СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Адам бас сүйегін бейнелеу

Категория: ИЗО

Нажмите, чтобы узнать подробности

Урок объяснения новой темы. Межпредметная связь с анатомией и биологией.

Просмотр содержимого документа
«Адам бас сүйегін бейнелеу»

Күні: 16. 02.

Сабақтың тақырыбы: «Адам бас сүйегін бейнелеу»

Сабақтың мақсаты:

Білімдік : пластикалық анатомия туралы түсінік қалыптастыру

Дамытушылық: адам бас сүйегіндегі бет мүшелерінің пропорцияларын анықтап,

бет мүшелерін дұрыс салуға үйрету

Тәрбиелік: Достық, сыйластық, адамгершілікке тәрбиелеу

Түрі: аралас, кіріктірілген сабақ

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тәнтану, тарих, математика

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, сөзжұмбақ, мақал-мәтелдер, сызба –плакат

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

  2. Қайталау сұрақтары

  3. Мақал-мәтелдер

  4. Жаңа сабақ

  5. Сарамандық жұмыс

  6. Қорытындылау

  7. Бекіту

I .Қайталау сұрақтары:

1.Қазақ халқының ұлттық киімдері неше топқа бөлінген?(біркиер киім, күнделікті киім, жұмыс киімдері)

2.Әйел адамдардың бас киімдерін ата.(бөрік, жаулық, желек, орамал, шәлі, сәукеле, тақия)

3.Ер адамдардың бас киімдерін ата.(тымақ, тақия, бөрік, қалпақ, құлақшын, малақай)

4.Сыртқы киімдерді ата(шапан, күпі, тон, ішік, шидем, шекпен, тұлып)

5.Қазақтың ұлттық ыдыстарын ата.(торсық, бұлқыншақ,шара, тегене, келі, күбі, зерен,ожау,ағаш аяқ, т.б.)

6. «Қара қазан» деп атаған себебін айтып бер.

II .Мақал-мәтелдер:

«Естіген құлақта жазық жоқ», «Қате қас пен көздің о ртасында», «Көз көруге тоймайды, Құлақ естуге тоймайды», «Көз нұрдың ұясы, көңіл сырдың ұясы», «Бас кеспек болас да, тіл кеспек жоқ», «Көз қорқақ , қол батыр», «Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді»,т.б.

III. Жаңа сабақ

Адам баласы ерте заманнан айнала қоршаған ортаны, жануарларды, адамды бейнелеуге қызыққан. Оған тасқа салған ежелгі суреттер дәләл бола алады. Жалпы өнердің қай саласын алсаң да адам бейнесін салу басты орында тұрады. Табиғаттың ең сұлу жаратылысы адам - бұл адам денесінің пластикасы.Адам басының құрылысын зерттеу Ежелгі Грек, Мысыр елдерінде басталған. Олардың өз суретшілер мектебі болған. Сонымен қатар Қайта өрлеу дәуірінің суретшілері Ленардо да Винчи, Альбрехт Дюрер адам басын салудың жолдарын ашшып, қыр-сырын зерттеп жазбалар қалдырған. Олар алғаш болыпадам басының стильденген пішіндегі формасын жасап, басты салудың жеңілдетудің тамаша үлгісін жасаған. Біздер бүгін осыүлгімен сурет саламыз. Жер бетіндегі миллиардтаған адамдардың бір-біріне ұқсамауы оның басының құрылысының күрделілігі.Бүгінгі сабақта тоқтайтынымыз-бұл адам бас сүйегін, пластикасын бейнелеу.Адам басын салу – бұл күрделі жұмыс. Қандай зат бейнелесек те оның ішкі құрылысын білуіміз керек. Бастың құрылысы бас сүйегі-қаңқасынан, және бас еттерінен, тері жабындысынан тұрады. тұрады. Бас сүйегі қаңқасы өзінің формасының күрделілігімен, әр сүйегінің бір-бірімен жымдасуымен көзге түседі. Жалпы қаңқа екі бөлікке бөлінеді: жоғарғы ми сауыты, бет бөлігі. Ми сауытының атқаратын қызметі – миды сырқы әсерден, соққыдан қорғау, ал төқменгі бет бөлігінен тыныс алу, ас қорыту системалары басталады. Сонымен қатар көру, есіту, иіс, дәм сезу мүшелері орналасқан.

Жалпы ми сауыты бірнеше сүйектердің жиынтығынан тұрады, олар : маңдай, самай, төбе, шүйде, сына сүйектері. Маңдай сүйегінің тек адамға тән екі шығыңқы дөңесі болады. Самай сүйек жұп болады. Ол ми сауытының екі жақ сүйір бөктерін құрайды.

Адам басының пішіні 4 түрге бөлінеді (слайд көрсету)

Адамның жас нәресте кезінен бастап ер жеткенге дейін бет сүйегі дамып өседі. Бет сүйегінің даму шегі 24 жаста тоқталады. Негізінен кәрі адамдар қаңқасының жалпы көлемі жеңілдеп, сүйектері жұқарып жеңілдейді.

Адамның бас сүйегін бейнелеу 2 сатымен орындалады.

Біріншісі – суретті қағаз бетіне дұрыс орналастырып, бас құрылысының негізгі сызықтарын анықтау.

Екіншісі – кескіннің құрастыру құрылысы мен көріністегі қолданылуы.



(Плакаттпен жұмыс)

Тірек сызбалар арқылы адамның бет мүшелерін көрсету. Адам басының құрылысын көрсету(Бас сүйек, тері қапталы, бұлшық ет)



IV. Сарамандық жұмыс

V. Бекіту.

Сөзжұмбақ шешу

1. Кеуделік мүсін

2. Жаны жоқ заттар бейнеленген көркем туынды

3. Екі жағы тең деген мағына

4. Кеңістікте сомдалған көркем туынды

5. Қызыл, сары, көк – бұл не ?

6. Табиғат көрінісі бейнеленген көркем туынды

7. Суға жақсы еритін бояу түрі

8. Бір түспен салынған сурет