тығыз байланыста болған.Қазақ халқының күн көрісі, кәсібі, төрт түлік мал болған.

Біздің бүгінгі сабағымыз жарыс түрінде өтеді. 2 ауылға бөлініп білімізді сайысқа салайық.Қазір әр ауыл өздеріне ат таңдап алады.

  1. «Кім тапқыр» ойыны.

  2. «Кімнің ойы ұшқыр»

  3. Ой толғау: Нені білуіміз керек?

  4. «Кім шапшаң» ойыны.

Сендердің әр жауаптарыңды 5,4 бағалармен бағалап отырамын.

Мен жұмбақ айтамын. Сендер сол жұмбақтың шешімін айтыңдар.

1.Үстінде екі тауы бар,

Кезекті бір жануар. (түйе)

Түйенің атасы-«Ойсылқара» ауылы.

2.Екі айнасы бар

Сыртылдаған иұяғы бар

Бір желпеуіш сияғы бар.(сиыр)

Сиырдың атасы-«Зеңгібаба»

Әр ауылдың сәйгүліктері жарысқа түседі. Жарыс 4 айналымнан тұрады. Әр дұрыс жауап берілгендей тұлпарлар алға жылжып отырады.

1-топ « Ойсылқара»

Ұраны:Түйенің түйгені

Ірі менің сүйгенім

Ойсыл қара түйемін

Ежелден -ақ көп білген.

Түйе туралы не білеміз?

Түйе-төрт түлікке жатады. Түйенің еті, жүні пайдалы. Түйе шөлге өте шыдамды. Төлі-бота. Оны «көс-көс»деп шақырады. Сүтінен шұбат жасалады.Оның сүтінің емдік қасиеті бар.

2-топ Зеңгібаба

Ұраны: Ел аузынан түспеген,

«Зеңгі баба -құт» деген.

Балалар тез өссін деп

Шелек-шелек сүт берем.

Сиыр туралы не білеміз?

Сиыр –төрт түлікке жатады. Еті тамақ. Сүтінен айран, құрт, ірімшік,май алынады. Сиыр төлі-бұзау.
«Кім тапқыр?»ойыны. Балалар тақтадағы сұрақтарға жауап берейік.

Сұрақтарға жауап берсек бүгінгі сабағымыздың тақырыбы ашылады.

-Түйенің пірін ата.

-Ойсылқара

-Түйенің төлін не деп атаймыз?

-Бота

-Түйе немен қоректенеді?

-Өсімдікпен

-Түйенің түрлерін ата?

-Бір өркешті түйе, нар өркешті, айыр түйе.

-Түйенің сүтін не деп атаймыз?

-Шұбат

-Қандай ауруларға пайдаланымыз?

-Қан толтырады, өкпе асқазан ауруларына емдік дәрі ретінді пайдаланамыз.

«Кімнің ойы ұшқыр»Нені біліп шығу керек?

-Балалар жылқы жайлы не білеміз?

-Жылқы неден өседі?

Жылқының жасына қарай атаулары:құлын,жабағы,тай,құнан,дөнен,бесті,ат.

Қылынан жасалатын бұйымдар:арқан,жіп,тұсау

Терісінен жасалатын бұйымдар: жүген,айыл,қамшы

-Жылқының пірі не деп атаймыз?

-Жылқының сүті не деп аталады? (қымыз)

-Қымыз ішетін ыдыс? (торсық)

-Жылқының төлін ата.(құлын)

-Жылқыны кім бағады? (жылқышы)

-Қымыз ішетін ыдыс? (торсық)

-Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білеміз?

-Көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу, бәйге.

Жылқыны не үшін пайдаланамыз?

Жаңа сабақ. –Бүгінгі сабақта қазақ халқының жанына жақын саналатын қасиетті түлігі –жылқымен толық танысамыз.

Ой толғау: Нені білуіміз керек?

Бүгінгі тақырбымыз үй жануарының бірі –Жылқы. Қазақ алфавиті.

Слайд Бейнекөрсетілім көруге ұсынамын: Жылқы туралы мағлұмат береді. -Жылқы деген жануар. Жылқы ірі, өте әдемі жануар, жеті қазынаның бірі. Жылқыға мінеді, оны арба мен шанаға жегеді. Бүгінгідей машина жоқ кезде айшылық алыс жерлерге ат мінген. Тұтқиылдан жау шапса, бір-бір атқа мініп, дұшпанына тойтарыс берген. Семіздерін қысты соғымға сояды, терісін сатып, ақша қылады. Жылқы өзін күткен адамдарға тез үйренеді.

ЖЫЛҚЫ ЕТІ – жүрек, қан тамырлары ауларына, бүйрек жұмысын жақсартуға, буындардың қалтылдауына қарсы қолданылады.
1. Жылқы еті жуылған суға шашты жуып тұрса, теміреткінің салдарынан болатын шаштың ағаруы тоқтайды.
2. Жылқының жүрегін қуырып жесе, ұмытшақтық бәсеңдейді.
3. Қиюластырылмаған сүйектерді, орнына дұрыс түспеген буындарды түзетуге жылқы майын қолданады.
4. Аттың терісін жыланның аузына тамызса, тіл тартпай өледі екен.
5. Жылқы етін боршалап кептірген соң, отқа күйдіреді. Оны қақтап жесе, іштің өтуі тоқтайды.
6. Жылқы сүйегін күйдіріп, талқандап, сірке суына араластырып, таз немесе денедегі жараларға жақса ем болады.
ҚЫМЫЗ – денеге қуат бітіреді, ас қорытуға көмектеседі, жүйкені тыныштандырады, ұйқыны түзейді. Әсіресе өкпе туберкулезіне бірден бір ем.

Адамның азамат қатарына қосылуын «ат жалын тартып мінді», жас бала алғаш атқа отырғанда «тоқым қағар» деп атайды.Біреудің алдында кінәлі болса  «ат-шапан айып төлеу»,біреумен жауласқанда «ат құйрығын кесіскен» деген байланыстырып отырған.

Жылқының жасына қарай атаулары:құлын,жабағы,тай,құнан,дөнен,бесті,ат.

Қылынан жасалатын бұйымдар:арқан,жіп,тұсау.

 Терісінен жасалатын бұйымдар: жүген,айыл,қамшы

Оқулықпен жұмыс.

1.Жылқыны мәнерлеп оқытамын.

2. Іштей оқу.
3.Тізбектей оқу.
4.«Сұқ саусақ» стратегиясы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау барысында «Ер қанаты – ат» деген мақал өткен заманда жаудан елін қорғаған батырлардың қасында аты да болған.
Тайбурыл – Қобыланды
Байшұбар – Алпамыс
Қарақасқа – Қамбар
Құлагер – Ақан

Бейнеролик арқылы алфавитті түсіндіру.

Алфавит дегеніміз-бірінен кейін бірі ретімен орналасқан әріптердің жиынтығын алфавит деп атаймыз.

Балалар қазақ альфавитінде қырық екі әріп бар.

Оның 15 дауысты дыбыстар, 26 дауыссыз дыбыстар.

Дәптермен жұмыс.

23-жаттығу. Кісі аттарын алфавит ретімен көшіріп жазыңдар.

Асылтай, Әлия, Болат,Гүлнар, Ғалия, Дәулет,Еркебұлан, Қайрат, Ораз, Сәуле.

Сергіту сәті. «Қара жорға»

25-жаттығу. Сөздерді оқып, алфавит ретімен жазыңдар. Атты салт мінсек қандай ат құралдарын пайдаланамыз?

Ауыздық, жүген, қамшы, құрық, тізгін, таға, үзеңгі.

1-топ «Ойсылқара»
Мақал-мәтелдер.

1.Ат – адамның арқауы.
2.Аттың көркі – құйрық, жалы, құлағы
Таудың көркі – тасы мен бұлағы.

3.Жылқы малдың патшасы, түйе малдың қасқасы.

4.Өріске мал жарасады, атқа жал жарасады.

5.Аттың қадірін жоқ білмес,ас қадірін тоқ білмес.

2-топ «Зеңгібаба»
Тыйым сөздер.
1.Қой қоздап жатқанда малды сатпайды,біреуге сыйламайды.Малдың құты қашады.
2.Малдың сүйегін аяққа баспайды, жерге көміп тастайды.
3. Мал сатқанда оны ноқтасымен, не бас жібімен бермейді, малдың басы кемиді.

4.Түнде мал санамайды,және ешкімге мал бермейді. Малдың берекесі кетеді..

5.Мал төлдеп жатқанда, ешкімге мал бермейді, сатпайды және айырбастамайды.

6.Малдың жанында отырып,тізеге салып ағаш сындыруға болмайды, малдың аяғы сынады.Оны отын жаратын балтамен немесе аяқпен басып сындыру керек.

7. Малды сауарда зекімейді-сүт кетеді.

Қорытынды: «Кім шапшаң» ойыны. Екі топқа топтастыру әдісі.

Жылқы туралы не білеміз соны жазамыз.



Еті, сүті көлік

жорға жүйрік



Суреттермен жұмыс. Мына суреттердің ішінен төрт түлік малды тауып жапсырамыз.

Ой қорыту: Нені білдік?

Жылқы – ер қанаты. Ол суыққа төзімді, аса сезімтал, талғампаз жануар. Жылқы – тақ тұяқты. Жылқыда өт жоқ, сондықтан ол күйіс қайырмайды. Жылқының жүйрігі, жорғасы, аяқшылы, желгіші, жүк тартқышы болады.
Кендебайдың Керқұласы, Қобыландының Тайбурылы, Алпамыстың Байшұбары, Қамбардың Қарақасқасы, Ақанның Құлагері нағыз тұлпарлар болған.