Просмотр содержимого документа
«1916 жылғы Ұлт азаттық қозғалыс»
1916 ж. Ұлт-азаттық қозғалыс уақытында қазақ зиялыларының саяси бейнесі айқын көрінді. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. маусымдың 25 армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды.Бұл қатарда Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышпаев, М.Шоқай, С.Торайғыров және Халел, Жақанша Досмұхамедовтер секілді елін сүйген азаматтар болды. Қазақ қоғамында патша жарлығы мен көтеріліске деген көзқарас бір мәнді болған жоқ: бай-феодалдардың бір бөлігі, жергілікті әкімшіліктің кейбір шенеуніктері патша жарлығын қолдап, оны орындауға шақырды. Қазақ интеллигенциясының кейбірі (Бокин, Ниязбеков, Жүнісов) жарлыққа қарсы шығып, оны орындауға қарсыластық көрсетуге шақырса, «Қазақ» гәзеті төңірегіндегі зиялылар (Ә. Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, М. Дулатов және т.б.) күші басым үкіметке қарсы шығудың халықты қырғынға ұшыратарын ескертіп, сабыр сақтауға шақырды. Қазақ жастарын майданға тыл жұмысына алу жөніндегі патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығы халықтың шыдамын тауысып, олардың отарлау езгісі мен орта ғасырлық қанауға қарсы көтерліуіне себеп болды. Жарлық бойынша Түркістан мен Дала өлкесінен майданға окоп қазуға 400 мың, соның ішінде Қазақстанның далалық облыстарынан – 100 мыңнан астам, Жетісудан 87 мың адам жіберу көзделді. Ал көтеріліс басылып, қазақ жігіттері майдандарға окоп қазуға жіберіле бастаған кезде, оларға бас – көз болып, кейін аман – есен оларды ауылға жеткізу қажет болған жағдайда Әлихан Бөкейхановтың өзі бастаған қазақ зиялылары (оқытушылар, заңгер т.б. ) серіктерімен бірге майданға (реквизициаланғандармен) аттанды. Бұны нағыз патриотизм деп түсіну керек. Өйтпегенде сауатсыз, орыс тілін түсінбейтін көптеген қазақ жігітерінің елге оралуыекі талай еді. Көтерілістің тарихи маңызы
1. Қазақ халкының революциялық таптық санасы өсті.
2. Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын ұғынды.
3. Қозғалыс барасында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылды.
4. Ресей империясындағы азаттық күрестің шырқау шыңы болды.
5. Қазақ халқы өзін отарлау саясатына қарсы күресе алатын күш екенін көрсетті.
6. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс империяға қарсы көтерілістердің ішіндегі ең ірісі болды. 7.Көтеріліс революцияға алғышарт қалыптастырды.
8.Көтеріліске қатысқан қазақ жастары орыс тілін , соғыс өнерін үйренді
9.Мыңдаған көтерілісшілер қарулы күрес мектебінен өтті.
Қазақстанда 1916ж. Ұлт-азаттық қозғалыстың басталуы
1916 жылғы 25 маусымдағы патша Жарлығына қазақтың либерал- демократиялық зиялы қауымының (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дұлатов) көзқарасы: парасатты ымыраластық
(*қозғалысты жақтамады)
*Отаршыл империямен парасатты ымыраластық тәсілін жүргізу, жүргізуді, халықтың амандығын және оның этностық тұтастығын сақтау идеясын бірінші орында ұстады.
*Олар: «қарусыз халық үкіметтің жазалау шараларының құрбаны болады» деп қауіптенді. 2.1916 жылғы 25 маусымдағы жарлықты «қанқұйлы» деп жариялаған: М.Дұлатов.
1916 жылғы қазандағы Үндеу хатында «Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар», - деп жазды: Байтұрсынов, Бөкейханов, Дулатов.
«Қазақ» газетінде басылған «Тағы соғыс» мақаласының авторы: Ә.Бөкейханов.
* Ол: «Бұл соғыстан жалпы жұртқа пайда жоқ. Нарлар алысар, ал шаруасын бұзып, қанын төгетін- сорлы халық болар. Жиырмасыншы ғасырда Еуропа патшалықтарының қылған ісі кімнің алдында ақталмақ?»- деп жазды. «Қазақ-қырғыз осы көтерілісте көп адамын өлтіріп, шаруасын күйзелтсе де, келешекке қандай ел екенін білдірді»- деп 1916ж. оқиғалар туралы жазған- Ә.Бөкейханов
1913 жылдың өзінде «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды»,-деп жазған: А.Байтұрсынов. «Қазақ секілді іргелі жұрт өзгелер қатарында соғыс майданында қару-жарақ асынып, мемлекетті қорғауға лайық еді, қатарда жоқ қара жұмысқа байлануын кемшілік санаймыз»- деп жазған- А.Байтұрсынов
1916ж. 25 маусым патша жарлығына байланысты «Жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айрылды»- деп жазған- М.Дулатұлы.
1916ж «Бірі барса, алынған жігіттер қазаға, бейнетке аз ұшырайды, екіншісі бармай қарсылық қылса, елге зор бүліншілік келеді» деген үндеу авторлары-А.Байтұрсынов,М.Дулатов,Ә.Бөкейханов
Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынов кез келген қарсылықтан орсан зор адам шығындарына әкеп соғатынын түсініп, қазақ халқына үндеу жариялады: 11 тамызда.
Т.Рысқұлов,С.Сейфуллин, Ә Майкөтов сияқты халықтың төменгі тобынан шыққан зиялылар 1916ж ұлт азаттық көтеріліс туралы қандай көзқараста болды – Көтерілісті толық қолдады
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде және жазалау нәтижесінде Қазақстан жеріндегі қазақтардың саны кеміді: Жарты миллионға жуық.
1916 жылғы көтеріліс барысында Жетісуда көтеріліс жасаған ауылдардың Қытайға ауып кетуге мәжбүр болған халық саны: 238 мың.
1916ж. Торғайдағы көтеріліс кезінде Патша үкіметінің жазалаған адамдар саны- 3 мыңға жуық
1916ж. 25 маусымдағы патша жарлығы бойынша Түркістан мен Дала өлкесінен қара жұмысқа алынуға тиіс адам саны- 500 мың
1916ж көтерілісшілер сот алқасын құрды, ол қалай аталды : Жасақшы
1916ж Торғайдағы көтеріліс кезінде патша үкіметі жазалаған адамдар саны-3000
Қазақстан ауылдарынан тыл жұмысына күшімен қанша ер- азамат тыл жұмыстарын аттаныдырылды: 150 мың
1917 жылы 1 ақпанында генерал- губернатор Куропаткин бекіткен сот үкімдерімен Түркістан өлкесінде өлім жазасына кесілді: 347 адам.
Көтерілісшілер жағында шайқасқан кәсіпкер қызы: София Вербицкая
Ә.Бөкейхановтың пікірлес серіктері- А.Байтұрсынов, М.Дулатұлы, Ә.Ермеков, Ж.Досмұхамедов, Х.Досмұхамедов,Ж.Ақбай
1916ж көтерілісшілер жойған басқару жүйесі: Болыстық
1916 жылы 23 тамызда қара жұмыстан босатылатындар туралы құпия бұйрық шығарған генерал-губернатор:А.Куропаткин. 1916ж 23тамызда Курапаткиннің құпия бұйрығы`мен қара жұмыстан босатылғандар –1)Төменгі полициялық шенділер, 2)имам-молдалар,3)есепшілер, 4)үкімет мекемелеріндегі жоғары лауазымды бұратаналар, 5)дворян атағын алған бұратаналар, 6)болыстық, ауылдық басқарма лауазымды тұлғалар