Сабақтың мақсаты | Оқушыларға ағашты көркемдеп ою тәсілдерін меңгерту. Білімділігі: Ағашты көркемдеп өңдеу технологиясын меңгеру, тақтай бетіне өрнек түсіруді үйрену. Дамытушылығы: Оқушылардың қауіпсіздік ережесін тиімді пайдалану арқылы пышақпен жұмыс жасау қабілетін дамыту. Тәрбиелілігі: Оқушыларды шеберлікке, ұқыптылыққа, іскерлікке тәрбиелеу.
|
ІІІ. Жаңа сабақ. | Ағаш - табиғаттың тамаша туындысы. Ағаш көп өскен жерді халық орман, тоғай деп атаған. Тоғай ертеден адамдардың негізгі тұрақ жайы болған. Ерте заманнан - ақ адамдар ағашты тіршілігіне қажетті материал ретінде пайдаланған. Олар ағаштан аң аулауға қажетті аша таяқ, найза, қада, жебе т. б. заттар жасаған. Адам ағаш өңдеуді тез үйренген. Өйткені ағаш өңдеуге оңай көнетін материал. Пышақ, балта сияқты қарапайым құралдардың көмегімен адамдар үйлерді, көпірлерді, жел диірмендерін, қамалдар мен ыдыс - аяқтар жасаған. Көркемдеп өңдеуге қажетті ағашты дұрыс таңдау істің нәтижелі болуына септігін тигізеді. Оған май қарағай, терек, үйеңкі секілді жұмсақ ағаш қажет, нәзік ойықша, үшбұрыш және басқа өрнектерді салу, әрлеу жұмыстары оңай жүргізіледі. Жұмысқа бұтақсыз жұмсақ ағаш түрін таңдап, қажетті өлшеммен кесіп, сүргілеп, әрлеп болған соң, тегіс бетіне өрнек бейнесін көшіреді. Ағаштан жасалған бұйымдардың ішіндегі ең көп тараған түрлері жұкаяқ, күбі, ағаштан бүтіндей ойылған астау, келі - келсап, асадал. Бұл бұйымдарды шеберлер күмістен, сүйектен жасалған ою - өрнектермен әрлеген. | Ағаш туралы өз білетіндерін ортаға салып постер қорғайды. Қазіргі уақытта да біздер ағашсыз өз өмірімізді елестете алмаймыз. Тұрған үйіміз, үй жиһаздары, басқа да тұрмыста жиі қолданылатын заттардың көбі ағаштан жасалған.
Өрнек дегеніміз - кез келген бұйымның сыртына түсірілетін біртұтас байланысты әшекей. Ал ою дегеніміз, бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу немесе шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмыстары.
|
IV. Сарамандық жұмыс  | Оқушылар өздерінің технологиялық карталарына сәйкес, қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтай отырып, сарамандық жұмысты өздігінен орындайды. Мұғалім ағымдағы нұсқаманы өткізеді және оқушылардың шығармашылық жұмысының барысын тексереді. | Ағымдағы нұсқама: а) жұмыс орындарын ұйымдастыру; ә) еңбек тәсілдерін орындаудың дұрыстығын тексеру; б) ҚТЕ-нің сақталуын тексеру; в) неғұрлым үлгеріп жатқан оқушыларға қосымша тапсырмалар беру. |