| Шығармашылық жұмыс 1-тапсырма: Төменде берілген ақпарат бойынша өз ойларыңды білдіріңдер? «Қазақ әнін 2 миллиард халыққа паш паш еткен Димаш Құдайберген өз орындауынан кейін сахна сыртына барып, еңкілдеп жылаған. Себебі оның ең әуелгі мақсаты орындалды. Ол қытайларға, қала берді бүкіл әлемге қазақ әнін, қазақ күйін тыңдатты». 2-тапсырма: «Қазақ биі» мәтінін және Абай өлеңін оқып мазмұнына мән беріңдер. Өз ойларыңды «Өнер - өмірдің мәні, өйткені...» және «Өнер – өмірдің сәні, өйткені ....» деп дәлелдеп жазыңдар. Өлең – сөздің патшасы,сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы. Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, Ол – ақынның білімсіз бишарасы. Айтушы мен тыңдаушы көбі надан, Бұл жұттың сөз танымас бір парасы. Өлеңге әркімнің ақ бар таласы, Сонда да солардың бар таңдамасы. Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын Қазақтың келістірер қай баласы? 2-тапсырма: Абайдың өнер туралы сөзі шығады: 1-сөз: Өнерлі адам. 2-сөз: Шартты рай тұлғасындағы етістік (2-ші жақ) 3-сөз: Туынды етістік.
3-тапсырма:Нақыл сөздерді оқып, негізгі ойын анықтап, бүгінгі өмірмен байланыстырыңдар. ... «Заман толқыны тарих теңізінің жағалауында көркем өнердің баға жетпес меруерт маржандарын қалдырады». ... «Ақын болу шарт емес, азамат болу - парызың». ... «Өнер адамды асқақ сезімге бөлеуге, адамның жан дүниесін нұрландырып, байыта түсуге, ал өмірдің өзін кемелдендіріп, игілікті егуге тиіс» ... «Өнер туындысы өнерді түсінетін және сұлулықтан ләззат алуға қабілетті адамдарды тудырады». ... «Адамдардың мінез-құлқын, ішкі жан дүниесін, әрекетін көрсететін таза ырғақтың көрінісі, себебі би қимылдары туар кезде ырғақтық сурет әдетте оны туғызған сезім күйіне сәйкес келеді». ... «Ән – халық үні, оның шындығы, оның ойы мен сезімі» ... «Музыканы сүю үшін ең алдымен оны тыңдай білу керек» Топпен ән айту |