| Мағынаны тану «Талдап білу» 1-тапсырма. Оқушылар толғауды бірінен соң бірі дауыстап оқиды және бір- бірінің оқылымдарына қысқаша сипаттама береді. ҚБ. Кері байланыс «Тілектер ұшағы» арқылы бағаланады. 2-тапсырма. «Ойлан, топтас, талқыла» Шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалау, салыстыру. Оқушылар рөлдері бойынша жиналады, бір-бірінің жұмысын тексереді, өзара талқылайды. 1-топ. Әдебиетшілер 1. Өлең жолдарындағы негізгі түйінге тоқталып, өз пікірлерін білдіреді. «Ес білгеннен Есім хан,Қолыңда болдым сүйесін,Қолтығыңа болдым демесін? -деген жолдарды қалай түсінесің? (Жастайынан ханның қасында беделді биі болған, Ханға әділ қызмет атқарған). «Қол-аяғым бұғауда, Тарылды байтақ кең жерім!-деген өлең жолдары бойынша не айтар едіңдер? (Жат жерге жер аударылған жыраудың азап шегіп күнелтуін, хал-ахуалын көрсетеді). 2. Толғаудан көркемдегіш құралдарды табады (теңеу, аллиртерация, ассонанс, қайталаулар, тұрақты тіркестер) 2-топ. Тілшілер- толғау мазмұны бойынша сұрақ дайындайды. 3-топ. Тарихшылар -толғаудан алынған үзінділердегі тарихи шындықты өмірмен байланыстырады. «Біз қандай қиындық көрсек те, іргесі сөгілмеген елміз, Мәңгілік Елдің мәңгі жасар ұрпағымыз...» деп жалғастырады. Есім хан туралы шағын мәтін беріледі. Есім хан 1598-1628 жылдары ел басқарған. Есім ханның ішкі-сыртқы саясаттағы басты мақсаты- қазақ хандығын нығайтуға бағытталған. Хандық билікті нығайтты, қазақ жерін кеңейтті. Қазақ хандығының беделін халықаралық деңгейге дейін көтерді. 4-топ. Сыншылар - толғаудың құндылығын айтып, баға береді. Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Елбасының нұрлы жолын салыстырады. Нақты мысалдар келтіріп дәлелдейді, баға береді. | «Қасым ханның қасқа жолы» | «Есім ханның ескі жолы» | «Елбасының нұрлы жолы» | | | | | Қабілетті оқушылар сыни шолу жасайды (саралау) | Жиембет жырау кімді сынайды, қалай сынайды? | Тарихи құндылығы | Өз бағасы, пікірлері | | | | | Қорытынды: Оқушылар жырау толғауда не түсіндіргісі келгенін және шығарма қандай сезім тудыратынын талқылап, бағалайды. | Бағалау критерийлері | | Шығарманың эстетикалық құндылығын дәлелдейді | | Сыни шолу жазады | | Кері байланыс (мұғалімнің кері байланысы) | |