-Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевқа арналмақ. -Сендер ол туралы 5-сыныптан бастап хабардар болғансыңдар. Естеріңде не қалды? Кәне, еске түсірейікші. (оқушының жауабын күтеміз) -Жақсы, енді сендердің жауаптарыңды қорытындылау мақсатында тақтаға назар аударыңдар.слайд -Балалар,сонымен Абай кім? -Бәрекелді! Бұл кестедегі сөздердің ішінен қандай сөзді бірінші рет естіп тұрсыңдар? -Иә, дұрыс айтасыңдар. Ғалым-ағартушы деген жаңа сөз.Сөздік дәптерлеріңе түртіп алыңдар. -Бұл сөзді қалай түсінесіңдер? Ғалым-ағартушы деген кім? /оқушылардан жауап күтіп, оларды толықтыру/ -Ал енді ақынның шығармашылығына тоқталайық. Абайдың өлеңдері көбінесе табиғат лирикасына негізделген. Мысалы оның қандай өлеңдерімен таныссыңдар? -Жарайды. Олай болса тақтаға қарайық. 2-ші слайд -Бұл сызбаға қарап не айта аласыңдар? Дұрыс, яғни Абайдың табиғат лирикасына арналған, төрт мезгілді бірақ қамтитын 4 өлеңі бар екен. Кәне, мәнерлеп оқиық. /Әр қатардан 2 оқушы өлеңдерді оқиды, қалғандары бақылап отырады./ -Балалар, Абай жыл мезгілдеріне қандай сипаттама берген екен? Әр жыл мезгілін неге теңейді? /адамға ұқсатып суреттеген. Мысалы: қысты ақ сақалды қарияға тб/ -Мына суреттерге қарап әрбір жыл мезгіліне өз сөздеріңмен сипаттама беріңдерші. Ол үшін «Күз», «Жаз», «Қыс», «Көктем» деген 4 топқа бөлінеміз, әр топ өзіне бөлінген жыл мезгіліне мінездеме береді. /тапсырмаға 5 минут беріледі/. -Жақсы, енді кезекпен сипаттап беріңдер. /төрт топтың жауабы/. Енді алған білімді жинақтау үшін «Венн картасы» пайдаланамыз. Шарты: 3 өлеңін ғана алып салыстыру, ерекшеліктерн ажырату, ортақ ұқсастығын табу. (Венн картасы бойынша мұғалім оқушылардың жауабын тыңдайды, қорытып түйін шығарады) -Тамаша, балалар, ал енді біраз бой жазып, демалып алайық. СЕРГІТУ ЖАТТЫҒУЫ «Тақия тастамақ» ойыны іспеттес. Шарты: оқушылар сыныпта шеңбер құрып тұрады. Шеңбер ішіндегі жүргізуші шеңберді айнала жүріп 1 оқушыға тақияны кигізеді. Тақия киген бала өтіліп жатқан тақырыпқа қатысты бір сөз немесе сөз тіркесін айтады (Мысалы: күзге қатысты сары жапырақ, жауын, алғашқы қоңырау, қысқа қатысты қар, аққала, суық, аяз тб.) 3-4 мин. -Балалар, біраз серігіп алдық, олай болса сабағымызды жалғастырайық. Қазір әр топқа сөздер таратылады сол сөздерді «Синквейн» стратегиясын қолданып орындайсыңдар.
«Көктем» тобына: бәйшешек, күн, Наурыз сөздері «Жаз» тобына: демалыс, саяхат, лагерь сөздері |