Мектепалды даярлық «Қуыршақ» тобындағы ұйымдастырылған
оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 03.12.2019 Тәрбиеші: Абенова М.К.
Білім беру саласы: Таным Пән: Өзін-өзі тану.
Өтпелі тақырып: «Алақай қыс келді» Тақырыбы: Адал дос
Тәрбиелік: адал дос болуға тәрбиелеу.
- Дамытушылық: Адалдық қасиеттерін дамыту.
- Оқыту: «Адалдық» «адал дос» туралы түсініктерін кеңейту. Адал дос туралы түсінік беру.
Педагогикалық технологиялар: ойын,денсаулық,дамыту.
Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер ,дәптер, хрестоматия.
Көптілділік: -дос-друг-friend
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Амансыздар ма,достарым!
Бір-бірлерімізге қолдарымызды созып,шын жүректен мынадай сөздермен амандасып көрейік.
Негізгі бөлім:
«Адал дос» туралы әңгімелеу. М.Төрежанов Екі дос көшеде жайбарақат әңгімелесін келе жатты, оның біреуі Абылай, екішісі Абыз. Абыздың денсаулығы нашар көп жүгіре алмайды.
Бір үйдің жаңынан өте бергенде дәу қара төбет арсылдап, тура алдарынан шыға келді.
Абыз:
-Абыз, әне ит келіп қалды,-деп қатты қорқып айқайлап жіберді. Аблай жерден бір шыбық алып итке қарсы ұмтылды. Ашулы ит Аблайдың шалбарынан бірнеше рет жұлқылап үлгерді. Үлкендер келіп;
-Мен , қаш дегенде неге қашпадың?
-Қашып кеткенімізде, шалбарымды ит жыртып тастамас еді.- деп жатыр
-Мен қашатын болсам,сен құтылатын едің. Өйткені сен қатты жүгіре алмайсын ғой. Сені иттен қорғайын деп, әдейі қалып қойдым,-деді. Аблай.
Достар деген осындай болар,-деді олардың сөзін естіген үлкендер сүйсініп.
Екі адамның достығын неге адал, шынайы деп атады. Сен Аблайдың орныңда болсаң, не істер едің?
Сен досыңа достық көмегінді қалай көрсетер екенсін?
Тәрбиеші:
«Адал дос, алтыннан да қымбат»деген халық мақалы бар.
Дидактикалық ойын:
«Нағыз, дос болайық»
Балалар шеңбер бойымен тұрып, өлең жолында жақсы қасиеттер алғанда, алға бір қадам жасайды.Қуаныш білдіріп, қол соғады. Достықтың жараспайтын сөздерді атағанда, балалар керісінше артқа қарай бір қадам жылжиды « Бізде ондай бала жоқ» деп айтады.
Дәптермен жұмыс
Мысықтың ақ тиінге қалай көмектескені жайлы айтып беріңдер.
Суретті бояндар.
Тыңыштық сәт.
Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алындар, өздеріңнің тыныс алуларынды бақылап, бақытқа махаббатпен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларына толғанын сезіңіндер. Ал көздеріңді ашсаңдарда болады.
Қорытынды:
Балалар біз бүгінгі сабағымызға адал достық жайлы әңгімелестік.
Достар әрқашан бір-біріне үнемі қолдау жасап, қамқорлық көрсетіп, әрқашан көмектесу керек. Қажет нәрселерді бөліседі. Нағыз достар осындай болады.