СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

5 сынып кмж адебиет

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«5 сынып кмж адебиет»



Пәні: қазақ әдебиеті Мектебі: «№45 бейімделген орта мектебі»

Сабақтың бөлімі: Адамгершілік - асыл қасиет

Сабақтың тақырыбы: М.Қабанбай «Бауыр» әңгімесі

Күні:19.04.2019 ж

Мұғалім: Қабылбек Ж.С.

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)


5.1.2.1. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау

5.1.1.1- әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау;

5.2.2.1- эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Әңгімені түсініп оқиды;

- Тақырыбы мен идеясын анықтайды

Оқушылардың басым бөлігі

Қазіргі өмірмен байланыстыра алады;

- Топтық жұмысқа белсенді қатысады

Кейбір оқушылар:

Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтайды

Тілдік мақсат

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Географ, повесть

Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Бауыр, жетім үй, аға-іні

Талқылауға арналған сұрақтар:

Әңгіме оқиғасы қай кезеңді қамтиды?

2. Манапкім? Олқайдакелді? Қандаймақсатпен?

3. Директор Манаптықалайқарсыалды?

4. Балаларүйі, оныңболашағытуралы директор қандайәңгімеайтты?

5. Қаликім? Оныңпортреттіксипаттамасықандай?

6. Қали мен Манаптыңкездесуіқандайжағдайдаөтті?

7. МанапҚалиғақандайсыйлықәкелді? Қалисыйлықтықалайқабылдады?

8. Қалидыңарманықандай?

Бағалау критерилері:



Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттайды

Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтайды


Құндылықтарды дарыту

Құрметтеу:оқушылардыңтоптықжәнеөзбетіменжұмысжасаудағдыларынжетілдіреотырып, бір-бірінеқұрметпенқарауғашақыру;

Т әрбие:Отбасы мүшелерін құрметтеу, бауырдың орнын білу, отбасы қадірін түсіну, бауырмалдылық қасиетін дәріптеу

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі, өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Бейнежазба, слайдтар

Бастапқы білім : .«Менің атым Қожа» хикаяты. Бүгінгінің Қожасы

Жоспар

Жоспарланғануақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

Кіріспе

10 мин


Ұйымдастырушылық кезең

Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Шаттық шеңбері. Оқушылар шеңберге тұрып бір-бірінежақсы тілектер айтып, көңіл-күйлерін көтеруге әрекет етеді.

Топқа бөлу. Оқушылар тақырыпқа қатысты мақал-мәтелдер арқылы топқа бөлінеді.1-топ.Ағайының бай болса,
Асағаның май болар.
2-топ. Алыстағы ағайыннан,
Алдыңдағы көрші артық.
3-топ.Ағайын бірде араз, бірде тату.4-топ. Атың жақсы болса — қанатың,
Ағайын жақсы болса — санатың
.

Үй тапсырманы сұрау «Кім жүйрік?»

  1. Неліктен Қожа атын өзгеркісі келді?

  2. Не себепті Қожа «өмірде әділетсіздіктер толып жатыр» дейді?

  3. Неліктен сыныпта оны «Қара Қожа» деп атайды?

  4. Әжесі неге «тәмпіш қара» дейді?

  5. Әубәкір шал неге Қожаның шашын алған сайын таңғалады?

  6. Қожа қандай мақсатпен спорт алаңына келе жатты?

  7. Майқанова неліктен Қожаға тағырқап қарады?

  8. Қожаның тентек болу себебі неде деп ойлайсыңдар?

Әр топ өз ұстанымына қарай, «Қожа қандай бала?» деген сұрақ беріледі.

«Ақ қалпақ» иелері: «Қожа – өте жақсы бала»

«Қара қалпақ» иелері: «Қожа – жаман бала»

«Сары қалпақ» - «Қожа – болашағынан үміт күттіретін бала»

«Қызыл қалпақ» иелері: «Қожа – өте сезімтал»

«Жасыл қалпақ» - «Қожа – адамгершілігі мол бала»

«Көк қалпақ» иелері: «Қожа – түбінде адам болатын бала»

Жетістік критерийлері:

- Кейіпкер туралы толық түсінік береді;

- Кейіпкердің іс-әрекетіне талдау жасайды;

- Креативті ой ұсынады;

- Өмірмен байланыстырып, қорытынды жасайды.

«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағала















Қима қағаздар































«Ақ қалпақ», «Сары қалпақ», «Қара қалпақ», «Қызыл қалпақ», «Көк қалпақ», «Жасыл қалпақ


Ортасы

20 мин.


Сабақтың тақырыбын болжату. Ойқозғау.

- Бауыр деген кім?

Жауап:Бір әкеден туған және жақын туысқан адамдар бауыр деп аталады. Бір әкеден туған ағайын адамдарды туған бауыр, ал әкелері ағалы-інілі болсатөте бауыр дейді.

-Бауыр мен достың айырмашылығы қандай?
Жауап:Ағайын-бауырларда бірге тумақ — бар да, бірге жүрмек жоқ.Достарда бірге тумақ жоқ та, бірге жүрмек — бар. Сондықтан, кейде жақын достарың бауырдың орнын басады.

- «Ағасы бардың жағасы бар,

Інісі бардың тынысы бар» деген мақалды қалай түсінесіңдер?

- Бауырларыңмен қарым-қатынастарың қандай?

Мұғалімнің жауабы:
Бауыр деген — досың,
Бауыр деген — сүйенішің,
Бауыр деген — ақылшың,
Бауыр деген — қорғанышың,
Бауыр деген — сыбайласың,
Бауыр деген — ағайының,
Бауыр деген — өміріңнің бір бөлігі.

Оқушылар бауырдың дос, сүйеніш, ақылшы, қорғаныш, сыбайлас, ағайын, өмірдің бір бөлігі екеніне дәлел келтіре отырып, өз өмірімен байланыстырып жауап береді.

Сабақтың тақырыбы, мақсаттары, ЖК таныстырылады.

Оқушыларға Марат Қабанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет беріледі. Әр топ өздеріне берілген мәліметті сараптай отырып, автордың өмірі мен шығармалары бойынша тақтаға кластер жасайды. «Ассоциация» әдісі



Марат Қабанбай





Бейнекөріністі көрстеу



1-тапсырма.


Шығарманыңидеясынанықтаңыз. Анықтағанидеяңызды «ПОПС» формуласыбойыншажазбашатүсіндіріңіз. Жұптық жұмыс

 Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, ертегідегі басты идея- .....»

 Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін ….»

 Үшінші сөйлем: «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

 Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен шығарманың тақырыбы ................деген шешімге келдім.... ».

Тақырыбы - белгілі бір дәуірдегі қоғамдық шындық, автор ойының қазығы, шығарманың іргетасы. Бұл әңгіменің басты тақырыбы соғыс зардабынан жапа шеккен жетімдер тағдыры туралы.

Идеясы - бұл тақырып арқылы шындық өмір көріністерін суреттегенде, оны өз көзқарасы өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Өз мақсат-мүддесін, арманын білдіреді. Бұл шығармада жетім балалар тағдырына деген аяушылық сезімді оятады.


Бағалау критерийлері:

1. Әңгімені түсініп оқиды;

2. Тақырыбы мен идеясын анықтайды;

3. Қазіргі өмірмен байланыстыра алады;..

ҚБ

Кері байланыс. Әр топтың оқушылары бір-бірін басбармақ арқылы бағалап, өз пікірлерін білдіреді

2-тапсырма

Шығарманыңсюжеттікдамуынретіменқойып, жұбыңызғаәңгімелеңіз. Жеке жұмыс

Сюжет

Реті

Қалидың көп мақтанышынан кейінгі уақытты сұрап, жаттығуға асығуы.



Аға тәрбиеші Эльжбета Сергеевнаға берілген тапсырма, Манапты Қалимен кездесуге ертіп баруы


Қалидің асығып кетуі, Манаптың қаяу күйде «Волгаға» отырып, вокзалға бағыт алуы


Манаптың Омбыдағы балалар үйіне барып, інісін іздеуі, директормен әңгімесі


Манап пен Қалидің арасындағы алғашқы тосырқаулық, Қалидің ағасымен тіл табыса алмауы




Дескриптор

Білім алушы

-шығарманың сюжеттік даму ретін анықтайды;

- мазмұнын жұбына әңгімелейді.

ҚБ

Кері байланыс. Оқушылар өзара бір-бірін ауызша мадақтама сөздер айтып, бағалайды

Сегіту сәті «Полиглот» сайысы

Ағайын — алтау, ана — біреу.(Мать, mother)
Ағайынға карап бала өсер, Қарағайға карап тал өсер.(Ребенок,child)
Қыз – қонақ (дочь, daughter)

Ата — балаға сыншы. (дедушка, grandfather)

Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды (мать,mother)

Әкесін сыйламаған кісіні, баласы сыйламайды. (отец, father)

3-тапсырма Топтық жұмыс

Шығармаданавтордыңбейнесінтанытатынэпизодтардыкестегетүсіріңіз. Анықтағанэпизодыңыздағы автор бейнесінеөзойыңызбенпікірбілдіріңіз.

Эпизодтар

Менің пікірім






Дескритор

Білім алушы

-шығармадағы автордың бейнесіне қатысты 3 эпизодты анықтайды;

- әр эпизодтағы автор бейнесіне өз сөзімен сипаттама береді.

ҚБ

Кері байланыс.топтағы оқушылар бір-бірін ауызша мадақтайды















































«Мело мен» тобы орындаған ән











































Қорытынды

10 мин




Сабақты бекіту, жинақтау

Әңгімені толық түсінгенін не түсінбегенін тексеру мақсатында «Дұрыс-бұрыс» ойыны ойнатылады. Оқушылар қағаздың екі жағына дұрыс/бұрыс деп жазады. Мұғалім сұрақтарды рет-ретімен оқиды, қай сұрақтың жауабы дұрыс болса, оқушылар парақтың дұрыс деген жазуын, ал жауап қате болса, бұрыс деген жазуын көтереді.

1. Қалидың ағасы – Манап. - дұрыс

2. Директордың аты-жөні - Эльжбета Сергеевна. - бұрыс

3. Қалидың фамилиясы – Төрекелдиев. – дұрыс

4. Қали ән айтып, би билегенді ұнатады. – бұрыс.

5. «Ойнайтын да, қайнайтын да спорт залымыз осы. Балаларқазіржаттығыпжатыр. Орындыққатізебүгіп, тосатұрыңыз. Мен Қалидыертіпшығайын».Виктория Ивановнаның сөзі. – бұрыс.

6. «Тығыз қара шашы ұсақ-ұсақ бұйра, қол-аяғы таралып қалған, кең иықты болмаса да ешкімнен қарызға жауырын сұрай қоймайтын кішірек көзді ақ сұр бала». Манаптың портреті. – бұрыс.

7. «Түу, Эльжбета Сергеевна, терді жаңа ғана үгіп, тырыс-бырысты жаза бастағанымыз сол еді. Басқа қолайлы уақыт табылмады ма?». Қалидың сөзі. – дұрыс.

8. Қали жетінші сыныпта оқиды. – бұрыс.

9. Балалар үйі Өскеменде орналасқан. – дұрыс.

10. Әңгімеде «Жетім көрсең, жебей жүр» мақалы кездеседі. – бұрыс.






Үй тапсырмасы



Рефлексия

Таңдау» әдісі.
1. Мен сабақ
қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын.
2. Мен сабақта: үйрендім
көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды.
3. Мен басқаларды
мұқият ______________ зейінсіз
тыңдадым.
4. Мен пікірсайыстарға
жиі ______________ сирек
қатыстым
5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме
ризамын ____________ риза емеспін



Қосымша ақпарат АКТ

Саралау– оқушыға

мейлінше қолдау

көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Қабілетті

оқушыға тапсырманы

қалай түрлендіресіз?

Бағалау– оқушы білімін

тексеруді қалай

жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс–

Денсаулық жəне қауіпсіздік,

АКТ-мен байланыс.

Құндылықтармен байланыс

(тəрбие элементі).





Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу

Міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған

саралау жақсы іске асты ма?

(тапсырмалар сəйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс

енгіздім жəне неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта

берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1:

2:

Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту

мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі

сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

ТЕКСЕРДІМ: