Просмотр содержимого документа
«7 сынып Операциялық жүйе.»
І. Сабақтың тақырыбы: WINDOWS операциялық жүйесі. Жұмыс істеудің бастамасы.
ІІ. Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: WINDOWS операциялық жүйесімен таныстыру, әр бірінің қызметіне жеке тоқталып өту. Оқушыларға қосымшалар мүмкіндіктерін меңгерту. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың іскерліктерін, өз бетімен еңбектену сезімдерін, білімдерін дамыту. Байқағыштық, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Олардың шығармашылық сауаттылығын және компьютерлік шеберлігін дамыту.
Тәрбиелігі: Қауіпсіздік техника ережесін сақтауға, орындауға, алатын білімнің маңыздылығына сенімді тәрбиелеу. Оқушылардың ойлау қабілеттерін кемелдендіру, ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, ойын арқылы пәнге деген қызығушылығын дамыту және топпен жұмыс істеу мәдениетін,ұқыптылыққа, ізденушілікке,өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Құрал – жабдықтар, көрнекті құралдар:
Компьютерлер, Power point бағдарламасы, мультимедиялық тақта, электронды оқулықтар.
Сабақтың кезеңдері:
Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасы «Қауіпсіздік техникасын сақтау ережелері»
Компьютердің құрылғыларына шолу «Сұрақ - жауап»
Бір килобайт неге тең? (1024 байтқа)
Ат берілген байттар тізбегі? (файл)
Мәтіндік және сызбалық ақпараттың сандық көшірмесін әзірлейтін құрылғы? (сканер)
Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас? (интерфейс)
Бит бұл? (0 немесе 1 мәнін қабылдайтын ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі)
Вирустың кері әсерін жоятын программа? (Антивирус)
Компьютердің миы? (процессор)
Монитор дегенімі не? (мәтіндік және сызбалық ақпаратты бейнелейтін құрылғы)
Информатика дегеніміз не? (Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым)
Microsoft фирмасын құрған адам? (Билл Гейтц)
ІІ. Жаңа сабақ
WINDOWS қосымшаларымен таныстыру




ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Операциялық жүйе дегеніміз не?
Операциялық жүйе компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын және програмалық жасауының жұмысын басқарук үшін қажет екенін білесіңдер. Ол компьютер мен адамның арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, демек, Операциялық жүйе - бұл компьютердің іске қосқан кезде жүктелетін және барлық құрылғылардың жұмысын басқаратын арнайы программа. Операциялық жүйе – ол есептеу процестері мен компьютерді басқару және пайдаланушы мен аппаратураны байланыстыратын жинақталған программа. Операциялық жүйе адам мен компьютердің электрондық құрауыштары және қолданбалы программалар арасында келістіруші қызметін атқарады. Ол адамның программаларды іске қосуына, барлық мүмкін деректерді оларға беруге және олардан алуға, программа жұмысын басқаруға, компьютердің және оған қосылған құрылғылардың параметрлерін өзгертуге, ресурстарды қайта бөліп беруге мүмкіндік береді. Дербес компьютерде жұмыс істеу, шынында, оның операциялық жүйесімен жұмыс істеу болып табылады.
Біз үшін компьютермен қарым-қатынас жасаудың қолайлы әдісі –операциялық жүйе қамтамасыз ететін интерфейс маңызды.
Сабақты бекіту.
Оқушылардың білімін тексеру.
Операциялық жүйе дегеніміз не? Не үшін қажет?
Жүйе параметрлерін баптау үшін шақырылатын терезе ?
Windows операциялық жүйесіндегі маңызы зор буфер ?
7 сыныпқа арналған электрондық оқулық.
Практикалық сабақ:
1-тапсырма.
Басқару панелін пайдаланып күн мен уақытты баптау.
2-тапсырма.
Басқару панелін пайдаланып жұмыс үстелінің фонын баптау
3-тапсырма.
Басқару панелін пайдаланып басқару схемасын баптау.
Бағалау:
Үйге тапсырма: 3-тарау, 53-68 беттер.