СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

А-Ә дыбыстарын ажырату

Категория: Логопедия

Нажмите, чтобы узнать подробности

Поурочное планирование по акустической дисграфии.

Просмотр содержимого документа
«А-Ә дыбыстарын ажырату»

Сабақттың тақырыбы: А – Ә дыбыстарын ажырату.

 Мақсаты:  /А/ — /Ә/ дыбыстарын буында, сөздерде, сөз тіркесінде, сөйлемде ажырату. Есту арқылы  /А/ — /Ә/ дыбыстарын басқа дыбыстардан ажырату. Дыбыстардың кескінімен жұмыс. Фонематикалық түйсігін қалыптастыру. Балалардың сөздік қорын молайту, ой – өрісін, есту сақтау қабілетін дамыту. Мәтінді есту мүмкіндігінде қабылдау. Өз бетінше тілдік материалмен жұмыс жасауға үйрету. Сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Түзету жұмыстарын жүргізу. Есту, сөйлеу қабілетін дамыту.

 Көрнекілігі: Айна,суреттер, карточкалар, кеспе мәтіндер.

  Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру.

— Амандасу

 ІІ. Тіл жаттығулары жасау.  

  - Ал, енді, балалар бүгінгі сабағымызды бастайық. Сабағымызды әдеттегідей  артикуляциялық  жаттығумен  бастайық.

  «Терезе» - «бір» дегенде ауызды бірақ ашу (терезе ашылды), «екі» дегенде ауыз жабылды (терезе жабық).

  «Тұмсық» - ерін мен тістер жұмылған. Күшпен ерінді түтікшенің көмегімен тарту. Осылай 5 секунд ұстап тұру.

  «Сағат» - Күлімсіреу, аузыңды ашу. Тіліңнің ұшын «бір-екі» дегенде аузыңның бір бұрышынан екіншісіне апару.

  «Маса» - Ауыз ашық. Тілімізді үстіңгі күрек тістердің артына апарып, «дззззз»  дыбысын шығарамыз.

   «Тарақ» - Күлеміз, тілімізді шығарып, тісімізбен  тілімізді басып, тілімізді алдыға-артқа тараймыз.

   «Ат шауып келеді» - Күлеміз, аузымызды  ашамыз,тілдің ұшын таңдайға  апарып  тақылдатамыз.

Жылдың неше мезгілі бар?

Бір жылда неше ай бар?

Сенің жасың нешеде?

 ІІІ. Дыбыспен жұмыс.

а) /А/ — /Ә/ дыбыстарының кескініне қара.

Кескіндерді ажырату.

ә) /А/ — /Ә/ дыбыстарын созып, қысқа айту.

А________а                                             Ә__________ә

б) Фонематикалық түйсігін қалыптастыру.

па – па – па                 мә – мә – мә

пә – пә – пә                 са – са – сә

та – та – та                  ка – ка – кә

в) Ойын. «Мен көп білемін»

/А/ — /Ә/ дыбыстарына байланысты сөздерді өздері ойланып айту.   (таяқшамен қанша сөз айтқанын санау)

 г) Сөз тіркесін құрастыр.

Сәбіз, дәуіт, қант, тау, жапырақ, шар.

Тірек сөздер: биік, түрлі түсті, қызғылт сары, жасыл, тәтті.

 д) Суретке қарап сөйлем құрастыру.

— Апам дәмді ас әзірледі.

— Ұшақ әуежайдан аспанға биік ұшты.

— Әмір әжеме гүлдің суретін салды.

— Әсем ыстық шәйнекті үстелге қойып жатыр.

 Сабақты қорытындылау.

— Қандай дыбыспен жұмыс жасадың?

— Сабақта не істедің?

Үйге тапсырма: Жанылтпашты жаттау:

Әтеш тұрып азанда,

Оятады әндетіп,

Әжем шайын әзірлеп,

Әкем жұмыс қамында.

 




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!