СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Абай Құнанбаев "Қыс" 3 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Абайдың азан шақырып қойған аты Ибрагим. Ол 1845 жылы тамыздың оныншы жұлдызында қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Шыңғыс тауында дүниеге келген. Абайдың әкесі Құнанбай бай адам болған. Абайдың анасы  Ұлжан ақылды, мейірімді кісі екен. Ал Абайды әжесі Зере тәрбиелеген. Ол Ибрагимді  «Абай» деп атаған. Абайдың азан шақырып қойған аты Ибрагим. Ол 1845 жылы тамыздың оныншы жұлдызында қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Шыңғыс тауында дүниеге келген. Абайдың әкесі Құнанбай бай адам болған. Абайдың анасы  Ұлжан ақылды, мейірімді кісі екен. Ал Абайды әжесі Зере тәрбиелеген. Ол Ибрагимді  «Абай» деп атаған.

Просмотр содержимого документа
«Абай Құнанбаев "Қыс" 3 сынып»

Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбаев «Қыс»

Сабақтың мақсаты:

а)білімділігі: автор жайлы мағұлмат бере отырып, өлеңнің мазмұнын түсіндіру, қыс мезгілін суреттей білуге үйрету.

ә)дамытушылығы: Бейнелі сөйлей білу дағдыларын, сөздік қорларын, тіл-дыбыстарын ой-өрісін дамыту.

б)тәрбиелігі: әр маусымның ерекшелігін байқата отырып, табиғат сырын түсінуге , ұқыптылыққа баулу.

Көрнекілігі: Абай Құнанбайұлы портреті, жыл мезгіліне байланысты суреттер, кітап бұрышы.

Түрі: жаңа білім беру.

Әдіс –тәсілдері: түсіндіру, топтастыру, бес жолды өлең стратегиясы.

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту

Жұмбақ жасыру.

Суда мұз бар,

Жерде қар бар,

Боран борап соғады,

Бұл қай кезде болады? (қыс)


Ендеше бүгінгі жаңа тарауды бастап тұрмыз. Бұл тарау «Туған жерге қыс келді» деп аталады.


ІІ. Мағынаны тану кезеңі

Бүгінгі өтетін өлеңіміздің авторы қазақтың ұлы ақыны – Абай Құнанбайұлы- ұлы ақын, данышпан ойшыл, аудармашы, сазгер.

  1. Абай туралы не білеміз?

  2. Абай өмірі туралы мәлімет.

Абайдың азан шақырып қойған аты Ибрагим. Ол 1845 жылы тамыздың оныншы жұлдызында қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Шыңғыс тауында дүниеге келген. Абайдың әкесі Құнанбай бай адам болған. Абайдың анасы Ұлжан ақылды, мейірімді кісі екен. Ал Абайды әжесі Зере тәрбиелеген. Ол Ибрагимді «Абай» деп атаған.

Қос ана қазақтың ертегі, аңыз жырларын көп білген. Абайға кішкене кезіен әңгімелерді қызықтыра айта отырып, оның санасына құя білген. Абай ауылындағы Ғабитхан деген татар молдасынан 3-4жыл сабақ алады. Әкесі зеректігін байқап, оны Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға береді. Сонда жүргенде өз бетімен орыс тілін үйренеді.

  1. Абай 12жасынан бастап өлең жаза бастаған.Абай өлеңдерінде білімге, ғылымға шақырған, жыл мезгілдерін, қазақ халқының өмірін суреттеген.

  2. Абай өз өлеңдерінде 20-дан аса әндер шығарған үлкен сазгер болған.

Абай – ақын:

  • «Қараша желтоқсан мен сол бір екі ай»

  • «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»

  • «қансонарда бүркітші шығады аңға» т.б.

Абай – данышпан

  • Абайдың қырық бес қара сөзі бар

Абай – аудармашы

  • Лермонтов, Пушкин, Крыловтың өлеңдерін қазақшаға аударған.

Абай – сазгер (Ән тыңдау)

  • «Желсіз түнде жарық ай» әнін тыңдау


  • Қазір жылдың қай мезгілі? (қыс мезгілі)

  • Қыстың басқа жыл мезгілдерінен ерекшелігі неде екенін айтайық.

Әрбір өлеңнің шығу тарихы бар.

«Қыс» өлеңінің шығу тарихы.

1884 жылы қыс қатты болып, ел жұтаған. Қар сәуірдің басында ғана кеткен. Сол кезді ақын өлеңмен бейнелеген. Зор тұлғалы, тірі жанды бейне етіп сипаттайды. Абай қысты қазақтың кәдімгі қара құдасына теңеу арқылы суреттейді. Қысқы отардағы малшы өмірі, күннің қатты суығы айтылған.


Оқулықпен жұмыс

Өлеңді мәнерлеп оқу.

Түсінбеген сөздерді түртіп алу.

9) Сөздік жұмысы

Өлеңнің шумағын анықтау және мазмұнын түсіндіру.

10) Өлеңді балалардың оқуы

1)Іштей оқу

2)Мәнерлеп оқу

Оқушылар 1 шумақтан мәнерлеп оқиды.

11) Топ оқушыларына тапсырма беру.

1-топ. «Қыс» тақырыбына әңгіме құрау.

2-топ. Қыс туралы не білеміз?

Өлең, мақал-мәтел, жаңылтпаш.

3-топ. «Қыс» тақырыбында пікірсайыс жүргізеді.

12) Сергіту сәті

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады, қатады,

Жып-жылтыр боп жатады.

13) «Қыс қызығы» дидактикалық ойын.

Ұяшықтың шешуін дұрыс тапсаң жауабы шығады.

  1. Сырғанайсың онымен,

Күнде қызық ойнайсың,

Күн суығын елемей,

Қызығына тоймайсың. (Шана)

  1. Тікен-тікен тік пісте,

Қысы –жазы бір түсте. (Шырша)

  1. Табаныма байладым.

Қос таяқпен айдадым. (Шаңғы)

«Ұйқасын тауып жалғастыр»

Қар жауады ...

Ойнауға жақсы –ақ

Осындай ...

Кім үйде жатпақ.

ІІІ. Қорытынды.

  1. Бір оқушы өлеңді мәнерлеп оқиды.

  2. Сұрақтарға жауап беру.

  • Өлеңде қыс мезгілі қалай суреттелген?

  • Ақын қыстағы адамдар өмірін қалай сипаттаған?

  1. «Қыс» бес жолды өлең құрастыру

1.Қыс

2.Суық, аязды

3.Келді, ашуланды, үсітті

4.Қыста күн аязды болады

5.Жыл мезгілі

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау, қыс туралы сурет салу, эссе жазу.