Көкшетау қаласы №12 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Муталлапова Мадина Майкеновна
Сабақтың тақырыбы: Адалдық . Д.Қасенов
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік. Мәтіннің мазмұнын түсініп,идеясын ашу, адал достық туралы ұғымдарын кеңейту.
2. Дамытушылық. Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру,сөздік қорларын байыту,шығармашылық жұмысқа баулу.Өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту.
3.Тәрбиелік. Достықты қадірлей білуге тәрбие беру.
Сабақтың көрнекі жабдықтары:Интерактивтік тақта, ватман, маркер,нақыл сөздер, аудио-видео таспалар. т, б.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Қолданылатын әдістер: Сұрақ-жауап,ауызша әңгіме,сын тұрғысынан ойлау жобасы .(Әлемді шарлау,жиксо-1,еркін жазу, 5 жолды өлең).
Пәнаралық байланыс: дүниетану.бейнелеу өнері.ән-күй.
Сабақтың барысы: I.Ұйымдыстыру кезеңі.
Оқушыларды сабаққа психалогиялық жағынан дайындау.
Мейірімді
жүрекпен,
Ақпейілді
тілекпен,
Амандасып
алайық,
Сабақты , қане,
бастайық .
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
Айтыс дегеніміз не, айтыстың қандай түрлері болады .
«Табиғатта жаман кезең болмайды» атты эссе.
Айтыстан үзінді келтіру.
ІII. Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту.
Мұғалім сабақтың тақырыбымен таныстыру мақсатында Данышпан ата жіберген өсиет-әңгімені оқушылар сахналайды.
Данышпан
Ертеде бір ақылды қария болыпты. Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп:
-Ақсақал, мен қандай жігітпін? Сынаңызшы, - депті. Қарт жігітке:
-Жолдасыңды көрсет, сонан соң айтамын, - депті.
Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті.Қарт жігіттің жолдасымен ұзақ сөйлесіп, ақырында жігіттің өзін шақырыпты. Жігіт келген соң, қарт:
-Шырығым, жаман жігіт емессің, - депті.
-Қалайша, олай дейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой? – депті жігіт. Қарт күліп:
- «Жігіттің жолдасына қарап бағала» дейді халық, - депті.
Мұғалім оқушылардың ол туралы пікірін білу үшін сұрақ қояды.
Ой шақыру.
1.«Жігіттің жолдасына қарап бағала» дегенде нені түсінесіңдер?
2.Егер досы бұзақы болса, ондай баланы «жақсы бала» деп айта аламыз ба? Неге?
3.Егер досың бұзақы болса, сен не істер едің?
4.Данышпан ақсақалдың сөзін дұрыс деп ойлайсыңдар ма?
Мұғалім оқушылардың жауаптарын түйіндей отырып сабақ тақырыбымен таныстырады:
-Адам көбінесе өзінің мінезіне ұқсас адамдармен жолдас, дос болады. Шынжолдас, достар бірінің жақсы қасиеттерін екінші үлгі тұтады, бойына сіңіреді, олар бір-біріне өте жақын, бірін-бірі тез түсінісетін болып кетеді. Осындай жолдастық, достық қарым-қатынастардың арасындағы ең бағалысының бірі-адалдық
ІV. Жаңа сабақ . Мақсатымыз: Мәтіннің мазмұнын түсініп,идеясын ашу, адал достық туралы ұғымдарын кеңейту, шығармашылық жұмыс жасау арқылы, өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту. Достықты қадірлей білуге үйрету.
Автор туралы. -Бүгін біз Дәулет Қасеновтың «Адалдық» атты мәтінімен танысамыз. Дәулет Қасенов туралы біз не білеміз? Және қандай шығармаларымен таныстық ?
Дәулет Қасенов жас қаламгерлердің бірі.Біз бұл жазушының «Нағыз малшы» атты мәтінімен танысқан болатынбыз. Естеріңе түсіріп көріндерші,басты кейіпкерлер кім еді?
(Ерден атай,Ертай, Жантай, ауыл адамдарының еңбектері жайлы,атасы мен немересінің қарым-қатынасы, үлкенді құрметтей білу)
Кел,ойланайық! Адал дос қандай болады?
V. Оқулықпен жұмыс. Мағынаны тану.
Жеке, жұпта, топта талқыға салу.
4-топқа тапсырма беру.(әр топқа мәтінді бөліктерге бөліп беру )
І-топ. ІІ-топ. ІІІ-топ. ІV-топ.
Әр топтан бір-бір оқушыдан мәтінді дауыстап оқиды.
VII. Тыныштық сәті. Балалардың денесі, ойы сергітіледі.
Денелерінді түзу ұстап, бастарынды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмып, ауаны терең жұтып,еркін тыныстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сендерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңдер. Тұла бойларын жақсылыққа , махаббатқа толы
екенін көз алдарына елестетіп көріңдер. Осылайша екі минуттай отырыңдар.
Оқушылардан сұрау қандай сезімде болдыңдар? Не сездіңдер?
Дәптермен жұмыс.Сөздік жұмысы.
Аңысын аңиық – не болатынын күте тұрайық.
Дегбірсіздену – шыдамсыздану.
Осы сөздерді байланыстыра отырып, бірнеше сөйлемдер құрастыр
Сұрақ-жауап
1.Балалар неге дауласты?
2.Ақшаның апайдікі емес екеніне Сәрсен мен Бейсеннің шынымен көздері жетті ме?
3.Сәрсен мен Бейсен Дүйсенге неге сенімсіздік білдірді?
4.Бейсен мен Сәрсен Дүйсенге рахметтен басқа не айтуы керек еді?
5.Сендер олардың орнындарында болсаңдар не істер едіңдер?
6.Өз бастарында осындай жағдай болды ма ?
VI. Не түйіндедің ? Сурет сал. Топпен жұмыс.
НАЗАР АУДАРАЙЫҚ,
НАҚЫЛ СӨЗ.
Оқиғалы шығарманы сюжетті шығарма дейді. Ал оқиғасыз, көңіл күйге байланысты жазылған шығарманы (өлеңді) сюжетсіз шығарма дейді.
Мысалы, Ә. Дүйсенбиевтің «Ардақты ана» өлеңі анаға деген сезімге толы болса (сюжеттсіз), «Адалдық» мәтінінде үш баланың мектептегі басынан өткен бір оқиға(сюжетті) әңгімеленеді.
|
Топтық жұмыс.
1.Пайда ойлама, ар ойла.
2.Ақ жүрген адам азбас.
3.Айнымас досы бар адам – ең бақытты адам.
4.Дос болсаң,берік бол, досыңа серік бол
ІХ. Ой толғаныс. “Түртіп ал!“.
Досыңды алдамай, оған адал бол.
Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер.
Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.
Досыңның кемшілігін кешіре біл.
Сабақты қорытындылау.
Бүгін біз сабақта не білдік ?
Сабақ сендерге ұнады ма?
Неліктен ?
ХІ. Үйге тапсырма.
Мәтінді рөлге бөліп оқу, мазұндау,сахналауға дайындалу.
ХІІ. Бағалау. Рейтинг жүйесі бойынша.
Бағалау парағы (әр топ басшы жауапты).
Оқушының аты-жөні
|
Үй тапсыр
масы
|
Даныш
пан ата әңгімесі
|
Жаңа сабақ
|
Оқулықпен жұм.
|
Дәптер мен жұм.
|
Мақал-мәтел
|
Топтық жұмыс
|
қорытынды
|
1.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5,
|
|
|
|
|
|
|
|
|
6.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
7.
|
|
|
|
|
|
|
|
|