СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Домбыра - шоу"

8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік

Балалар екі - екіден залға кіріп, би билейді.

Жүргізуші:

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың - аясындай гүл бақтың.

Мен өзіңмен қайда болсам біргемін.

Махаббатың жүрегімде жүр менің.

Күн нұрындай - жадырай бір күлгенің

Қандай жақсы ортамызда жүргенің!

Домбыраның үні шығады. (күй)

Жүргізуші: Мынау ненің дауысы? Ел ішіне кең таралған домбыраның дауысы ғой. Ендеше "Домбыра - шоу" басталады.

Өлең айтып домбырашы кіреді:

- Сәлеметсіздер ме, балалар. Мен сендерге жай келген жоқпын. Менің сиқырлы қоржыным бар, оның ішінде асықтар. Олар барлық тілектеріңді орындайды.

Жүргізуші: Дұрыс айтасың домбырашы. Әр асықтың өз нөмірі бар. Әр нөмірге балалар өз өнерлерін дайындаған. Ал, шоуды бастайық.

Домбырашы қонақтың біреуіне қоржынның ішінен асықты алғызады, нөмірін атайды.

Жүргізуші: Нөмір ... Өте жақсы.

Әр бала өз анасын жақсы көреді, сондықтан "Құттықтаймын мама" атты өлеңнен басталады. Қабыл етіңіздер.

         Өлең "Құттықтаймын мама"

Домбырашы: Келесі асықты алыңыз. Нөмір...

Жүргізуші: Бұл да өнердің бір түрі. Бүгінгі тақпақтар аналарға арналады.

 Даяна: Сыйлайыншы гүлімді

             Теріп алған даладан

             Мейрамыңыз бүгінгі

             Құтты болсын, анажан

Қанат: Бізді өсірген анашым

            Еңбегін де зор екен

            Құтты болсын, анашым,

            Құтты болсын мерекең

Аманжол: Ана - біздің күніміз

                 Ананың біз - гүліміз

                 Ұланды ана қуантып

                 Ұзақ өмір сүріңіз

Аружан С.: Еркелесем, күлімдейтін

                    Ұрысқаны білінбейтін

                    Маңдайымнан иіскеп менің

                    "Құлыншағым, күнім" дейтін

Қайрат: Біз доспыз гүлдермен

              Текке оны жұлмаймыз

              Той күні бір-бірден

              Анаға сыйлаймыз

Айдана: Ақ көңілін кірлетпейік

              Анашымыз аман болсын

              Анамызды құрметтейік

              Досым менің, бала досым

Мендеке: Үн қатасың бал тілмен

                Еркелеймін әр күн мен

                Құттықтаймын анашым

                Сегізінші наурызбен!

Лейла: Үмітіңді сенің ғана

            Ақтау үшін өмір сүрем

            Аяулы ана, асыл ана

            Саған сенем, сені сүйем

Домбырашы: Нөмір...

Жүргізуші: Ұлдар аналар мен қыздарды құттықтап, мына әзіл биді сыйлайды.

          Би "Джентельмен"

Домбырашы: Домбыра - шоуды жалғастырайық,

                       Тілектерді орындайық. Нөмір...

Жүргізуші: Бүгінгі жақсы сөздер, өлеңдер сіздер үшін  құрметті аналар. Балалардың орындауында "Айналайын анашым" әнін қабыл етіңіздер.

          Ән "Айналайын анашым".

Домбырашы: Нөмір...

Жүргізуші: Енді ойынмен көңіл көтерейік.

         Ойын "Қыз болу қандай?"

Ойынға 4 ұл қатысады. Кім тез қыздың киімін бір-біріне кигізеді (юбка, күрте, моншақ, бантик)

Домбырашы: Домбырам шырқа

                         Тілектерді орында

                         Нөмір...

Жүргізуші: Бұл нөмірдің иесі - құрметті, ардақты, аяулы әжелеріміз. Оларға арнап балалар өлең, тақпақтар айтып береді.

Аружан И.: Кимешегін, жаулығын,

                    Теңеп аппақ гүлге мен

                    Әжемнің денсаулығын

                    Тілеп жүрем күнде мен

Зада: Әжем өрнек тереді

         Сырмақ сырып, оюлап

         Басы ауыра береді

         Шай ішпесе қоюлап

              Ән "Әже"

Домбырашы: Мен асықты алуға бір әкеге ұсынамын. Нөмір...

Жүргізуші: Бүгінгі барлық сөздер, өлеңдер тек қана әйелдерге арналады, сіз ренжімейсіз бе? (жауап)

- Дұрыс, ренжімеңіз, балалар бәрібір әкелерін ұмытпайды. Мынау би ді қыздар сіздерге арнайды.

               "Қолшатыр биі"

Музыка. Шапокляк кіреді.

Шапокляк: Мынау не жиын?

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, құрметті Шапокляк. Біз бүгін өз сүйікті әже, аналарымызды 8 наурыз мерекесімен құттықтап отырмыз.

Шапокляк: Жарайды, солай болсын. Қандай жамандық істеуге болатын еді, а?.. Бірақ, біз Клариса екеуіміз біреуін істедік, солда жарайтын шығар.

Жүргізуші: Қандай, білуге бола ма?

Шапокляк: Біз сендердің барлық сыйлықтарыңды тығып қойдық.

Жүргізуші: Қалай? Сіздің құқыңыз жоқ.

Шапокляк: Хм, әрине бар. Солай ма, Клариса?

Жүргізуші: Құрметті Шапокляк, неге олай істедіңіз, әйел адам, әжелер жамандық істемейді ғой

Шапокляк: Ха, "әйел адам, әже" дейді. Осыны біреу ескерді ма? Бәрі де "Шапокляк - жаман, қу, мыстан кемпір" дейді. Мүмкін, мен де жақсы, әдемі сөздер естігім келетін шығар

Жүргізуші: Ренжімеңіз енді, аяулы Шапокляк. Біз балалармен сізді де мерекемен құттықтаймыз.

Балалар: Құттықтаймыз.

Жүргізуші: Балалар сізге арнап өлең, би орындап береді.

                 Өлең "Анашым - анам"

                "Лентамен би"

Шапокляк балалармен ойындар ойнайды "Ана сезімі", "Кім шапшаң"

Жүргізуші: Құрметті Шапокляк, енді бізге сыйлықтарды қайтарасыз ба?

Шапокляк: Сендер менің көңілімді көтердіңдер ғой, сондықтан сыйлықтарыңды қайтарамын. Клариса, сен қайда тығып қойдың? (Сөмкесіне құлағын тосып тыңдайды. Залдың бір жерінен табады)

Балалар өз аналарына жасаған сыйлықтарын таратады.

Жүргізуші: Үлкен рахмет сіздерге, Шапокляк, Домбырашы. Балалар сіздерге де сыйлық дайындап қойды.

 Шапокляк: Рахмет. Ендеше мен жақсы істерді атқаруға кеттім. Сау болыңдар!

Домбырашы: Балалар, мен де жол жүрейін. Барлығыңызға жақсылық тілеймін. Келесі кездескенше сау болыңдар.

Просмотр содержимого документа
«8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік»