СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

5 сынып сабак жоспары

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«5 сынып сабак жоспары»

Сабақ жоспары



Сынып : 5 «аәбвг»

Күні:09.11.16ж

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс

Сабақтың мақсаты: ақпарат саны түсінігін енгізу, ақпараттың өлшем бірліктерімен таныстыру, ақпарат санын анықтаудың тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру.

Оқушылар білуі тиіс: компьютерде ақпаратты өлшеу тәсілдерін, «бит», «байт» ұғымдарын, ақпараттың көлемін екілік түрде өлшеу, ақпараттың өлшем бірліктерін, ақпарат беру жылдамдығын өлшеу бірліктерін.

 Оқушылар үйренуі тиіс: мәтіндік ақпарат санын анықтауды, ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқа өлшем бірлігіне ауыстыруды.

Көрнекілік: дербес компьютер, интерактивтік тақта, оқулық.

Сабақтың әдіс-тәсілі: АКТ, лекция, практикалық жұмыс, тест.

 

Сабақтың барысы

І. Қауіпсізідік ережесі:

1. Компьютер сыныбында жүгіруге болмайды.

2. Компьютерге дымқыл киіммен және су қолмен отыруға болмайды..

3. Монитрды қолмен ұстауға болмайды..

4. Компьютерге отырған кезде тік отыру керек. Монитор мен көздің ара қашықтығы 60 – 70 см болуы керек..

5. 20 минуттан кейін көз жаттығуларын жасаумыз керек.

6. компьютерден ақау байқалса – МҰҒАЛІМГЕ ЕСКЕРТ!!!

ІІ. Компьютер құрылғыларын қайталау.

ІІІ. Операциялық жүйенің негізгі нысандары мен оны басқару.

Сөз жұмбақ шешу.

Міне,тағы қиналып-ақ тұрмын мен,

Тақырыпты жаза алмай пернемен

Барлығы да кіші әріп қайтемін?

Көмек берші,енді нені басам мен?


Бір бетшені аштым да,

Мәтін жаза бастадым

Бірақ тілін шет елдің

Аудара алмай тастадым

Тілді қалай өзгертем

Көмектесші,достарым!


Бірігіп кетті екі сөз,

Не істерімді білмедім

Қане, қайсысың маған тез,

Ажыратып бересің?


Жаңа жолға түсіп алып енді мен,

Жаңа бір сөз жазғым келіп тұр енді

Бірақ бәрін ұмытыппын, достарым,

Көмек берші, әрі қарай не істеймін?



Сергіту сәті:

Сергітудің енді сәтін бастайық

Бір-екі-үш,алға қадам басайық

Орнымыздан тұрып қолды созайық

Шаршамайық,тағы бір іс жасайық.

Бір-екі оңға,үш-төрт солға

Сау болудың қамын біздер

жасайық!!!



Компьютердегі тәжірибелік жұмыс


А деңгейі

1.     WordPad мәтіндік редакторын ашыңдар. Ол үшін Пуск-Все программы-Стандартные- WordPad батырмаларын басыңдар

2.     «Ақпаратты сақтауға, жеткізуге және өңдеуге болады» мәтінін теріндер. Үтір қазақша тергенде жоғарғы қатардағы «6» батырмасы арқылы теріледі, ал бас әріптерді теру үшін CapsLock пернесін басу керек. Сөздердің арасын ажырату үшін бос орын пернесін бір рет басыңдар.

3.     Өз ақпараттарыңды сақтап, программаны жабыңдар.

В деңгейі

1.     WordPad мәтіндік редакторын ашыңдар (Пуск-Все программы-Стандартные- WordPad).

2.     «Түйін» бөліміндегі мәтінді теріңдер.

3.     Өз ақпараттарыңды сақтап, программаны жабыңдар.

С деңгейі

«Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар» бөліміндегі 6-тапсырманы орындаңдар. Ол үшін өздеріңе белгілі кез келген программаны қолданыңдар.

4.     Қорытындылау

Тәжірибелік жұмыс және есеп шығарғандары үшін оқушылардың білімдерін бағалау.

5.     Үй тапсырмасы

Оқулықтан §3,4 мазмұнын қайт
















































Сабақ жоспары



Сынып : 5 «аәбвг»

Күні:12-16.11.16ж

Сабақтың тақырыбы: Терезе.Файлдар, бумалар және жарлықтар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылар терезе және оның элементтері, файлдар, бумалар, жарлықтармен танысады.

Тәрбиелік: Терезе және элементтері, файл, бума, жарлықтармен таныстыра отырып, оларды компьютермен жұмыс барысында жауапкершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Әр оқушының шығармашылық қабілетін дамыту, ой-өрісін кеңейтуге, компьютермен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, оқулық, интербелсенді тақта.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Оқушылармен сәлемдесу

- Оқушыларды түгендеу

ІІ. Үй тапсырмасы: Ой-қозғау сұрақтары

1.Операциялық жүйе дегеніміз не?

2. Қандай операциялық жүйенің түрлерін білесіңдер?

3. Жұмыс үстелінде қандай элементтер орналасқан?

4.Динамикалық немесе контексті менюді қалай ашамыз?

5.Компьютердің жүйелік блогының алдыңғы бөлігінде орналасқан батырма қалай аталады?

6. Тышқанмен қандай әрекеттерді орындауға болады?

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту

Терезе дегеніміз – жақтаулармен шектелген экранның төртбұрышты аумағы, онда обьектілер орналаса алатын жұмыс ортасы мен басқару элементтері бар.

Терезенің 4 түрі бар:

  • Қапшық терезесі (Менің құжаттарым)

  • Қолданбалы терезе (Paint графикалық редакторының терезесі)

  • Диалогтық терезе (Мерзім және уақыт терезесі)

  • Анықтама терезесі (Калькулятор бағдарламасы)


Терезе элементтері

Жұмыс жүріп жатқан терезе – активті терезе. Активті терезе басқа терезелерден ерекшеленіп тұрады және жоғары орналасады. Сонымен бірге есептер тақтасындағы батырмасы басулы болып көрінеді.

Файл – аты бар бірқатар байттар тізбегі. Файл не программа, не құжат болуы мүмкін. Әр файлдың аты болады. Оның оң және сол жақ бөліктерден тұратын екі аты болады. Оң жақ бөлігі үш символдан тұрады және олар файлдың типін анықтайды. Сол жақ бөліктің ұзындығы 1-ден 255 символға дейін жетеді, оның пайдаланушы үшін құжаттың қызметін анықтайтын мазмұндық жүктемесі бар. Файл атында ? : * / символдарын пайдалануға болмайды.


Файл кеңейтілімдері:



.bmp

Paint графикалық қолданбасының суреті

.doc

Word және WordPad мәтіндік редакторларының

құжаттары

.txt

Блокнот қолданбасының құжаты

.wav

Фонограф қолданбасының дыбыстық файлы

.avi

Бейнеклип

.xls

Excel кестелік процессорының құжаты

.ppt

Power Point қолданбасының презентациясы



Бума – пайдаланушының сызбалық тілдесуінде көрінетін бағдарламалар мен файлдарға арналған, бейне бетте кеңсе папкасына ұқсайтын белгіше түрінде көрініс табатын сауыт.

Жарлық - нақты бір файлдарды көрсететін арнайы белгішелер. Олардың қапшық белгішесінен айырмашылығы-оның сол жақ төменгі бұрышында кішкене иілген бағдаршасы бар. Таңбашаны екі рет шерту құжатты ашады немесе программаны іске қосады. Таңбашаны жойғанда оны көрсетіп тұрған файлы жойылмайды.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту:

Тапсырма. Сәйкестендіру


Файл кеңейтілімі қай сипаттамаға сәйкес келетінін көрсету


Файл кеңейтілімі

Сипаттамасы

.bmp

Музыкалық файл

.doc

Paint графикалық қолданбасының суреті

.txt

Бейнеклип

.mp3

Word және Word Pad мәтіндік редакторларының құжаттары

.avi

Блокнот қолданбасының құжаты

.xls

Power Point қолданбасының презентациясы

.ppt

Excel кестелік процессорының құжаты

.html

Интернет бетінің құжаты


Тапсырма. Терезе элементтерін жазу


6

5

1

2




7

6

3

4


8





Тест.


  1. қандай батырма?

А)Терезені жаймалау батырмасы

Б) Терезені жималаубатырмасы

С) Терезені жабу батырмасы


  1. қандай батырма?

А)Терезені жаймалау батырмасы

Б) Терезені қалпына келтіру батырмасы

С) Терезені жималау батырмасы


  1. қандай батырма?

А)Терезені қалпына келтіру батырмасы

Б) Терезені жималау батырмасы

С) Терезені жаймалау батырмасы


  1. Windows cөзінің аудармасы?

А)Терезе

Б) әдістеме

С) практика


  1. Терезенің неше түрі бар?

А)5

Б) 4

С) 2


  1. Қиып алу, сақтау, көшіру, батырмалары қай панельде орналасқан?

А)жұмыс алаңында

Б) тақырып жолы

С) құрал-саймандар тақтасы


  1. қандай белгіше?

А) Бағдарлама белгішесі

Б) Бума белгішесі

С) Құжат белгішесі


  1. қандай белгіше?

А) Жарлық белгішесі

Б) Бума белгішесі

С) Файл белгішесі


  1. қандай белгіше?

А) Бума белгішесі

Б) Құжат белгішесі

С) Файл белгішесі


  1. қандай белгіше?


А) Файл белгішесі

Б) Бума белгішесі

С) Құжат белгішесі



Ү. Сабақты қорытындылау.


ҮI. Оқушыларды бағалау.


ҮІІ. Үй тапсырмасы: Тақырыпты оқу



































Сабақ жоспары



Сынып : 5 «аәбвг»

Күні:19-23.11.16ж

Сабақтың тақырыбы: Алмасу буфері. Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға бумалармен белгішелерде құру, нысандарды өшіру, өшірілген файлдар мен бумаларды қайта қалпына келтіру тәсілдерін үйрету;

Дамытушылық: өз бетіншекомпьютерде практикалық жұмыстарды орындау дағдысын дамыту, логикалық ойлау қабілетін арттыру, компьютерді қолдана білу іскерлігін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуін дамыту, еңбекке тәрбиелеу, пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, презентация, сызбалар, бағалау парағы.

Сабақтың пәнаралық байланысы: ағылшын тілі, орыс тілі

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқушылардың сабаққа даярлығын анықтау.

Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақрыпты практика жүзінде тексеру.

  1. Жарлықты қалай құрамыз?

  2. Буманың қандай түрлері бар?

  3. Файл мен буманың айрмашылығы неде?


Жаңа сабақты түсіндіру

Балалар мына суретті білесіңдерме? Қалай аталады?




Оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.

Мынадай жағдайды елестетіңіз, сіз жақсы көретін кітәбіңізді жоғалтын, еш жерден таба алмасаңыз кімдердің көмегіне жүгінесіз? Ал егер компьютерден жоғалтқан қызықты ойындар, маңызды дакументерді, киноларды жоғалтсақ қалай табамыз? Бұл жағдайда бізге поиск көмекке келеді.

Файл мен буманың атын бас мәзірдің іздеу терезесіне жазу керек. Ал егер мәтін арасындағы сөзді іздеу керек болса онда Главная - Найти басу немесе Ctrl+F пернесін басу арқылы табуға болады.



1.Нысандарды қалай көшіреміз?

2. Нысандарды қалай жылжытамыз?

3. Бірнеше нысандарды бірден көшіре аламыз ба?

Кейбір оқушылар бумалар мен белгішелерде құру, атын өзгерту объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жоюды қай құрылғы көмегімен іске асыруға болатын білуі мүмкін. Бірақ біз бұл әрекеттерді тағы бір құрылғының көмегімен іске асыруға болатынын білемізбе? Ол компьютердің негізгі құрылғысы болып табылады. (Пернетақта)

Ол үшін пернетақтадағы Ctrl пернесін басып тұрып бұйрықтарды орындау керек.

Ctrl+c - көшіру

Ctrl+x – қиып алу

Ctrl+v – кірістіру

Обьектілерді жою үшін қандай пернелерді қолданамыз? Delete, del.

Бүгінгі сабақтан не үйрендік? Не білдік?

Компьютермен жұмыс: жұмыс үстеліне өз атыңда папка құр және оны басқа дискіге көшір. Құрған папка жұмыс үстінде қалмау керек. (тінтуірдің оң жақ батырмасын басу – создать- папку. Құрылған папканы көшіру үшін: обьектіні белгілеп пернетақта көмегімен Ctrl+c немесетінтуірдің оң жақ батырмасын басып копировать басу керек.)

Бекіту сұрақтары:

  1. Компьютер жедел жадының обьектілерді уақытша сақтауға болатын аймағы?

  1. Алмасу буфері

  2. Жедел жад

  3. Қатқыл диск

  1. Обьектілерді жоюдың неше түрі бар?

  1. 3

  2. 2

  3. 1

  1. Обьектілерді іздеу .........

  1. Ctrl+F

  2. Бас мәзір арқылы

  3. Вставка-найти

  1. Өшірілген обьекті карзинада қанша уақыт сақталынады?

  1. 24 сағат

  2. Өзіміз өшіргенге дейін

  3. Компьютер өшкенге дейін

  1. Бума, файл, жарлық ....................болып табылады

  1. Обьекті

  2. Папка

  3. Белгіше

Үйге тапсырма: тақырып бойынша өзіңді тексерді орындау.

Бағалау: сабақты қортындылау барысында сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, қалыфс қалған оқушыларға көмек беру арқылы білмдерін бағалау.