СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Адамның денсаулығы - қоғамның байлығы

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Еліміздің басты бағыттарының бірі – салауатты өмір салты. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ел дамуының ұзақ мерзімді «Қазақстан–2050» стратегиясында халық денсаулығын сақтау мәселесін   басты бағдар ретінде қарастырғаны барша Қазақстандыққа аян. Яғни, мемлекетттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі халық денсаулығын нығайту. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңірудің де маңызы зор.

Балалар болашағымыз, ұрпақ жалғастырушы. Сондықтан да, ата-ана үшін баласының денсаулығы өте маңызды. Адам денсаулығы – қоғам байлығы.    

Просмотр содержимого документа
«Адамның денсаулығы - қоғамның байлығы»

Адам денсаулығы-қоғам байлығы

вкл. 05 Маусым 2015.

Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Еліміздің басты бағыттарының бірі – салауатты өмір салты. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ел дамуының ұзақ мерзімді «Қазақстан–2050» стратегиясында халық денсаулығын сақтау мәселесін   басты бағдар ретінде қарастырғаны барша Қазақстандыққа аян. Яғни, мемлекетттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі халық денсаулығын нығайту. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңірудің де маңызы зор.

Балалар болашағымыз, ұрпақ жалғастырушы. Сондықтан да, ата-ана үшін баласының денсаулығы өте маңызды. Адам денсаулығы – қоғам байлығы.    

Қазіргі уақытта қоғамда екпелерге қатысты түрлі көзқарастар қалыптасқан. Адамдар вакциналық екпе егуден түрлі себептер бойынша бас тартады. Біреулерге олар жақпайды, басқалары екпелер оларға қарсы көрсетілген деп ойласа, келесілері діни ұғымдары бойынша бас тартады. Атап айтқанда Ислам діні шариғатына қайшы деген сөздер айтуда. Олай болса, Ислам шариғаты ол жайында не айтатынын қарайық:

         Екпе егуге Ислам ғалымдары қарсы ой атпайды. Барлық шарғи кеңес ғалымдары тұжырымы бойынша, жұқпалы аурулардың алдын алу үшін вакциналық екпе егуге сүйенуге болады деп пәтуа берген.

         Жоғарыда айтылған пәтуаның шығуының негізі дініміздің екі тірегінің бірі, пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) сүннеті. Бұл сүннет амалды «тахниқ» деп атайды. Толығырақ тоқталатын болсам, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) сәбилердің таңдайына дәрумені бай  құрманы өз аузымен шайнап, жағатын болған.   Ал екінші хадисте пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Кімде кім таңертең «аджуа» құрмасынан жеті данасын жейтін болса, сиқырдан және уланудан аман болады»,- дейді. Бұл екі хадиске мән беретін болсақ, дәруменге мол құрма адамның иммунитетін  көтеріп, зиянды вирустардың әсерлеріне қарсы тұруымызға көмектеседі екен. Вакциналық екпе егудің де мақсаты осыны көздейді.

         Сонымен қатар Сауд Арабиясына қажылық парызын өтеу үшін, дүниенің төрт бұрышынан келетін жолаушылардың барлығына бірдей міндеттелген, менингитке қарсы екпе жасалынады. Және бұл үкімге қарсы ешқандай ғаламдардың сөзі жоқ.

         Айтылған мәселелердің бәрін ескере келе, екпе құрамында шариғат үкіміне қайшы келмейтін және балалардың денсаулығына зиян келтіретін заттар болмаса, діни ұстанымға байланысты екпе алудан бас тарту, «дінде екпеге рұқсат жоқ»,- деп айтылған сөздердің бәрі де орынсыз.