Сабақтың тақырыбы: А. Құнанбаев «Қыс»
Сабақтың мақсаты: ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмірімен таныса отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашу.
Нәтижесінде: оқушылардың сөздік қоры, тіл байлығы , ой-өрісі дамиды;
Табиғатты сүйетін және қорғауға деген жауапкершілікті сезінетін тұлға қалыптасады.
Түрі : жаңа сабақ.
Қолданылатын модульдер, әдістер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТО, АКТ-ны пайдалану, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқытуды басқару және көшбасшылық, талантты және дарынды балаларды оқыту, интербелсенді әдістер.
Негізгі дерек көздері және қолданылатын құрал – жабдықтар: Интербелсенді тақта, көрсетілім, оқулық, дәптер, қалам, ватман қағаздары, стикерлер, бағалау парағы, суретті журналдар, маркерлер, кубик.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа даярлығын байқау.
Психологиялық дайындық
Армысың , Алтын күн!
Армысың, Көк аспан!
Армысың, Жер ана!
Армысың , достарым!
Армысың, өзім!
( Оқушылар шеңбер бойы тұрып, бір-біріне жылы тілек айтады )
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
-Балалар, «Өткен өмірден » деген бөлімді аяқтап отырмыз. Бұл бөлімде қазақ халқының бастан кешкен қиындықтары мен тәуелсіздікке жету тарихын әңгімеледік . Осы бөлімді кубизм әдісі арқылы тиянақтайық.
1. «Мың жылдан артық уақыт өтсе де » ұмытылмаған кім ?
- Мың жылдан артық уақыттың қатігез сынынан мүдірмей өткен адамзат ұлдарының бірі- Әбу Насыр әл-Фараби.
2. «Қобыланды батыр» жырының авторы кім ?
- Батырлар жырын айтушылар да, бізге жеткізушілер де – жыршылар.
3. «Алпамыс батыр» жырындағы қару-жарағының аттарын ата.
- «Алпамыс батыр » жырындағы қару –жарақтар: найза , қылыш.
4. Баян тауын қорғаған кім ?
- Жасыбай батыр. Ол Баян тауының биік асуына барып бекінеді де, жоңғарлардың асудан өтуіне кедергі келтіреді. Сөйтіп Жасыбай батыр Баян тауын қорғап қалады.
5. Абылай хан, Қабанбай, Наурызбай, Бөгенбай батырлар туралы жырлардың авторы кім ?
- Абылай мен Тәуке хандардың тұсында аса ықпалды, әділ кеңесші Бұқар жырау.
6. Әлихан Бөкейханов кім ?
- Әлихан Бөкейханов- көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым. Бүкіл саналы ғұмырын халқының азаттық алып, еркін ел болуына арнаған.
ІІІ. Жаңа тақырып
- Бір жылда неше мезгіл бар ? ( 4 мезгіл )
-Жыл мезгілдерін ата. ( қыс, көктем, жаз, күз)
-Қазір жылдың қай мезгілі ? (қыс)
- Қыста табиғатта қандай өзгерістер болады ?
- Қар жауады, боран соғады, ағаштар жалаңаштанып, аяз болады.
- Қыс мезгілі несімен қызық ?
- Шанамен ойнаймыз, шаңғы, сырғанақ тебеміз, аққала жасаймыз.
-Қыс айларын ата. (желтоқсан, қаңтар, ақпан )
-Сендердің туған күндерің қай айда ?Осы туған күнге байланысты төрт топқа бөлінеміз.
1- топ – «Қыс » 3-топ – «Көктем»
2- топ – «Жаз » 4- топ – «Күз»
суық аяз
Қыс
қар боран
мұз аққала
тайғақ
-Олай болса, бүгін біз «Қыс бейнесі » деген жаңа бөлімді бастаймыз.
«Абай Құнанбаев» ( слайд көрсету)
- Балалар , мына суреттен көріп отырған қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы, кемеңгер, дана, ұлы ақынымыз Абай туралы не білеміз ?
аудармашы
ғалым
ұстаз ақын
Абай
сазгер
кемеңгер
дана
-Абай атамыздың бұрын қандай өлеңдерін оқыдық ?
- «Адам болам десеңіз», «Әсемпаз болма әрнеге !», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім».
І топ «Адам болам десеңіз» , ІІ топ «Әсемпаз болма әрнеге!» өлеңін мәнерлеп , жатқа айтып береді.
-Балалар, олай болса Абай өмірінен қысқаша мәліметтер алайық.
-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Абайдың табиғат сұлулығы жайында туған «Қыс » атты өлеңі болмақ.Бұл өлең 1888 жылы жазылған екен. Қазір осы өлеңді мәнерлеп оқып беремін, сендер мұқият тыңдап отырыңдар.
-Балалар, осы өлең ішінде сендерге таныс емес сөздер бар. Сол сөздермен танысайық.
Сөздік жұмыс
Оқшырайтып – бір шекесіне сәндеп кию
Шидем – жұқа тоқылған сырт киім
Ұшпа - жеңіл,жұқа қар
Оқулықпен жұмыс
Абайдың «Қыс » өлеңін іштей оқып шығайық.
«Топтық тергеу» әдісі
1-топ Сұрақ құрастырушылар
2-топ Бейнелеуші-суретшілер
3-топ Сахналау
Өлең мазмұны бойынша сурет салады.
4-топ Кейіпкерлерге мінездеме беру
І топқа тапсырма:
Ақын қысты кімге теңеген ? ( қысты адамға, кәрі шалға теңеген )
Өлеңдегі шалдың мінезі қандай ?( ол қатал, соқыр- мылқау адам сияқты).
Шалдың киімдері қандай ? ( ол ақ киімді, үстін ақ қырау басқан ).
Ақын суреттеп отырған шалды кімге ұқсатуға болады ? (ақ киімді, ақ сақалды Аяз атаға).
ІV. Сергіту сәті.
Қыс келді, алақай!
Ақ күміс қар жауды.
Ағаштар, бұлттар,
Ақ қарға оранды.
V. Дәптермен жұмыс.
Адам кейпіндегі қыстың суретін бейнелеп тұрған сөздерді тауып жазу, оқу.
Ақ киімді, денелі; ақ сақалды ;
Үсті-басы ақ қырау , түсі суық;
Бұлттай қасы жауып екі көзін.
VI. Шығармашылық жұмыс.
«Қыс бейнесі» коллаж құрастыру. ( Оқушылар суреттерден қыс бейнесін жасайды).
«Қыс» сөзіне синквейн құрастыру.
Картография әдісі бойынша Абай атамыздың жазған өлеңдерінің жылын анықта.
VII. Рефлексия
Бүгінгі сабақтан не білдік, не үйрендік ?
Сабақ сендерге ұнады ма ?
Сендерге не қызық болды ?
VIII. Бағалау. Топ басшыларының жиынтық бағасынан қорытынды баға шығару.
IX. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау, қыс туралы сурет салу.
Қыс мезгілінің адам өміріне пайдасы мен зияны туралы дерек жинау.