Ортаңғы «Ақерке» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 17.04.2019 ж
Тәрбиеші: Биржикенова. А.Б
Білім беру саласы: «Әлумет»
Пән: Қоршаған ортамен танысу
Өтпелі тақырып: «Көктемгі ағаштар»
Тақырыбы: «Ағаштарға қамқорлық»
Мақсаты:
Тәрбиелік: Табиғаттың әсемдігін, сұлулығын, көре, сезе білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық:. Балалардың байланыстарын сөйлеуін, тілін, сөздік қорын дамыту.
Оқыту: Табиғаттағы тіршілік, көктемгі ағаштар туралы көктемгі ағаштар туралы білімдерін кеңейту.
Педагогикалық технологиялар:дамыту
Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер,
Билингвалдық компонент: көктем-весна
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
I.Ұйымдастырушылық кезеңі
Табиғат сен тіршілік тұнып тұрған
— Қандай тіршілік иелерін білеміз?
— Сен көлсің. Сен күнсің, сен бұлбұлсың, адамға сұлулықты шын ұқтырған, сен жерсің, сен гүлсің, сен анамсың, сен сусың, сен құссың, сен шөпсің, сен бұлақсы…
Жұмбақ шешу
Күн жылынса киінді,
Суытса шешті киімді.
(Ағаш)
-Балалар, ағаш қандай табиғатқа жатады?
-Неге олай ойлайсыңдар?
Ия, балалар, дұрыс, ағаштарда жаны бар тіршілік иесі. Ағаштар да адамдар сияқты көктемде күш қуатқа кенеледі. Ағаштар жапырақтарына, діңіне байланысты әр түрлі болады. Ағаштар далада, орманда, бақшада өседі. Дала өсімдіктері аса күтімді қажет етпейді. Ал, бақша өсімдіктеріне көп күтім қажет. Оларды суарамыз, суарудың да көптеген әдістері бар. Ағаштың діңін ағашқа құрт түспеуі үшін ақтаймыз.
Негізгі бөлім: Тыңайтқыштар береміз. Өйткені күтімді уақытылы жасаса жемісті мол береді.
Ағаштан біз көптеген жиһаздар жасаймыз, үй салғанда да ағашты пайдаланады, сонымен қатар ағаш бізге таза ауа береді, күн ыстықта көлеңке, қыстың боранында пана болады.
«Сен білесің бе?»
Қайың- діңі жұқа ақ қабықпен жабылған. Тез өседі, бүршіктерінен дәрі- дәрмек жасайды. Бұтақтарынан сыпырғыш жасайды. Қайыңнан жиһаз жасайды. Жапырақтары дөңгелек.
Шырша - қысы- жазы жап- жасыл боп қылқанды жапырақты ағаш. Құрылыс материал және музыка аспабын жасайды.Шыршаның қылқандарынан дәрумендер жасайды.
Көктерек – діңі түзу, тегіс, қабығы жасылдау түсті, жапырағы дөңгелек, жылдам өсетін ағаш.
Шетен – суықтан қорықпайды. Биік өседі, қабығы қызыл қоңыр түсті ағаш және оның қызыл түсті домалақ жемісі бар
Осы тақпақ ішінен ағаш аттарын табамыз., тақпақты қайталаймыз.
Аппақ қайың қарағай
Қосылыпты табысып
Сұлу тереке, жасыл желек
Құшақтасып қабысып
Қарағайым, жұпар майың
Жібек жолмен аңқиды.
Иә балалар біздің болжамдарымыз, мақал-мәтелдеріміз осыны дәлелдегендей. Балалар табиғат, ағашқа байланысты мәтелдерді кім біледі?
Дидактикалық ойын: «Кім көп біледі?»
Бір тал кессең – он тал ек.
Адам көркі шүберек.
Ағаш көркі жапырақ.
Доссыз адам – жапырақсыз ағашпен тең.
Ағашы аласа болса да
Алмасы тамаша
Мәуелі ағаш майысқақ
«Жақсы–жаман» ойыны
1. Ағаштың бұтағын сындыру – жаман.
2. Ағаштағы құстың ұясын бұзу – жаман.
3. Құстарға ұя жасау – жақсы.
4. Гүлдерге су құю – жақсы.
5. Ағаш бұтағындағы құсты рогаткамен ату – жаман.
6. Далада өсіп тұрған гүлдерді жұлып, бүлдіру – жаман.
Бұтақтарды сындырмай,
Ағаштарды баптайық.
Құстарды да атпайық,
Табиғатты сақтайық!
Қорытынды:
Бүгінгі оқу іс әрәекетінде немен таныстық?
Табиғатқа не жатады?
Табиғатқа қандай қамқорлық жасаймыз?