17 қараша – Студенттер күніне сценарий
Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді халайық!
Сәлем сөздің сыр айнасын ашайық.
Қуанышты шаттықпенен жүздесіп,
Баршаңызға мол қуаныш сыйлайық.
Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар!
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен студенттер! Бүгінгі 17-қараша «Студенттер күні» мерекесі құтты болсын! Студенттер күніне арналған «Кешегі студент, бүгінгі жас маман!» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Білім – біздің басты қазынамыз. Халық ақыны Нұрпейіс Байғанин «Білімнен қымбат нәрсе жоқ, көңілде жатса баспай тот» деген екен. Білімді адам ғана болашаққа батыл қадам баспақ. Біздің жастарымыз алған білімін ақылмен, өнегемен, тән мен жанның сұлулығымен, парасаттылықпен ұштастырса, нұр үстіне нұр жауар. Оқу-білім үздіксіз еңбектің арқасында ғана жақсы нәтижеге, жоғары жетістіктерге жеткізеді. Студент жастарымыздың жан-жақты, саналы, терең білімді, бәсекеге қабілетті болуы – қоғам сұранысы.
Жүргізуші: Өнерпаздар жарысып сансаналы,
Жиын десе, той десе жан салады.
Кешіміздің ашылу құрметіне,
Әуелеген әсем ән жолданады.
Ән:
Жүргізуші: - Айтулы студенттер мерекесінің тарихын біреу білсе, біреу білмес. Мереке тарихын біліп жүргеніміз артық болмас.
1946 жылы 17 –қарашада Дүниежүзілік студенттер конгресі өтті. Прага қаласында ұйымдастырылған шара патриот студенттерге арналған еді. Чехтардан бастау алған айтулы күнді ойын-тойсыз, көңілді кешсіз өткізбейміз. Бірақ тарихы қанды оқиғамен байланысты. 1939 жылы 28-қазанда Чехословакияны фашисттер басып алған болатын. Сол кезде Чехословакия мемлекетіндегі білім күнінің бір мерекесін атап өтпекке прагалық студенттер мен олардың оқытушылары шеруге шығады. Басқыншылар шеруді таратады, сөйтіп атысты бастайды. Медицина факультетінің студенті Ян Оплетал да сол кезде қаза тапқан. Ян Оплеталдың қазасынан кейін 15-қарашада студенттер қайта көтеріледі. Сол кензде ондаған шерушілер тұтқынға түседі. 17-қарашада гестапошылар мен эсэсшылар таңертең жатахананы қоршап алады. 1200-ден астам студентті тұтқындап, Заксенхаузен концлагеріне қамаған. Студенттер қозғалысының белсенділері мен тоғыз студентті Рузина ауданындағы түрмеде дарға асқан. Гитлердің бұйрығымен чехиялық жоғары оқу орындары соғыс біткенше жабылды.
Жүргізуші: Көңілін күн өтсе де, кірлетпеген
Мақтауға мадақтауға тіл жетпеген
Сіздер үшін аянбай еңбек еткен,
Басшымызға сөз береміз, құрметпенен.
Аса қадірлі де, құрметті колледжіміздің директоры _________________________________________ сөз береміз!
Жүргізуші: Ұстаз тұлға нұр тұнып келбетіне
Сыйлы болған бүкіл ел жер бетіне
Аянбастан білімнің нәрін берген
Шәкірттердің алаңдап ертеңіне.
Келесі сөз кезегін колледжіміздің директорының оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ______________________________________________ құттықтау сөз кезегін береміз.
Жүргізуші: Дәстүрлі сынақ кітапшасын тапсыру _______________________ қабылдау _________________________тапсырылады.
Жүргізуші: Бүгінгі мерекеміз бұрынғы мерекелерге қарағанда ерекше. Өйткені бүгінгі мерекеде колледжіміздің студенттері мен жас мамандары топтасып өнер көрсетеді. Олай болса бүгінгі кешімізде өнер көрсететін топтарды ортаға шақырсақ:
____________________________
____________________________
____________________________
Ендеше бүгінгі сайысымыздың бөлімдерімен таныс болыңыздар:
Таныстыру:
Топ аты
Ұраны
Ән
Би
Жайдарман
Сахналық көрініс
Үйге тапсырма: «Колледждің өткені, бүгіні, болашағы»
Жүргізуші: Қайда менің студенттік күндерім,
Жалындаған жастық шағым, күн керім.
Дауылдатып, думандатып жүретін,
Бақытты сәт, шалқып шығар күндерім.
Қайда сол бір асыл жанды достарым?
Аңқылдаған жарқылдаған от жалын.
Сұңқар жігіт, аққу қыздар қайдасың?
Еске аламыз жүрегімде от жанып – дей келе мұғалімдеріміздің студенттік кездеріне бір оралатын сәт туып отыр. Ендеше жас мұғалімдерге сәттілік!
Жүргізуші: Енді әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
Әділ қазылар алқасы:
1.
2.
3.
Жүргізуші: Сайыскерлер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға
Қорықпастан ортамызға келіп жетті
Әдеппен, ізетпенен танысуға - дей отырып сайысымыздың таныстыру - кезеңін бастаймыз. (Әр топ өздерін таныстырады)
1.____________________________
2.____________________________
3.____________________________
Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй, - деп Абай атамыз айтқандай келесі сайысымыз әсем әнге береміз.
____________________________
____________________________
____________________________
Жүргізуші: Келесі би сайысына кезек берейік
____________________________
____________________________
____________________________
Жүргізуші: Бүгінгі күн жақсы хабарларға,
Жағымды жаңалықтарға,
Күтпеген қызықтарға,
Қысқа қалжың, ұзақ күлкіге,
Жағымды сөздерге толы болсын, - дей отырып, құрметті жиналған қауым, бүгінгі кеште сіздердің көңілдеріңізден шықсақ деп, сіздерге күлкі сыйласақ деп келіп отырған командаларды бір бірлеп ортаға шақырсақ, келесі бөлім Жайдарман:
____________________________
____________________________
____________________________
Жүргізуші: Келесі сайыс – «Көрініс сайысы» деп аталады. Командалар бүгінгі тақырыпқа сай көрініс көрсетуі керек. Бірге тамашалайық!
____________________________
____________________________
____________________________
Жүргізуші: Қазір соңғы сайыс – «Үй тапсырмасы». Командалар «Колледждің өткені, бүгіні, болашағы» атты тақырыпта өнерлерін көрсетеді.
____________________________
____________________________
____________________________
Жүргізуші: Құрметті қонақтар «Студенттер күні» мерекесіне орай өткізілген «Кешегі студент, бүгінгі жас маман!» атты сайыс өз мәресіне жетті. Сөз кезегі әділ-қазылар алқасына беріледі.
Әділ-қазылардың шешімі бойынша командалға орын бере отырып, марапатталады.