СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

5 сыныпқа ағаш өңдеу тақырыбына арналған ашық сабақ дидактикасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

5 сыныпқа ағаш өңдеу тақырыбына арналған ашық сабақ дидактикасы

Просмотр содержимого документа
«5 сыныпқа ағаш өңдеу тақырыбына арналған ашық сабақ дидактикасы»







«Ағашты көркемдеп өңдеу» тарауы бойынша



көркем еңбек пәніне арналған



Дидактикалық материалдар



















  1. Ағаш материалдарының қасиеттері. Ағаш мүкістерімен танысу.

Ағаштың негізгі артықшылықтары

  • Беріктігі мен серпімдігі жоғары.

  • Оңай өңделеді желіммен немесе желімсіз.

  • Тығыздығы жылу өткізгіштігі төмен.

  • Үңгіме арқылы не шегемен ұштастырылады.

  • Аязға төзімді.

  • Суда және жасанды полимерлерді еріте алатын органикалық ерітінділерде ерімейді.

  • Тығыздығы мен жылуөткізгіштігі төмен.


Ағаштың негізгі кемшіліктері

  • Суды көп жұтатындығы

  • Шіруге бейімділігі

  • Отта оңай жанады

  • Әртүрлі бағытта физика – химиялық қасиеттерінің біркелкі еместігі


Ылғалдан, т.б. зиянды орта әсерінен қорғау үшін ағаш кептіріледі, оған лак немесе сыр жағылып не басқа химиялық заттар сіңіріледі. Антипирендер сіңіру – оттан қорғайтын сырмен сырлау арқылы ағаштың отқа төзімділігін арттыруға болады.










Ағаш мүкістерімен танысу

Ағаш мүкісі деп – оның піішінінің , сыртқы түрінің, ортасының бұзылуын немесе ауытқуын айтамыз.

Мүкіс дегеніміз не ? 2 – топқа Қандай түрлері бар ?

1 – топқа Қиғаш қабат қандай мүкіс? 2 – топқа Қосөзек қандай мүкіс?

1 – топқа Шірікше?

2 – топқа Мүкісті ағаш пайдаға аса ма ?

Әр түрлі бұйым жасауға арналған ағаштарды дұрыс таңдау үшін алдымен олардың мүкістерін біліп алып, оны жою жолдарын қарастыру керек. Ағаш мүкісі деп – оның піішінінің , сыртқы түрінің, ортасының бұзылуын немесе ауытқуын айтамыз. Ол ағаштың ескіруінен немесе оған әсер ететін климаттың әсер ететін климаттың әсерінен болуы мүмкін. Ағаштың мүкістері оның сапасын, өңдеу қасиетін төмендетеді.

Ағаш мүкістеріне мыналар жатады: көз, қиғаш қабат, қос өзек, сызат, шайыр қалталар, қуыс, шірік, құрттану т.б.

Аталған мүкістердің кейбіреулеріне сипаттама бере кетейік. Қиғаш қабат деп ағаш талшығының бұрама түрде орналасуын айтады. Ондай ағаштарды кептіргенде олар ісініп кетеді, қисайып майысады. Мұндай ағаштарды аралап кесу де, оны өңдеу де қиынға соғады.

Ағаш қуысы әр түрлі бактериялар мен саңырауқұлақтардың әсерінен пайда болады, олар жара секілді ағаш діңінің бас жағында кездеседі.

Қылқан жапырақты ағаштардың мүкістері шайырланып кетеді. Мұндай ағаштар морт сынғыш келеді.

Шірік те саңырауқұлақтың әсерінен пайда болады Құрттану әр түрлі құрт құмырсқалар мен қоңыздардың ағашты жеуінен туындайды. Әсіресе ағаш тамырлары құрттанады. Ол ағаштың діңінде, оның қабығы астында немесе ішкі қабатында да кездеседі.





2.Ағаш құралдары, желімдерінің түрлері

Ағаш желімдерінің түрлері
1. Желімнің қандай түрлері бар? (табиғи, синтетикалық желім).
2. Мал өнімдерінен алынған желімді не дейді? (табиғи).
3. Табиғи желімдердің түрлері қандай? (шел желім, сүйек желім, казеин).
4. Сүйек желім қалай жасалады?
5. Шел желімі қалай болады?
6. Синтетикалық желім түрлерін ата?
7. Казеин қалай алынады?
8. БФ – пен қалай, нені желімдеуге болады?

Ағаш бөлшектерін желімдеу.
Желіммен құрастырып-бекіту шабақты, кертікті, ойық-кертікті, шегемен бекіту сияқты тәсілдермен ұштастыра жүргізіледі, сондай-ақ жекелеген элементтерден, қабаттап жапсырылатын бөлшекетрден дайындалған ағаш материалдарын әзірлеу үшін қолданылады.
Бөлшектерді желімдеп құрастыру желімнің мөлдір, жұқа қабаты мен ағаштың үстіңгі беттерін жабыстырып тұратын күштің арқасында мүмкін болады.
Ағаш материалы өзінің беттескен қабатында қатайып кепкен желімнің ұсақ бөлшектерін қысып ұстайды, ал желімнің ұсақ бөлшектері ағаштың саңлауларына еніп, ұшы-қиыры жоқ, сансыз талшықтары арқылы екі үстіңгі қабатты бір-бірімен жабыстырады.
Желіммен жабыстыру арқылы құрастырып-бекітудің бірнеше түрі бар. Желімдеп, жапсырудың мықтылығын тексерудің өндірісте қолданылатын тәсілі осы принципке негізделген. Ол үшін бір-бірімен желімдер, жапсырылған екі бөлшектен жасалған үлгі бұйымды қақ айырып көреді. Егер бұйым желімдеп, жапсырылған жігінен жарылмай, ағаштың тұтас жерінен жарылса, онда желімдеу сапасының жоғары болғаны.

4.    Желімдеу түрлері.
Жасалуы жағынан мал өнімдерінен әзірленетін желімдер және синтетикалық желімдер деп бөлінеді. Ағаш бөлшектерді өңдеуге мал өнімдерінен жасалатын ағаш желімі немесе мал сүйегінен жасалған мөлдір желім, казеин желімі қолданылады.
Мал терісінің шелінен де желім жасалады. Ол – шел желім. Ал малдың кепкен, майсыз сүйегінен, мүйізі мен тұяғынан сүйек желімін жасауға болады. Шелден жасалған желіммен ылғал тимейтін бөлшектерді ғана желімдеу керек.
Желімдеу техникасы.
Желімдеу ісінің  негізіне желімнің ағаш бөлшектерге сіңіп, таралу процесі жатады. Желім жіңішке жіп тәрізді талшықтарымен үстіңгі қабаттарды бір-бірімен берік байланыстырады.
Желімдеп құрастырудың беріктігі мен сапасы ағаш материалының дымқылдығы 12-15 пайыздан аспайтын кезде жоғары болады. 8-10 пайыз болған кезде өте жақсы, берік желімделеді. Өйткені, ол желімнің құрамындағы суды өз бойына таратып алады.














Бөлшектерді шегемен, бұрандалармен біріктіру







4.Ағашты механикалық өңдеу

Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу мынадай шаралар арқылы жүзеге асады:

-    Бұйымның негізін талаптарға сай тазалау.
-    Бұйымның барлық бөліктеріне өрнекті жоспарлау, үлгісін жасау.
-    Өрнектерді кесу.
-    Бұйымдарды бояу, оған әр беру, лактау.

Ағаш өңдейтін токарь технологиялық машина. Ол ағашты жонып,егеу арқылы әр түрлі формаға келтіреді., айналатын денелер түріндегі бөлшектер жасалады.
б) Ағаш өңдейтін СТД-120 м үлгісіндегі токарь станогының құрылысымен танысайық, маркасы С- станок, Т-токарьлық, Д- ағаш өңдеуші 120-арақашықтық,м-жетілдірілген станок мүлгісі, платформадан, электр қозғалтқыштан, қорғағыш қаптама, тректі табан, станок негізгі бөлігі, алдыңғы қыспақ тетік, артқы қыспақ тетік, шам, патрон, ұстайтынтұтқа, мөлдір экран, түймеше тетіктен тұрады.Ағашты бекітіп ұстау үшін шпиндельдің саптама тетігі пайдаланылады, олар шанышқы, патрон, тығырық.Ағаш өңдейтін өткір тістер- қашаулар әртүрлі формада болады.





5. Ағашты аралау, сүргілеу, бұрғылау әдістерімен жұмыс жасау.

Ағашты кесетін ең басты құрал – ара. Араның қалыңдығы әр түрлі болаттардан жасалады, оны төсем деп атайды. Төсем өте қатты, иілгіш, тегіс болуы тиіс. Ара тістері үшбұрышталып қиғаш қайралады. Ара тісі екі түрлі қызмет атқарады: біріншіден ол ағаш талшығын кеседі, екіншіден кескенде пайда болған ағаштың ұнтағын сыртқа ысырып, шығарып отырады.
Ағаш кесу кезінде жасалатын бұйымға ағаш түріне қарай әр түрлі араны пайдалануға болады. Ағашты арамен кесу кезінде денеңді, араны дұрыс ұстау керек. Ара оң қолыңда, сол қолыңмен кесетін ағашты тіреп тұрасың. Оң аяғың сол аяқтан сәл алшақтау болсын. Араны күшпен кесуге болмайды. Бірқалыпты жұмыс жасау керек. Ағашты көлденең кескенде кесу бағыты ағаш талшығына перпендикуляр, ал ұзын бойы кескенде параллель болады. Көлденең кесу үшін ара тісінің кескіні үшбұрыш, ал ұзына бойы кесу үшін қиғаш болады. Арамен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережесін мұқият сақтаған жөн

Сүргілеу аспаптарының түрлері көп. Олардың ең көп тараған түрлері-сүргі, шерхебель және фурганок.

Шерхебель-пышағының жүзі доға тәріздес дөңес келеді және алғашқы, дөрекі өңдеу жұмысы жүргізіледі.

Сүргі-пышағы тегіс болады және сүргімен таза өңдеу жұмысы жүргізіледі.

Фурганок-жалпақ беттерді тазалап тегістеу үшін қажет.

Сүргілеу аспаптары негізінен ағаш немесе металл қалыптан,болат пластинадан- кескіш пышағынан және сынадан тұрады.










6. Ағашты көркем өңдеп, ас үй аспаптарын жасау

Ағаш - табиғаттың тамаша туындысы. Ағаш көп өскен жерді халық орман, тоғай деп атаған. Тоғай ертеден адамдардың негізгі тұрақ жайы болған. Ерте заманнан - ақ адамдар ағашты тіршілігіне қажетті материал ретінде пайдаланған. Олар ағаштан аң аулауға қажетті аша таяқ, найза, қада, жебе т. б. заттар жасаған. Адам ағаш өңдеуді тез үйренген. Өйткені ағаш өңдеуге оңай көнетін материал. Пышақ, балта сияқты қарапайым құралдардың көмегімен адамдар үйлерді, көпірлерді, жел диірмендерін, қамалдар мен ыдыс - аяқтар жасаған.
Қазіргі уақытта да біздер ағашсыз өз өмірімізді елестете алмаймыз. Тұрған үйіміз, үй жиһаздары, басқа да тұрмыста жиі қолданылатын заттардың көбі ағаштан жасалған.
Қолөнердің ең көп тараған түрлерінің бірі - бұл ағашты көркемдеп, өңдеу. Ертеден - ақ көшпелі халық тұрмысына қажетті заттарды өздері жасап отырған. Ағаштан түйін түйген шеберлер атқа салатын ерді, тамақ сақтайтын кебеже, киім салатын сандық, әбдіре, киім ілетін - адалбақан, тостаған, саптаяқ, шара, отау, табақ пен тегештерді аса шеберлікпен жасаған.
Ағаштан жасалған бұйымдардың ішіндегі ең көп тараған түрлері жұкаяқ, күбі, ағаштан бүтіндей ойылған астау, келі - келсап, асадал. Бұл бұйымдарды шеберлер күмістен, сүйектен жасалған ою - өрнектермен әрлеген.
Көркемдеп өңдеуге қажетті ағашты дұрыс таңдау істің нәтижелі болуына септігін тигізеді. Оған май қарағай, терек, үйеңкі секілді жұмсақ ағаш қажет, нәзік ойықша, үшбұрыш және басқа өрнектерді салу, әрлеу жұмыстары оңай жүргізіледі. Жұмысқа бұтақсыз жұмсақ ағаш түрін таңдап, қажетті өлшеммен кесіп, сүргілеп, әрлеп болған соң, тегіс бетіне өрнек бейнесін көшіреді.
Өрнек дегеніміз - кез келген бұйымның сыртына түсірілетін біртұтас байланысты әшекей.
Ал ою дегеніміз, бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу немесе шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмыстары.








Ағаш қасық жасау кезеңдері













7. Дайын аспаптарды күйдіріп әрлеп, өрнектеу

Ағашты күйдіріп әрлендіруді пирография деп атайды. Күйдіріп өңдеу аппараттары жетілдірілмеген кезде былай өңдеу өте қарапайым болды.Бензинді қолдана отырып, соның көмегімен платина ине қыздырылатын, иненің қызуын бәсеңдетпес үшін шебер бензинді ауық – ауық аяқ басқышпен үрлеп тұруға мәжбүр болатын.

Ағашті күйдіріп өрнектеуді электр бізбен жасаудың әдісін ойлап тапқаннан кейін пирография ағашты көркемдеп өңдеудің ең қарапайым тәсіліне айналды. Күйдіріп өрнек салуда әртүрлі таңба штифттер жасауға болады. Электр күйдіргіштен басқа кейбір көмекші аспаптарды қолданамыз.Оған нихрон сымын ұстап тұру үшін тістеуіктер, штифттерді майыстыруға арналған қысқыштар мен дөңгелек қысқыштар, қысатын бұрандамаларды бұрау үшін байтесе, балға мен сымды қаптауға арналған төс темір жатады.

            Күйдіріп өрнек салуға ағаштың жұмсақ түрлері (жөке, терек, қандыағаш, балқарағай)  пайдаланылады. Күйдіру жиектік, сызықшалы, нүктелік болып үш топқа бөлінеді.

Күйдіріп өрнектеу кезінде суретті ағаш бетіне дұрыс көшіру өте маңызды. Ол үшін таңдап алынған суретті, не өрнекті жылтыр қағазға көшіріп ағаштың бетіне түсіреміз.

           Біз бүгінгі сабағымызда сыныпты екі топқа бөліп: І- топ тағам турайтын тақтайша әзірлесе, екінші топ оқтау жасайды.

Тақтайдың  үлгілері:

Оқтау – қамыр жаю үшін қолданылатын  ас үй құралдарының бірі. Бұйымның мөлшерін өзгертуге болады.Бұйымды толық әзірлеп болған соң. Оны әдемілеп ажарлайды.

  1. Ағашты күйдіріп өрнектеу не деп аталады?

  2. Күйдіріп өрнектеуде қандай ағаш түрлері қолданылады?

  3. Ағаштан қандай бұйымдар жасауға болады?

  4. Ағашты күйдіріп өрнектеу 3 топқа бөлінеді:

  5. Жиектік әдістер

  6. Сызықшалы әдістер

  7. Нүктелік әдістер.

  8. .Пирография—туралы түсінік бер.

  9. Пирография— ағаштан жасалған бұйымды арнаулы өңдеуден өткізу, заттың бетін тегістеу, оймыштап бедер салу, біздің ұшымен қарып өрнек, жазу түсіру.

  10. 5.Электркүйдіргіш аспабы қандай бөліктерден тұрады?

  11. а-негізі

  12. б-күйдіргіштің тұтқасы

  13. в-шиыршық (спираль) немесе электрод

  14. г-ток күшіне жалғауға арналған ашалы сымнан тұрады

  15. 6. Ағашты күйдіріп өрнектеу неше топқа бөлінеді

  16. Ағашты күйдіріп өрнектеу 3топқа бөлінеді:

  17. Жиектік, сызықшалы және нүктелік әдістер











8. Ағаштан мүсін жасау

Ағаштан мүсін шығару үшін оны алдымен қараңғы жерде кептіріп аламыз. Содан мүсін жасауға дайын болғаннан кейін ғана жұмысты жалғастырамыз

Барельеф пен горелеьефтің айырмашылығы қандай ?

Жауабы: ( Егер денелер тобының жазықтығыннан өз көлемінің жартысынан дейін шығып тұрса ,ол-барельеф деп аталады ,ал өз көлемінің жартысынан көбірек шығып тұрса,ол-горельеф деп атайды.)



Мысық мүсіншесін жасау жолдары





9. Ағашты ою. Ағаштан сувенирлік, тұрмыстық бұйымдар дайындау

Өрнекті оюдың бірнеше тәсілі бар. Соның бірі- геометриялық бейнедегі өрнек. Мұндай өрнек ағаш бетінде геометриялық сурет салу арқылы жасалады.
Екінші тәсіл-өрнекті салғанда, оның ізін пышақпен тігіп, өрнектің жиектерін көлбеулей жұқалап жонып алады. Мұндай оюларды бірнеше әдістермен орындайды: біріншіден, өрнектердің жиектерін дөңестеп, жұмырлай жиектеп өрнекке кеңістіктегі көрініс береді;
екіншіден, өрнектердің сыртқы жиегін өрнек денесінің ортасынан да ойықшалап бедер беріледі; үшіншіден, бірінші және екінші әдіспен орындалған өрнектің түбін бедерлеп, бедерлі өрнектің мәніне қарай таңдап, бедер беру тәсілімен орындайды.

1. Ағаш қандай материал және оны не үшін қолданамыз?

(Ағаш-табиғаттың бір бөлшегі, оны түрлі құрал-саймандар мен тұрмыстық бұйымдар жасау үшін, үй жасау үшін пайдаланамыз)

2. Ағаш материалын өңдеу үшін қандай ерекшеліктері ескеріледі?

(Ағашты өңдеу үшін табиғи түр-түсі, тығыздығы, жұмсақ, қаттылығы,жылу мен ылғал өткізгіштігі ескеріледі).

3.Суретке қарап, ағаштың құрлысын айтып бер. (Ағаш өзегінен, өзек сәулесінен,камбийден, қатты қабаттан, флоэмадан, қабықтан тұрады).

4. Ағаштың қабығы қандай қызмет атқарады? (Ағаштың қабығы оны қоршаған ортаның әсерінен, күннің қызуынан, жаңбырдан, аурулардан, бактериялардан қорғайды).

5. Ағаш материалының қандай қасиеті бар? (Түсі, тығыздығы, текстурасы, дымқылдығы, беріктігі).

6.Текстура дегеніміз не? (Ағаштың діңін тақтай етіп тілгенде, оның жылдық сақиналарынан тік немесе ирек сызықтар сияқты суреттер пайда болады. Осы суреттерді текстура деп атайды).

7. Ағаш қандай бөліктерден тұрады? ( Тамыры, діңі, ұшар басынан тұрады).

8. Құрлыс материалына ағаштың қай бөлігі алынады? (ең берік тұсы діңнің орта бөлігінен алынады).

9.Ағашты қалай кептіреді? ( Ең қарапайым кептіру-табиғи кептіру. Ол үшін ағаш материалдарының арасынанауа өтетіндей етіп қабаттап жинайды).

10. Ағашты кептіргенде оның тез кебетін шет жақтары жарылып кетпеуі үшін не істеуге болады? (Ағаштың шет жақтарына майлы бояу немесе әк жағылады).

11. Ағашта кездесетін мүкістің қандай зиянды әсерлері бар? (Без, қос өзектілік және талшығының қисаюы ағаштың сапасын төмендетеді, беріктігі азаяды,сызаттанады).









10. Ағаштан жасалған зергерлік бұйымдар

Ағаштан жасалған тартымды зергерлік бұйымдар деген не?

Ағаштан жасалынған қолмен жасалатын әшекейлердің ерекшеліктері

Мұндай әшекейлердің негізгі және негізгі ерекшелігі, ағаш жеңіл және салмақты зергерлік әшекейлерді жасауға көмектеседі. Үлкен костюм зергерлік бұйымдарды сүйетіндер, олардың салмағынан металл бұйымдарын киген кезде ыңғайсыздық сезінеді. Ауыр сырғалар құлақ терінің терісін тартып алады және уақыт өте тез созылып, жағымсыз көрінеді. Сондықтан бұқаралық әшекейлерді ұнататындар клиптерді киеді. Сондай-ақ, кездейсоқ қатты өзгеріп кетсе, ауырсынуды тудыруы мүмкін металл ожердегі жағдай жақсы болмайды.

Ағаш әшекейлер тек жарық ғана емес, сонымен қатар өте берік және ұзаққа созылған. Егер олар қымбат емес металдан өзгеше арнайы құралмен жабылған болса, олар су астына түссе, нашарлайды.

Бірақ ағаштан жасалған косметикалық зергерлік бұйымдар металл элементтер мен тастарды қамтуы мүмкін, бұл оларды ауыр және осал етеді. Былғарыдан және ағаштан жасалған косметикалық зергерлік бұйымдар аса берік, ал егер стилге назар аударатын болсаңыз, онда мұндай комбинацияда ағаш пен металдың комбинациясына қарағанда табиғи түпнұсқалығы бар.





Ең қымбат ағаш зергерлік бұйымдар

Ең сәнді және қымбат бағалы ағаш өнімдерінің сөзсіз рейтингі бар. Бұған мынадай брендтер кіреді:

  1. Верный. Дизайнерлер ұзаққа созылған қарындашты жасады. Сәнді қосылған қызғылт алтын мен әдемі қаптама. Бұл зат тікбұрышты және дөңгелек пішіндерді біріктіреді. Өнімнің бағасы 7000 евродан асады.

  2. Танк. Зергерлер алтынмен безендірілген тазартылған сақинаны құрды. Маханған әшекейлері өте қарапайым және қысқа, ал алтын тек сызықтардың ауырлығына баса назар аударады және өнімге рахат береді. Бағасы 1700 евро.

  3. Van Cleef & Arpels. Бұл әшекей бұйымдар дәстүрлі алтыннан жасалған білезіктерді жасап шығарды. Алтынның кірпішіне «сіз сәттілікке сенуіңіз керек, табысқа жетуіңіз керек» деген сөз тіркеді. Шығару бағасы - 5 200 евро.

  4. Норитамия. Брендтің үлесі зәйтүн ағашынан жасалған ағаш оюлар болды. Ағаш бисерді әшекейлеу алтынмен жабылған металдан жасалған текше тәріздес кірістіру арқылы толтырылады. Суық металл және жылу ағашының оппозициясы түпнұсқалық безендіруге қосылады. Ол 160 еуро бағасымен сатылады.









Ағаштан зергерлік бұйымдар жасау кезеңдері