С
абақтың мақсаты :
Білімділік мақсаты:
Көркем туындыны түсініп, мәнерлеп оқуға және идеялық - тақырыптық негізін, ой астарын түсінуге үйрету , поэманың тереңіне бойлату,ақынның образ жасау шеберлігін ұғындыру
Тәрбиелік мақсаты:Поэманы талдай білуге төселдіру,сын тұрғысынан ойландыру арқылы түйіндік ойларын айта білуге,өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыландыру,оқушыныңдаралық мүмкіндіктеріншығармашылықтапсырмалар арқылы көрсету,сөйлеу мәдениетін жетілдіру, шешендікке баулу.
Дамытушылық мақсаты:Ақын шығармасындағы оқиғалар негізінде оқушылардың
дүниетанымын,адамгершілік қасиеттерінің көзін аша отырып,рухани имандылыққа,ізденіске,іскерлікке,таным белсенділігін арттыруға тәрбиелеу.
Түрі: Шығармашылық-ізденіс сабақ
Әдісі :Оза оқыту,АКТ ,СТО,диалог-журнал;
Пәнаралық байланыс: География,тарих,қазақ тілі,әдебиет теориясы,бейнелеу өнері.
Көрнекілігі: слайдтар, сызбалар, суреттер, шығармалар, интербелсенді тақта.
Бағалау бетшесі
| Сынып тобы | Шығарма шылық қабілеті | Мазмұн дау шеберлігі | Ғылымға құштарлығы, ізденуі | Сахнада ойнау шеберлігі | Көзқарасы мен пікірін дәлелдей білуі |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
Мотивация кезеңі : Ұйымдастыру
Зейіндерін сабаққа аудару
ІІ.Сұхбат-сұрақ : Үй тапсырмасы: Абайдың өмірі мен шығармашылығы
Сабақты ой-дәні(эпиграфы):

Абай Құнанбаев –қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында дараланып тұрған Ұлы тұлға.
Абай-дара,Абай-дана қазағымызда!
Өткен сабағымызда Ұлы Абай ақынның өмірі мен шығармашылығына тоқталып,Абай поэзиясының –адамзаттың асыл қазынасы екендігін ұғынған болатынбыз.
”Сұхбат-сұрақ”
Академик З.Қабдолов ”Абай лирикасы-сала-сала” деп баға берген болтын,осы пікірді кім таратып айтып береді?
Көп адам дүниеге дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып,аяғын көп шалдырған
Өлді деуге болама ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған-деп кемел ақын, кемеңгер ойшыл Абай Құнанбаевтың өзі айтып кеткеніндей ақын шығармалары –осы күнгі бай,ұлттық әдебиетіміздің алтын діңгегін қалады.
Бүгінгі сабақта :

“Ескендір ”поэмасы-Абай поэмасының ішіндегі ең елеулісі,ақынның гуманистік ой-пікірлерін тереңірек танытатын шығармасы.
Поэманың басты кейіпкері Ескендір-Шығыс елдеріне Ескендір Зұлқарнайын деген атпен тараса, Еуропаға Александр Македонский деген атпен тараған, белгілі қолбасшы жайлы аңыздар негізіне жырларға кейіпкер болған патша. Ескендір жайында Шығыс ақындарының көбі
жырлаған. Ә.Фирдауси “Шахнамасында”, “Низами”, “Ескедір-нама” дастанында, Жәми “Ескендірдің даналық кітабында” жазып, Ескендір образын ақылды, батыр деп ардақтап көрсеткен.
Ал, Абай “Ескендір ”дастанына ұстазы Аристотельді, Ескендірдің әкесі мен тұрған жерін, патшалығын қосып, өзінше жырлайды. Абайдың бұл шығармасы-неміс романтикалық әдебиетінің көрнекті ақыны болған Альберт Фон Шамиссодан 1844 жылы аударған В.А Жуковский түпнұсқасына ұқсас болып келеді.
“Ескендір ”поэмасыныңтақырыбы :Адамгершілік, қанағат тұту,даналық.
Негізгі ойы: Қанағатсыздық пен жауыздықты әшкерелеу, әділет пен даналықты дәріптеу.
Сөздікпен жұмыс:
Хакім-ғалым
Данышпан-оқымысты
Иман-дін,Алланы мойындау
Ғибрат-үлгі
Нәпсі-құмарлық
Аран- көзі тоймау
Қолына- әскеріне
Жоспар :
1.Ескендірдің тегі, патшалығы, жорықтары.
2.Жорықтағы Ескендірдің бұлақпен кездесуі.
3.Ескендірдің бұйрығы.
4.Күзетшімен тілдесуі, оның сыйы.
5.Аристотельдің сүйекті өлшеуі.
6.Ақынның өсиет сөзі.
Өсиет өлең
Аз-ақ сөз айттым,бітті бұл әңгіме,
Мұны бір өзге сөздің бірі деме.
Қарның тойса ,қайғырма мақтан үшін,
Тоймас көзің толар деп қайғы жеме.
Қу өмір,жолдас болмас,әлі-ақ кетер,
Өз күлкіңе өзің қарқ болма бекер.
Ұятың мен арыңды малға сатып,
Ұятсызда иман жоқ, түпке жетер.
Мақтанасың біреуге мақтасын деп,
Шаужайымнан еш адам қақпасын деп,
Сен кеткен соң артыңнан күліп қалар,
Ант ұрғаннан құдайым сақтасын деп.
Ақылсыз өзін мақтап былжырайды,
Ойыңа өлшеп сөйлесең нең құрайды?
Жақсы болсаң ,жарықты кім көрмейді,
Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды?!
1.Өсиет (ақыл сөз)-қандай сөздер еді?
Оқулықпен, дәптермен жұмыс:
Поэма - 4 тармақты, 42 шумақты,
11, 12 буынды қара өлең(ааба)ұйқасына құрылған.



Бекіту :Шығарманы тану-шығармашылыққа баулу
«Зерттеушілер» тобына
І
Шығарма кейіпкері
Аристотель кім?
(Ауызша)
ІІ
Аристотель бейнесін топтастырыңыз
(компьютерде және интербелсенді тақтада орындау)
ІІІ.“Екі жақты бақылау күнделігі “ (интербелсенді тақтада)
«Әдебиетшілер» тобына
І
Поэманы әдеби теориялық тұрғысынан талдаңыз(Интербелсенді тақтада орындау)
ІІ.ПоэмадағыЕскендір бейнесін топтастырыңыз компьютерде және интербелсенді тақтада орындау)

«Тарихшылар» тобына
І
Александр Македонскийдің тарихтағы орны? ( карта арқылы ауызша баяндау) А.Македонскийдің жорықтары

ІІ.Суреттің құпиясын ашыңыз(ауызша баяндалды)

ІІІ. Тарихи сынақхат
Абайдың бізге жеткен--------поэмасы бар.А.Шамиссодан”Ескендір “
дастанын В.А.Жуковский --------жылы аударған.-------жылы
Санкт –Петербургте жарық көрген “Қазақ ақыны
Ибраһим Құнанбайұғлының өлеңі “атты жинақта жарияланады.
Сынақхат кілті:1844,1909,3.
Өлең жолдарын мақал-мәтелдерменен түйіндеу (тақтадан дұрыс жауаптары шығарылды)
Поэмадан үзінді Мақал-мәтелдер
| Долдықпен хан Ескендір ашуланды, Ашуланып қақпаға жетіп барды. | Ашу дұшпан ,ақыл дос,ақылыңа ақыл қос |
| Қанша алтынды күміспен салсадағы, Бір кішкентай сүйекті аудармады | Арпа -бидай ас екен, Алтын –күміс тас екен |
| Жақсы болсаң жарықты кім көрмейді , Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды? | Жақсының жақсылығын айт нұры тассын! |
| Қарның тойса, қайғырма мақтан үшін, Толмас көзің толар деп қайғы жеме | Қанағат – қарын тойғызады, Қанағатсыздық -жалғыз атын сойғызады. Өзі тойғанымен ,көзі тоймас. |
| Ескендір елде алмаған хан қоймады... | Хан ақымақ болса,жұртын ылаң қылар |
| Құдайым сақтасын деп антұрғаннан... | Құдайдан қорықпағаннан - қорық. |
Пікірсайыс : Даттаушы оқушы пікірі :Ескендірдің іс-әрекеті бұрыс
Жақтаушы оқушы пікірі: Ескендірдің іс-әрекеті дұрыс
Қорытындылау : Топтастыру
Абай “Ескендір”поэмасы арқылы әлемдік әдебиетке үлес қосса,біз осы поэмамен танысып,талдау арқылы:
Ескендір бейнесі
Пендешіліктен арылуға
Ойланып іс жасауға
Ашкөзділіктен сақтануға
Қанағат етуге
Күлкішілдіктен сақтануға
Арлы болуға
Иманды болуға
Бай рухани өнеге,тәлімі мол тәрбие алдық деп есептейміз

Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Мұхтар Әуезов :
“Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім”деген екен.Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын.Сол себепті оқудан,білуге ұмтылушылықтан ,ізденуден
жалықпайық дей отырып,
Үй тапсырмасын ұсынамын: 1.Поэманы толық оқу,үзінді жаттау (міндетті)
2.Мазмұнын тезистеп жазу,сюжеттік –композициялық жоспар құру (міндетті)
3. “Ұлыдан-ұлағат” Абай шығармашылығы бойынша ізденіп,ойтолғау жазу (мүмкіндік деңгей)
| Сынып тобы | Шығарма шылық қабілеті | Мазмұн дау шеберлігі | Ғылымға құштарлығы, ізденуі | Сахнада ойнау шеберлігі | Көзқарасы мен пікірін дәлелдей білуі |
| Зерттеушілер | | | | | |
| Әдебиетшлер | | | | | |
| Тарихшылар | | | | | |
Бағалау : 

