СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

8 наурыз ертеңгілік

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

«8 наурыз – аналар күні» ертеңгіліктің сценариі

Просмотр содержимого документа
«8 наурыз ертеңгілік»


«8 наурыз – аналар күні» ертеңгіліктің сценариі

(№ 1; №4- ІІ-кіші топтарына арналған, 2018)

Мақсаты: 8 наурыз мерекеге байланысты көңіл күйді сезінуге үйрету; балалардың музыкалық қабілеттерін әрі қарай дамыту; әндерге, билерге сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

Кейіпкерлер: Көктем, Тауық, Бүркіт– үлкендер; Ақтөс-күшік – бала.

Керекті құралдар: үлкен гүлдер (биге); үлкен кастрөл, ожау,көкөністер-муляждар (ойынға) .

Репертур: 1) Әндер: «Менің анам», «Бүгін бізде мереке», «Балапан», «Әжетай»; 2) Билер: «Көбелектер», «Балапандар», «Спорттық» биі;

3) Ойындар: «Бүркіт пен балапандар», «Аспазшылар».

Атрибуттар: үлкен үйшік, «көбелектердің» бас-киімдері мен қанаттары; «күшіктің» киімі; «балапандардың» киімдері; үлкендерге – «тауықтың» және «бүркіттің» киімдері.

Кейіпкерлер: Көктем, Тауық, Бүркіт– үлкендер; Ақтөс-күшік – бала.


Залдың іші мерекеге сай әдемі безендірілген. Залға Жүргізуші кіреді.

Жүргізуші: Қымбатты аналар, әжелер, құрметті қонақтар! Бүгін біз «8 - Наурыз» аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз.

Құтты болсын осы шаттық күніңіз,

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.

Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз!

-Біздің бүлдіршіңдер бүгін сіздерге «Көктемгі мерекесін» дайындады.

Музыка ырғағымен залға билеп балалар кіреді.

Жүргізуші: Бүгін – наурыздың сегізі,

Сұлулықтың негізі.

Әдемі сөз адамның,

Анаға айтар лебізі.

Балалардың тақпақтары:

1-бала: Мамаларды сүйеміз,

Сөзін ойға тұеміз.

Әжені да ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

2-бала: Ақ анашым, аппағым,

Өзің жайлы тақпағым,

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрен де!

3-бала: Мерекені қарсы алып,

Мәз болады барша жұрт,

Гүл ұсынып анаға,

Бердім өзім ән салып.

4-бала: Ана деген – таза бұлақ,

Шөлдегенде су берген. 1

Ана деген жасыл құрақ

Баласының бақытына гүлденген

Ән «Менің анам»

Балалар (әннің аяғында хормен айтады): Сүйемін сені, анашым! – орындарына отырады.

Жүргізуші: Қар, мұз еріп,

Су көбейіп,

Сай-салада ағады.

Бүршік шашып,

Жапырақ ашып,

Жер гүл шашақ тағады.

Балалар, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

Балалар: Көктемде!

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, көктемде. Қанеки, ортаға тұрып ән шырқайық, мерекемізге Көктемді әнімен шақырайық!

«Бүгін бізде мереке!» әні

Музыка сүйелмеумен, залға билеп Көктем кіреді.

Көктем: Сәлеметсіңдер ме, балалар! (балалар амандасады) Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! (қонақтар амандасады)

Көктем: Наурыз айы көктеммін,

Күлемдеп күмбез көкте күн.

Жайқалған жасыл жапанға,

Жылулық нұрын төккенмін.

Жүргізуші: Келгеніне қуаныштымыз, төрлет Көктем. Балалар сені көп күтіп, саған тақпақтарын дайындады.

Көктем: Қане, тақпақтарыңды тыңдайық.

Балалардың көктем туралы тақпақтары.

Көктем: Көктемде табиғат оянады, гүлдер өседі (көрсетеді: осы кезде тәрбиешіөкөмекші кілемге гүлдерді қояды)...Гүлден гүлге көбелекер ұшады, қараңдаршы! – осы кезде қыздар-көбелектер гүлдерге «ұшып келеді».

Би «Көбелектер»

Көктем: Рахмет сендерге, балалар...(үйшікті көріп) Қандай әдемі үйшік! Кім үйшікте тұрады екен?

Жүргізуші: Үйшікте кішкентай балапандар тұрады...Келіңдер, балалар, балапандарға ән айтып берейік!

Ән «Балапан»

Көктем: Балапандардың анасы қайда?

Залға билеп, Тауық кіреді

Тауық: Ко-ко-ко. Мен осындамын...Сәлеметсіз бе, Көктем. (Көктем амандасады) Сәлеметсіңдер ме, балалар? (Балалар амандасады) Келіңдер, балапандарым, мерекені, би билеп, қарсы алайық!

«Тауық пен балапандар» биі

2

Осы кезде залға Бүркіт ұшып келеді

Бүркіт: Қандай дәмді балапандар! Қазір мен сендерді ұстап аламын, - деп, балапандарға жақындамақшы болады; Тауық оны балапандарға жақындатпайды.

Ойын «Бүркіт пен балапандар»

Тауық: Ақтөс, Ақтөс! Кел көмекке!

Ақтөс жүгіріп, үрлеп, Бүркітті қуады; Бүркіт қашып:

«Құтқарыңдар! Құтқарыңдар!» – деп, ұшып кетеді.

Тауық: Рахмет саған, Ақтөс!

Жүргізуші: Қараңдаршы, балалар, Ақтөс күшік балапандарды бүркіттен құтқарды.

Тауық: Көктем, балалар, мен балапандарымды осында қалдырайыншы. Жұмысым көп, Бүркіттен қорқамын.

Жүргізуші: Әрине, қалдырыңыз.

Тауық: Рахмет сендерге, - деп, қуанып кетеді.

Көктем: Балалар, 8 наурыз – ол әжелердің де мерекесі. Сендер әжелерді жақсы көресіңдер ме?

Балалар: Иә, жақсы көреміз!

Жүргізуші: Біздің балалар әжелеріне арнап тақпақтар мен ән дайындады.

Балалардың тақпақтары:

1-бала: Өзің мені өсірген,

Айналайын, ақ әжем.

Тентек болсам кешірген,

Балдай тәтті бал-әжем.

2-бала: Менің әжем, жыр әжем!

Шуағы мол нұр әжем!

Ақ таяққа сүйініп,

Аман-есен жүр әжем!

3-бала: Ақ әжемді әрқашан,

Сыйлап, жақсы көремін.

Қуантайын деп оны

Өлең айтып берейін.

Ән «Әжетай»

Көктем: Иә, әжелеріңді өте жақсы көресіңдер екен. Әжерелеріне қалай көмектесесіңдер?

Жүргізуші: Біздің ұлдар, Аспазшының көмегімен, әжелеріне көже пісіреді. Қайда біздің кішкентай аспазшылар? Шығыңдар ортаға!

Ортаға Аспазшы мен ұлдар биге шығады.

Жүргізуші: Қанеки, кішкентай аспазшылар, әжелерге көмектесейік – көкөністерден көже пісірейік.

Ойын «Аспазшылар»:

Шарты: аспазшылар-балалар көкөністерден «көже пісіреді».

Көктем: Қане, көженің дәмін көрейік. Ммм, өте дәмді екен! Әжелерге қалай жақсы көмектесесіңдер! Қандай жақсы аспазшыларсыңдар!

3

Жүргізуші: Және біздің балалар спротпен де айланысады. Қараңдаршы!

«Спорттық би»

Көктем: Қандай көңілді би! Қандай тамаша мереке! Рахмет сендерге, балвлар! Маған өте ұнады. Сау болыңдар, кездескенше, балалар - деп, кетеді.


Жүргізуші: Құлпырған гүлдей,

Көктемгі күндей.

Жылулық бізге

Төгетін үзбей –

Мың рахмет аналарға!

Жүргізуші: Балалар, осымен 8 наурызға арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Ад, мерекені біз топта жалғастырамыз. Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар, құрметті қонақтар!

Көңілді музыка ырғағымен балалар топқа қайтады.





























4



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!