Абай- ақылдың ақыны
Мақсаты: Қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау, дана ақын Абай Құнанбайұлының ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айтуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын кеңейту.
Озық ойлы, Абайтанушылар! Жыл керуені алға жылжыған сайын Абай Құнанбайұлының артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қайнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырап, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Асыл сөздері келешек заманымызда да гауһардай жарқырап, көзі ашық көкіректерге нұр болып құйыла берері хақ.
Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Бүгінгі кешіміз талантты ақынымыз Абай Құнанбайұлына арналады. «Абай оқулары» байқауына қош келдіңіздер.
«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе,» - деп Сұлтанмахмұт ағамыз айтқандай, сайысымыздың басты екі номинациясымен таныстырып өтейік.
Бірінші кезең: «Білімдіден шыққан сөз» Абайдың қара» сөздерін, өлеңдерін өз таңдауы бойынша мәнерлеп жатқа айту.
Екінші кезең: «Әнді сүйсең менше сүй...» Абайдың әндерін орындау ертеңгі күні жалғасын табады.
Енді осы байқауға сайыскерлеріміздің оқу мәнерін, әнді орындау сазы мен сахналық шеберлігін, дарындылығын бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:
1. Қазақ мектеп – гимназиясының директоры: Бұлбұл Ахмадиқызы
2. Директордың ғылыми әдістемелік жұмыс бойынша орынбасары Есенгалиева Айгүл Ерболқызы
3. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Қасқырбаева Жадра Қуаталиевна
4. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Негметжанова Гулжан Зейнуллиновна
5. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі: Тарбакова Диана Каиргелдиевна
Жарыстар өтсін алуан,
Сынасын күшін барлық жан.
Жүлдесін алып шаттансын,
Білімді, мықты әрбір жан.
Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы-дей келе
«Білімдіден шыққан сөз» атты номинациясы бойынша Абайдың қара сөздерін, өлеңдерін өз таңдауы бойынша мәнерлеп жатқа айту.
Ендеше бірінші болып сахнада:
Даярлық сынып оқушылары.
1 даярлық топ Дуйшанбе Адина – «Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап», «Ғылым таппай мақтанба»
2 даярлық топ Ерсаян Нұрасыл «Ғылым таппай мақтанба»
3 даярлық т Шалбай Бақдаулет «Ғылым таппай мақтанба»
Байсалбаева Дина «Қыс»
5 д т Серік Әмір «Күз», Катранов Нурсат «Ғылым таппай мақтанба»
Жақсылық Анэля «Алғашқы ұстаздар» әнімен.
Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы.
Ән мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның Абайы.
Нақылымен сана құйған,
Қазағымның Абайы.
Ақылымен дана болған,
Бүкіл әлем Абайы – дей отырып келесі кезекті 1- сынып оқушыларына береміз.
1 а сынып оқушысы Оңдасын Елнұр «Қыс»
1 ә сынып оқушысы Бисимбай Ясмина – «Желсиз тунде жарык ай»
1 б сынып оқушысы Кайырбек Шыңғыс «Әсемпаз болма әрнеге»
1 в сынып оқушысы Талгатов Арнур- Ғылым таппай мақтанба
1 г сынып оқушысы Дуйсен Ернар «Құлақтан кіріп бойды алар әсем ән мен тәтті күй»
1 ғ сынып оқушысы Дуйшанбе Ақниет «Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап»
Қазылар алқасынан даярлық және 1 сынып оқушыларына қоятын ұпай сандарын білейік.
Әділ - қазылар алқасының қорытынды ұпай сандары дайын болғанша оқушылардың өнерін тамашалайық.
Манкошева Жансая «Мерекелеріңізбен!» әнін қабыл алыңыздар.
Әділ қазылардан қорытынды ұпайларды сұрайық.
(диплом толтырып жатады, бұл уақытта Би 4 сыныптар, биден кейін 0-1 марапаттау)
Даярлық сынып және 1 сынып оқушыларын диплом және алғыс хатпен марапаттау үшін мектеп директоры Бұлбұл Ахмадиқызын ортаға шақырамыз.
Ақын Абай – қазақта дара тұлға,
Бөленер күміс ән мен сұлу жырға.
Оқымасам жырларын ұлы Абайдың,
Көкірегі толады жер мен мұңға.
Келесі кезекті 2- сынып оқушыларына береміз.
2 а Серік Алихан «Әсемпаз болма әрнеге», Жакупова Аяулым 19 қара сөзі
2 ә Исләмбек Алдияр «Жүрегім нені сезесің?», Манкошева Жансая 31 қара сөзі, Мұрат- Қали Айлана «Әсемпаз болма әрнеге»
2 б Қуаныш Мүслім «Қартайдық, қайрат қайтты, ұлғайды арман» , Кәрібай Ердаулет 19 қара сөзі, Жақсылық Анеля «Көзімнің қарасы»
2 в Казеева Нармин «Күз», Шаяхметова Меруерт, 18 қара сөзі,
Ерғали Назерке, Құсайын Айсана «Көзімнің қарасы»
2 г Аманжолова Адина «Ғылым таппай мақтанба» , Нугумов Ерасыл 7 қара сөзі, Нұрқан Нұрай «Көзімнің қарасы»
Қазылар алқасынан 2 сынып оқушыларына қоятын ұпай сандарын білейік.
Әділ - қазылар алқасының қорытынды ұпай сандары дайын болғанша оқушылардың өнерін тамашалайық.
«Қыз бала гүл» әні Серік Мәдина мен Серік Дариғаның орындауында.
Абай – қазақ елінің кемеңгері,
Сая болған еліне емен еді.
Халықтың арасынан жарып шыққан,
Қазақ елі өнеріне бас иеді.
3- сынып оқушыларына да кезек келіп жетті. Ендеше ортаға 3 А сынып оқушысы Серік Аружанды «Қыс» өлеңімен шақырамыз. Абильмажинова Айя 19 қара сөз.
3 Ә Алтайқызы Алтынай «Ғылым таппай мақтанба», Нұрзат Аслан 19 қара сөзі, Серік Мәдина «Көзімнің қарасы»
3 Б Галеева Зарина «Көңілім қайтты достан да дұшпаннан да», Басенов Қанат 11 қара сөзі, Алланиязова Мариам «Желсіз түнде жарық ай»
3 В Игенова Наргиза «Күз», Мухамедхаир Дінаят 35 қара сөзі,
Еслям Айнэла «Көзімнің қарасы»
3 Г Ермек Нұрасыл «Жастықтың оты қайдасың?» , Еркінұлы Әділхан 16 қара сөзі, «Желсіз түнде жарық ай» орындаушы ?????
Нұрқан Баубек «Көзімнің қарасы» ән
Абай бізбен мәңгі бірге, өйткені Абай шығармалары ұлттық өнерді дамытудың жаңа бағыты ретінде қызмет атқарып келеді. XXІғ. қазақ әдебиеті Абай дәстүрін жалғастыра отырып өсті, жетілді. Абай ұлтымыздың туы.Абай адам өмірін мағыналы етуді, ақылға, еңбекке сүйеніп өмір сүруді, жамандық жасамауды , адамгершілікті сақтауды, жастарға өсиет етті.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Біздің міндетіміз бәсекелістікке лайық ұрпақ тәрбиелеу», - деген пікірі жастарға Абайша білім алу, Абайша ойлау, Абайша өмір сүру дегенді ұқтырады.
Кезекті 4- сынып оқушыларына берсек:
4 А сынып оқушысы Айтпаева Аделия «Қалың елім қазағым», Марат Ерасыл 12 қара сөзі, Кажтаева Дайана «Желсіз түнде жарық ай»
4 ә сынып Темиргалиева Анар «Білімдіден шыққан сөз», Малғаждар Жансая 38 қара сөзі, Сабыржан Ділдә «Желсіз түнде жарық ай»
4 Б сынып Қайыркелді Арнат «Көңілім қайтты достан да дұшпаннан да»
Молдахметова Сабина 19 қара сөз
Нұрқан Баубек «Желсіз түнде жарық ай»
4 В Ақыл Нұрбақыт «Көңіл құсы құйқылжытып шартарапқа» Айтымтал Темирлан 20 қара сөзі , Айтымтал Темірлан «Желсіз түнде жарық ай»
4 Г Акимбаева Зарина «Жақсылық ұзақ тұрмайды», Төлеген Дария 15,19 қара сөздері , ән жоқ
4 Ғ Габбасова Индира «Құлақтан кіріп бойды алар», «Желсіз түнде жарық ай» Ермек Самира
Тажтаева Дайана «Көктем» әнімен.
Дүйсенбай Әмір «Домбырасыз ән қайда?»
Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер ұлы Мұхтар «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек қана сол терңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білімге ұмтылушылықтан, ізденуден жалықпайық
«Білімдіден шыққан сөз» номинациясы өз мәресіне жетті. Ертең «Әнді сүйсең менше сүй...» Абай оқуының екінші бөлімінде кездескенше аман-сау болыңыздар!