Просмотр содержимого документа
«5 сыныпқа ағаш өңдеу тақырыбына арналған ашық сабақ дидактикасы»
Ағаш өңдеуге арналған қол құралдары
Ағаштан бұйым жасағанда әр түрлі аспаптар қолданылады.
Оларға балта, қолара, балға, сүргі, қашау, ағаш балға, қол бұрғы, бұрыштық, стусло, бұрағыш, тістеуік пен қысқыш.
Балта — ағашты бөлшектеп жару немесе қашау сондай-ақ ағаш шабуға арналған құрал. Ағаштан бұйым жасаған кезде ағаш ұстасының және ағаш шеберінің балтасы жиі қолданылады. Ағаш ұстасының балтасы – ағашты бастапқы өңдеуге арналған. Ал ағаш шеберінің балтасынан кішірек. Оны ұсақ бөлшектерді өңдеуге арналған үшкір ұшы болады . Қолара – ағаш материалын кесуге арналған ара. Олар бойлай және көлденеңкесуге арналған аралар деп бөлінеді.
Балға — шеге қағу үшін, сондай-ақ басқа да жұмыстарға пайдаланылады. Балға екі бөліктен тұрады. Негізгі болып соққыш бөлігі саналады, ол ауыр металдар қорытпасынан жасалады.
Технологиялық карта үлгісі
№
Жұмыс жасау реттілігі
Қолданатын құрал-саймандар мен материалдар
Дайындама өлшемдерін белгілеу;
Графикалық көрінісі
Ортасын белгілеу;
Аралау;
Дайындаманы белгілеу;
Дайындау;
Тегістеу.
- Ұста құрылғысы
- Кескіш ара
Қиғаш қашаумен жону.
- Ұста құрылғысы
- Қиғаш қашау
Негізгі сұлбасын шығару;
Құрылғыға орнату.
- Ұста құрылғысы
- Тегістегіш қағаз
тегістегіш қағазбен тегістеу.
Дайындаманы белгілеу;
- Тегістегіш қағаз
- Кескіш ара
Аралау;
Тегістеу.
Қашау – тазалап, өңдеу үшін қажет. Сондай — ақ ұста қашауының бірнеше түрі бар, оларды жүзінің еніне байланысты айырады.
Ағаш балға – ағаштан немесе резеңкеден жасалған болуы мүмкін. Ағаш балға қашаумен жұмыс істегенде қолданылады, оның сабы ұстауға ыңғайлы болады. Ағаш балғаны қолдану кескіш аспаптардың сабын бүлдіруден сақтайды.
Қол бұрғы – әр қилы диаметрлі саңылаулар бұрғылауға арналған құрал.
Ағашты қолмен өңдеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері:
Жарақат алу себептері дұрыс емес саймандарды қолданудан немесе құрал-саймандарды дұрыс пайдалана алмаудан болуы мүмкін.
- Сондықтан жұмысқа дейін: 1. Жұмыс киіміңді киін (фартук,халат). 2. Жұмысқа қажетті құрал-саймандарынды түгендеп, мұқият тексер (верстактың қысқыш қораптарын, тіреуішін және сыныларын т.б.). 3. Жұмыс орныңды, саймандарынды ережеге сай орналастыр.. Жұмыс орныңда артық ешнәрсе тұрмасын.
- Жұмыс кезінде: 1. Дайындаманы верстакқа мықтап бекіт. 2. Әр амалды өзіне тиісті сайманмен атқар. Саймандарың қайралған әрі жарылмаған болсын. 3. Нұсқау карта бойынша әр амалдарды (қосу,жөну,тесу,біріктіру т.б.) өзіне тиісті құралды пайдаланып атқар. 4. Жұмыс орныңды әрдайым тазалап отыр. 5. Жұмыс кезінде әр нәрсеге алаңдама. 6. Құрал-сайманың бүлінсе міндетті түрде ауыстырып ал.
- Жұмыстан кейін: 1. Жасап жатқан бұйымыңды, материалдарды кезекшіге немесе мұғалімге тапсыр. 2. Жұмыс орныңды ретке келтір. Қолмен сыпыруға, ауызбен үрлеуге болмайды. Верстактың қысқыш қораптардың арасын 25 мм етіп қой. 3. Өзіңді ретке келтір. 4. Шеберханадан мұғалімнің рұқсатымен шық.