| Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Халықтар географиясы | |
| Күні: 26.02.20 | Мұғалімнің аты-жөні: Нетжанова Ж |
| Сыныбы: 7а,б | Қатысушылар саны: | қатыспағандар: |
| Сабақ тақырыбы | Дүниежүзінің тарихи-мәдени аймақтары |
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.4.1.3 халықтың этникалық және діни құрамына байланысты дүниежүзінің тарихи-мәдени (өркениеттік) аймақтарының қалыптасуын түсіндіреді; 7.1.1.3 географиялық дереккөздермен (карта, сурет, мәтін, фотосуреттер, графикалық материалдар) жұмыс істейді |
| Бағалау критерийлері | Өркениет және тарихи-мәдени аймақ ұғымдарын түсіндіреді және олардың басты белгілерін анықтай алады Өркениеттік белгілер мен тарихи-географиялық аймақтардың қалыптасуының арасындағы байланыстарды түсіндіреді. Оқушылар тарихи-мәдени аймақты жоспар бойынша сипаттайды. Тарихи-мәдени аймақтар картасында Қазақстанның орнын нақтылай алады. |
| Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика және терминология: Тарихи –мәдени аймақтар, Өркениет Диалогқа және жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Тарихи-мәдени аймақтар ............айтады |
| Құндылықтарды дарыту | Тақырыпты ұғындыры отырып, оқушыларды бірлікке ынтымаққа үйрету, ел бірлігін насихаттау. Ғаламдық азаматтық қағидатын түсіндіру. |
| Пәнаралық байланыстар | Тарих, |
| АКТ қолдану дағдылары | Ғаламтор желісінде тақырыпқа қатысты ақпараттарды таба алады. Ақпараттарды өңдеп графикалық түрде ұсына алады. |
| Бастапқы білімдер | Дүниежүзі халқының діни құрамы |
| Сабақ барысы |
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
| Сабақтың басы | Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу, сыныпта қолайлы орта қалыптастыру, сыныпты топқа бөлу. Оқушылар экскурсия автобусына мінеді. 1 -аялдама Сыныпта қолайлы орта қалыптастыру үшін «Жүректен жүрекке» әдісімен бір –біріне тілектер айтылады. 2-аялдама Үй тапсырмасын сұрау: www.plickers.com тест жұмысын орындау. Дескриптор: Бағалау: «Шапалақ ұру» әдісі 3-аялдама . Оқушыларға суреттер көрсету арқылы жаңа сабақ тақырыбын анықтаймыз. | Маркерлік тақтаны пайдаланыңыз немесе баламасы ретінде PowerPoint презентациясын көрсетіңіз: |
| Сабақтың ортасы | Жаңа сабақ.. Мұғалімнің сабақты қысқаша түсіндіруі 4-аялдама Өркениет (лат. сіvіlіs – азаматтық) – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. Ежелгі римдіктер бұл ұғымды “варварлықтар” деп өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Олардың түсініктері бойынша “Өркениет” азаматтық қоғам, қалалық мәдениет, заңға негізделген басқару тәртібі қалыптасқан рим империясының даму дәрежесін білдірген. Өркениет мәдениет ұғымымен тығыз байланысты. Тарихи-мәдени аудандар –әрқайсысының бір-біріне ұқсамайтын өзіндік даму жолы бар аудандар.Олар: халқының өмірі,тарихи тағдыры,әлеуметтік-экономикалық дамуы және бірге қалыптастырған мәдени- тұрмыстық ерекшеліктері ұқсас аумақтар. Ежелгі заманда және қазіргі кезде де тарихи –мәдени аудандар материалдық мәдениеттің ерекшелігі арқылы анықталады. Олар: дәстүрлі үйлер,көлік түрлері,тағамдары,киім және салт дәстүрлері, діни наным-сенімдері және т.б 5-аялдама Топ аттары: 1-топ: Хеопс пирамидасы 2-топ: Тәж- Махал мешіті 3-топ: Бәйтерек кешені Алдарына берілген қағаз қиындылары арқылы топ аттары белгіленеді. Оқушылар бірін бірі бағалайды. Дискрипторлар: Суреттер бойынша жеті кереметті анықтайды; Ғаламтор желісін пайдалана отырып ,Әр сурет бойынша тарихи-мәдени нысанға сипаттама береді. Жеке жұмыс.«Қар кесегі» әдісі арқылы бір біріне сұрақтар қояды. 6-аялдама Сергіту сәті. «Сиқырлы әріптер» Мысалы: «А» әріпі Америка Азия Амазонка Анд 7-аялдама №2 Тапсырма: Жеке жұмыс. Дәстүрлі әдет-ғұрыптар,діндер,ескерткіштер беріледі.Қай тарихи-мәдени аймаққа жататынын анықтайды. | |
| Сабақтың соңы Үйге тапсырма | 8-аялдама Кері байланыс Өзіңнің 7 кереметіңді құрастыр | |
| Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
| | | |
| Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаты/мақсаттары шынайы болды ма? Оқушылар бүгін нені оқыды? Оқыту ахуалы қандай болды? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз |
| |
| Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |