СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

9 мамыр – Жеңіс күні мерекесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Конспект занятия по развитию речи для средней  группы на тему: "9 мая - День Победы"

Просмотр содержимого документа
«9 мамыр – Жеңіс күні мерекесі»

Ортанғы «Айгөлек» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні:08.05.19.

Тәрбиеші:Есенгазина А.Е.

Білім саласы: «Қатынас»

Пән: Тіл дамыту

Тақырыбы: «9 мамыр – Жеңіс күні мерекесі».

Мақсаты: Әскер туралы балалардың білімін қалыптастыру. Ұлы Отан соғысының ардагеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Ержүрек, батыр, күшті болуға тәрбиелеу.

Педагогикалық технологиялар: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойын.

Ресурстармен қамтамасыз ету: Әскери адамдар туралы мазмұнды суреттер.

Билингвалды компонент:жеңіс –победа, күн-день

Сөздік жұмыс:Суреттегі түсініксіз сөздерді айтып, мағынасын түсіндіру (соғыс, неміс и т.б.сөздер).

I.Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

  1. Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)

Бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы «9 мамыр – Жеңіс күні мерекесі».

-Біздің Отанымыз, туған жерімізді ержүрек ағаларымыз, апаларымыз алып берген Жеңіс күні болып тойланады.

Балалар мұқият, қызығушылықпен тыңдайды.

II.Негізгі бөлімі

  1. Әңгімелесу

Суреттерді көрсету.

Сұрақ-жауап:
-Балалар сендер «әскер» деген ұғымды қалай түсінесіндер?

-Әскерге бару әр баланың міндеті. Әр ер бала әскерге барып, азаматтық борышын өтеу керек. 

-Біз қазір тату, молшылықта, бейбіт өмір сүріп жатырмыз, кімнің арқасында.
-Осыдан 69 жыл бұрын біздің ата-бабаларымыз біздің болашағымыз үшін немістермен соғысып, жеңіп шыққан. Бұл 1945 жылдың 9 мамыр күні болатын. Осыдан бері бұл күн «Жеңіс күні» деп аталады. Соғыс 4 жылға созылды, яғни 1941жылы басталып 1945 жылы аяқталды. Осы соғыста бабаларымыз көп қиыншылықтар көрді, олар күндіз – түні соғысты, ұйықтамады, аш жүрген күндері болды. Соғысқа байланысты көптеген видеофильмдер, суреттер бар. Қазір бәріміз суреттерге көңіл аударамыз.

Суреттерді көрсету.

-Бұл суреттерде не туралы айтылған?

-Соғысқа қатысқан ата-әжелерімізді қалай атаймыз?

-Дұрыс айтасындар, біз оларды құрметтеп сыйлауымыз керек.

-Қарандаршы, балалар мына суретте Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова. Олар да соғысқа қатысқан батыр қыздар. Олар бізді жаудан қорғап, жерімізді жауға бермей алып қалды.

Сөздік жұмыс. Суретегі түсініксіз сөздерді айтып, мағынасын түсіндіру.

Билингвальдық компоненті: Жеңіс күні-день победы. 

Балаларды саппен жүргізу.

2.Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі .

Кіп – кішкентай балалар,

Үп-үлкен боп өседі.

Назарларын суреттерге аударады.

Әр бала өз ойын айтады.

Мұқият, қызығушылықпен тыңдайды.

Суреттерді қызығушылықпен қарайды.

Түсінгендерін әр бала әңгімелеп береді.

Сөздерді күнделікті өмірде қолдануға тырысады.

Сөздерді қайталап, есте сақтауға тырысады.

Балалар әуен ырғағымен солдаттарша жүреді.

3. «Өз орнын табу» ойыны

Мақсаты: Балалардың түстер туралы түсініктерін бекіту, жылдамдыққа, ептілікке баулу.

Шарты: қызыл, жасыл, сары жалаушалардың түстеріне қарай топтасу.

III.Қорытынды. (2 мин)

Сұрақ-жауап арқылы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін бекіту.
Балаларды мақтап мадақтау.
Балаларға жұлдызшалар тарату.
Сұрақтарға жауап береді.
Риза болады.