СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Д. Қасенов «Адалдық»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Д.Қасеновтың "Адалдық" тақырыбы бойынша сабақ жоспары.Әдебиеттік оқу пәнінен

Просмотр содержимого документа
«Д. Қасенов «Адалдық»»


Сабақтың тақырыбы: Д. Қасенов «Адалдық»
Мақсаты: оқушыларға адалдық туралы түсінік беру; оның құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру.
Міндеттері:
Білімділік: адами қарым - қатынастағы адалдықтың орны мен маңызы туралы түсіндіру; мәтіннің мазмұнын аша білуге, мазмұнын жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: оқушылардың адалдықты дұрыс ұғына білу біліктіліктерін дамытуға ықпал ету; ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды адалдыққа, әділдікке және шынайылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелесу, «Кубизм» әдісі, СТО стратегиялары
Көрнекілік: слайдтар, топтық тапсырмалар, текше
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Психологиялық дайындық.
Мұғалім: Балалар - гүлім менің,
Балалар – күйім менің.
Балалар – нұр сыйлайтын
Бүгінгі күнім менің, - дей отырып, балалар мен сендерді өзіме қуат алатын шуақты күнге теңеймін. Мынадай шуақты күн төсбелгісін сыйлаймын.
Оқушылар: Кеудемдегі күн күлсін,
Бізге шуақ, нұр құйсын.
Мейірімді жан, өзіңмен,
Көңіліміз жайнап құлпырсын!
- Олай болса, осындай жақсы көңіл күймен сабағымызды бастаймыз.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасын қорытындылау.
ІҮ. Жаңа сабақ.
1. Қызығушылықты ояту.
Кубизм әдісі арқылы өткен сабақпен байланыстыру. «Адалдық» сөзі шығады.
1. Оқып жатқан бөліміміз қалай аталады?
2. Бұл бөлімдегі шығармалар не туралы?
3. «Ажалдан әркім - ақ бір өлер, Ұяттан бір емес, күнде өлер», - деген жолдар қай шығармадан алынған?
4. Мақалды жалғастыр: «Жаманға шөп батады,...» ( Жақсыға сөз батады).
5. Баттал қай шығарманың кейіпкері? (Қазантаста)
6. «Диқан баба» аңызындағы негізгі ой не? ( Бардың қадірін білу, еңбек етуге үйрену)
7. М. Қуанышбековтың осы бөлімдегі әңгімесі неліктен «Өкініш» деп аталған?

Үйге: Адал дос шығарма жазу Бағалау: Сабаққа қатысқанына қарап бағалаймын. Қорытынды: Келесі сабаққа дайындаламыз