СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Ағашты көркемдеп өңдеу түрлері.»

Нажмите, чтобы узнать подробности

7 – сынып

Тақырыбы:   «Ағашты  көркемдеп өңдеу  түрлері.»

 

Просмотр содержимого документа
««Ағашты көркемдеп өңдеу түрлері.»»

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қоныстану селосы Жаңашаруа қазақ орта мектебінің бейнелеу өнері және сызу, технология пәндерінің мұғалімі Балмұханов Нұрболат Қобланович

Тақырыбы: «Ағашты көркемдеп өңдеу түрлері.»


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ағашты көркемдеп ою тәсілдерін меңгерту.
Білімділігі: Ағашты көркемдеп өңдеу технологиясын меңгеру, тақтай бетіне өрнек түсіруді үйрену.
Дамытушылығы: Оқушылардың қауіпсіздік ережесін тиімді пайдалану арқылы пышақпен жұмыс жасау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды шеберлікке, ұқыптылыққа, іскерлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас.
Сабақтың әдісі: Баяндау, сарамандық.
Сабақтың көрнекілігі: ағаштан жасалған бұйымдар, плакат, оқулық, ою - өрнек түрлері.
Пәнаралық байланыс: Тарих, биология, сызу, сурет.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру, кезекші арқылы оқушыларды түгендеу.

ІІ. Өткен материалдарды қайталау.
А) Ағаштың қандай түрлерін білесіңдер?
Ә) Ағаш өңдеу құралдарын атап шығыңдар.
Б) Ағаштан бұйымдар жасайтын адамды қалай атайды?
В) Ою - өрнек түрлерін ата.
Слайд арқылы ою - өрнек түрлерін көрсету.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Ағаш - табиғаттың тамаша туындысы. Ағаш өңдеуге оңай көнетін материал. Пышақ, балта сияқты қарапайым құралдардың көмегімен адамдар үйлерді, көпірлерді, жел диірмендерін, қамалдар мен ыдыс - аяқтар жасаған. Қазіргі уақытта да біздер ағашсыз өз өмірімізді елестете алмаймыз. Тұрған үйіміз, үй жиһаздары, басқа да тұрмыста жиі қолданылатын заттардың көбі ағаштан жасалған.
Қолөнердің ең көп тараған түрлерінің бірі - бұл ағашты көркемдеп, өңдеу. Ертеден - ақ көшпелі халық тұрмысына қажетті заттарды өздері жасап отырған. Ағаштан түйін түйген шеберлер атқа салатын ерді, тамақ сақтайтын кебеже, киім салатын сандық, әбдіре, киім ілетін - адалбақан, тостаған, саптаяқ, шара, отау, табақ пен тегештерді аса шеберлікпен жасаған.
Ағаштан жасалған бұйымдардың ішіндегі ең көп тараған түрлері жұкаяқ, күбі, ағаштан бүтіндей ойылған астау, келі - келсап, асадал. Бұл бұйымдарды шеберлер күмістен, сүйектен жасалған ою - өрнектермен әрлеген.
Көркемдеп өңдеуге қажетті ағашты дұрыс таңдау істің нәтижелі болуына септігін тигізеді. Оған май қарағай, терек, үйеңкі секілді жұмсақ ағаш қажет, нәзік ойықша, үшбұрыш және басқа өрнектерді салу, әрлеу жұмыстары оңай жүргізіледі. Жұмысқа бұтақсыз жұмсақ ағаш түрін таңдап, қажетті өлшеммен кесіп, сүргілеп, әрлеп болған соң, тегіс бетіне өрнек бейнесін көшіреді.
Өрнек дегеніміз - кез келген бұйымның сыртына түсірілетін біртұтас байланысты әшекей.Ал ою дегеніміз, бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу немесе шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмыстары.

Ағашты көркемдеп өңдеудің түрлері: ағашты ою, күйдіріп сурет салу, жону, ағашқа сурет салу, мозаика.

І V. Практикалық жұмыс

Мұғалім оқушыларға тапсырма береді.

Оқушылар тақтаға шығып, қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулық туралы әңгімелейді.

V. Сабақты қорытындылау

Мұғалім оқушылардың сабақтағы жұмысына талдау жасайды. Жұмыс орнын ұйымдастырудың, еңбектң қорғау жөніндегі ережелердісақтау дұрыстығын атап өтеді, жіберілген қателіктерге түсініктемелер береді. Шеберхананы жинастырып, ретке келтіріп қояды.


VІ. Үйге тапсырма:  108 – бет.





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!