СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
Балалардың тілін дамыту, сөздік қорын байыту, ғарышкер туралы, ғарышкер мамандығы туралы түсінік беру, мамандықты мақтанышпен шыдамдықпен атқара білуге тәрбиелеу. Күнделікті өмірмен тығыз ұштастыра отырып, балалардың ой-қиялын шарықтату, қызығушылығын арттырып, Отанын, елін, жерін сүюге баулу.
Білім беру саласы: «Таным»
Бағдарлама тарауы: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: "Ғарыш әлемі"
Мақсаты: Балалардың тілін дамыту, сөздік қорын байыту, ғарышкер туралы, ғарышкер мамандығы туралы түсінік беру, мамандықты мақтанышпен шыдамдықпен атқара білуге тәрбиелеу. Күнделікті өмірмен тығыз ұштастыра отырып, балалардың ой-қиялын шарықтату, қызығушылығын арттырып, Отанын, елін, жерін сүюге баулу.
Құрал-жабдық: Ғарышкер, зымыран, альбом.
Жаңа сөздер:Ғарыш, ғарышкер, самғаған, планета.
Сөздік жұмыс: ғарыш-космос
| Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
| Мотивациялық – қозғаушы
| Ұшқыш емес, бірақ Аспаңда қалықтап ұшады. Кім ол деп ойлайсыңдар Сендер оны? —Қандай ғарышкерлерді білесіндер? Арман куып жасынан, Көктен көзін алмаған. Үшқыш болды жас ұлан, Аспанда еркін самғаған. ––Өлең не туралы айтылған? -"Самғаған" дегенді қалай түсінесіндер? Психологиялық жаттығу жасау. Көктем, теңізге Таудан аспанға Үшып қалықтайық Жан-жағыңа қарасаң. Құстай ұшып самғайық. | (ғарышкер) (Қимылмен ғарышкердің қимылын көрсету арқылы) |
| Іздену-ұйымдастырушылық
| Біздің жеріміз, орман, тау, өзен-көл өмір сүретін ортамыз бәрімізге ортақ. Біздің өмір сүретін ортамыз — "Жер планетасы". ––Басқа планеталарды көргілерің келсе "Ғарыш кемесіне" отырып, саяхат жасайық, онда өр түрлі планеталарға кездесеміз.
—Ғарышкер қаңдай болу керек? —Балалар біз ғарышқа ұшар сәтте ауа райы қандай болды? ––Жылдың қай мезгілі? Жылдың мезгілдерін атаңдар. —Біз бір планетаға жақындап қалдық . Міне, келіп те үлгердік —деп жыл мезгілдерінің суреттерін көрсетіп, оны жердегімен салыстырады.
—Ұшу сапары ары қарай жалғасады, баратын жерімізге төзірек жету үшін жаңылтпаштарымызды есімізге түсіріп алайық. —Сонымен біз қандай планетаға тап болдық —"Суреттер" планетасына тап болдық. Үшу сапары ары қарай Робот — балалар, мен шөлдеп тұрмын сендер маған су бермесендер, сшқайда да бара алмайсындар. Тәрбиеші: Не істедік? Мұнда су да жоқ қой, мұз тұр екен. Мұзды еріту керек. Бәріміз ыдыстың сыртынан жылуымызды жіберейік. Сонда мұз ериді. Бұл планетаны "роботтар" планетасы деп атайды. | "Ғарыш кемесіне" өз орындарын тауып отыру ұшін үлестірмелі сандар таратылып беріледі. Балалар, екі топқа бөлініп отырады. Сұрақтарға жауап береді. 1-ден — дайыңдық керек 2-ден - жауапкершілік 3-ден — білімді болу. Мысалы: Гүлдің басыңда жылан өрмелеп барады, шөптің арасында Палық шоршып жүр, суда көбелек, кірпі шомылып жүреді екен.
Әр тұрлі суреттер, осы суреттерді көкөністер, жемістер, гүддер, күстар — т.б. суреттерді топтастырып айтып беру. Бәрі жылуын беріп, мұзды ерітеді, оны роботқа беріп, ол ары қарай жүріп кетеді. |
| Рефлексифті – корригиялық
| Ұшу сапары әрі қарай жалғасады. Енді қонатын планетаны "Сөзжұмбақ" деп атайық. Ұшу сапары ары қарай жалғасады. Алыстан ағаш кәрінеді. Алма ағашы. Тәрбиеші: бұл сиқырлы ағаш. Ағашта алмалар көп пе? Аз ба? Алма сөзінің өр дыбысына сөз ойлаңдар, - дейді. Алма — сөзі жуан естіле ме? Әлде жіңішке естіле ме? Көп алманы қалай айтамыз? Балалар, біз бүгін ғарыш әлеміне ұзақ сапармен саяхаттадық. Әртүрлі планеталарға кездесіп, шардың ерекшеліктерімен таныстық. — Сонымен ғарышкер деген кім? Қаңдай планеталарда болдық?
| "Ғарыш кемесіндегі" балалар сөзжұмбақтың шешуін табумен айналысады.\ А — ана Л — лашын М –– мысық А —адал Жер планетасына келіп түскен кезде балалар қуанып, барған жерлері туралы бір-біріне айтады. |
Болжамды нәтиже: ғарышкер туралы, ғарышкер мамандығы туралы түсінік беру. Отанын, елін, жерін сүюге баулу.
Білуі керек: мамандықты мақтанышпен шыдамдықпен атқара білу
Қалыптасқан әдет: әсемдікті көре білу, сөзіну
Істей біледі: Табиғатты аялау
Шағын орта ортаңғы тобының
оқу іс-әрекетін ұйымдастыру технологиялық картасы
Күні:21.04.2011.
Білім беру саласы: «Таным» білім беру саласы
Пәні: ЭКОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ
Тақырыбы: Экологиялық соқпақ
Мақсаты: Балалардың мектеп ауласындағы экологиялық соқпақ туралы түсініктерін қалыптастыру. Ондағы шартты белгілермен таныстыру. Балалардың танымдық, эстетикалық қасиеттерін дамыту арқылы сауықтыру іс-әрекеттерін ұйымдастыру.
Сабаққа дайындық: соқпақтар, шартты белгілер
Сөздік жұмыс: соқпақ-
| Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
| Мотивациялық – қозғаушы
| Шаттық шеңбері: Қуан, шаттан! Қуан, шаттан! Қуанатын күн бүгін. Қайырлы таң! Қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін! Тәрбиеші балаларғы бүгінгі осы сабақта мектеп ауласында өтетінін хабарлап, оларды сыртқа алып шығады. | Балалар шаттық шеңберге тұрып Қуан шаттан әнін айтады. Мектеп ауласына шығады. |
| Іздену-ұйымдастырушылық
| Тәрбиеші балалармен бірге алғашқы бағыттағы аққайыңның белгісі көрсетілген соқпаққа келеді де, аққайыңды суреттейді. Кейін ескірген құлап жатқан ағашқа келеді, оның қуысындағы көптеген жәндіктерді бақылайды. Ашық жатқан алаңға гүлдердің түрлерін егуге болатындығы туралы ақылдасып, одан әріректе құстардың су ішуі үшін су көлшіктерін жасайды. Балалардың танымын одан әрі дамыту мақсатында экологиялық обьектілер түрлендіріліп отырады. «Жорық жыры» Ә. Дүйсенбиев Ауласында бақшаның, Айналада-нұрлы өмір. Дала бүгін тым жақсы, Тым тамаша гүлді өңір. Көкте күліп күміс күн, Қуанышқа кенелдік. Әнге бөлеп жер бетін Жорыққа біз жөнелдік. Мектепте экологиялық соқпақтар құру мақсаты – өзара қарым-қатынасты дамыту (ағаш, гүлдер отырғызу, құмырсқаның илеуін қорғау т.б.). Балалардың табиғатқа деген жағымды ықпалын қалыптастыру. |
аққайыңды суреттейді.
ағашқа келеді, оның қуысындағы көптеген жәндіктерді бақылайды.
Одан әрі не істеуге болатынын ойланады.
Өлеңді тыңдап, бірге айтады.
Табиғатты қалай сүйетіндерн, аялайтындарын айтып береді. |
| Рефлексифті – корригиялық
| Әлеппе-дәптермен жұмыс: «Әйбат жасыл ауламыз» (Балдырған жураналы). Дидактикалық ойын: «Саяхат». Тәрбиеші балаларды туған өлкеге қамқорлық жасауға, қорғауға тәрбиелейді. |
Ойын ойнайды. |
Болжамды нәтиже: Балалардың мектеп ауласындағы экологиялық соқпақ туралы түсініктерін қалыптастыру.
Білуі керек: шартты белгілерді түсіну
Қалыптасқан әдет: танымдық, эстетикалық қасиеттері
Істей біледі: мұқият тыңдау, бақылау
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным» білім беру саласы
Бағдарлама тараулары:
Тақырыбы: «Мен кіммін ?»
Мақсаты: Баланы өзі жайлы толық түсінік беруге үйрету: а) өзінің аты-жөні, жасы, үйінің мекен-жайы, мектебінің нөмірі, ә) отбасы туралы: отбасы мүшелерін түгел атап шығу, олардың қайда және қандай жұмыс істейтінін білу т.б.
«Табиғат және мен» байланысы арқылы салауатты өмір салтына сәйкес білім беру.
Құрал-жабдық: Сабақтың қысқаша мазмұны. Әліппе-дәптер. Мазмұнды суреттер.
Сабаққа дайындық: Серуен кезіндегі бақылау, мазмұнды суреттер.
Сөздік жұмыс: айналадағы әлеммен танысу
| Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
| Мотивациялық – қозғаушы
| Шаттық шеңбері: Қуан, шаттан! Қуан, шаттан! Қуанатын күн бүгін. Қайырлы таң! Қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін! Тәрбиеші пәнмен таныстырады. Оның мазмұнын айтады. Бүгінгі тақырыбы Мен кіммін екендігін хабарлайды. | Балалар шаттық шеңберге тұрып Қуан шаттан әнін айтады. Пәнмен танысып, онда табиғат туралы айтатындарын ұғады. Қызығушылықтары оянады. Тақырыпты естіп, біледі. |
| Іздену-ұйымдастырушылық
| Балалармен әңгімелесу. Бағыттаушы сұрақтар қою арқылы балалардың аты-жөндері, тегі, ұлты, жасы, отбасы мүшелері және олардың жеке қасиеттері туралы (мейірімді, еңбекқор, қатыгез, т.б.) сұрау. Балалардан өздері жайлы шағын әңгіме құрастырып айтуды өтіну: үйде немен айналысады, үлкендерге көмектеседі ме, мектепте кіммен дос т.б.
Балалардан серуенде көргендерін естеріне түсірулерін сұрау. Оларға табиғаттың әр түрлі көріністері бейнеленген мазмұнда суреттер үлестіріп беріп, отбасы мүшелерімен балаларға қандай жерді қалайтындарын және не үшін ол жерді таңдағаны туралы сұрау.
| Балалар өздерінің атын, жасын, отбасы мүшелерін, олардың мінез-құлқы туралы айтып береді. Өздері жайлы шағын әңгіме құрастырып береді. Үйде немен айналысатындары туралы айтады. Достарының кімдер екендігін, үлкендерге немен көмектесетіндері жайлы әңгімелейді. Балалардың біреуі тау баурайына ауа жұту, күн көзіне қыздырыну үшін, ал біреулері теңіз жағасына шомылуға, күнге қыздырынуға барғылары келетінін айтады. Балалар табиғатты бақылаумен ғана шектелмей оның ауасы, суы денсаулыққа пайдалы екенін түсінеді. |
| Рефлексифті – корригиялық
| Әліппе-дәптермен жұмыс: «Өсіп келе жатырмын» (Ә.Ысқабаев) өлеңін оқып, түсіндіру. Тапсырма: сурет бойынша өсу жолын айтып, мынандай дағдыларды меңгеруі керек: а) өзінің денсаулығын күту; ә) айнала қоршаған ортадағы табиғатқа зиян келтірмеу т.б.
| Өлеңді мұқият тыңдайды. Суретке қарап өсу жолын айтып береді. Әлі де нелер үйренулері керектігін әңгімелейді. |
Болжамды нәтиже: «Табиғат және мен» байланысы арқылы салауатты өмір салтына сәйкес білім беру.
Білуі керек: Бала өзі жайлы толық түсінігі болу керек: а) өзінің аты-жөні, жасы, үйінің мекен-жайы, мектебінің нөмірі, ә) отбасы туралы: отбасы мүшелерін түгел атап шығу, олардың қайда және қандай жұмыс істейтінін білу т.б.
Қалыптасқан әдет: әңгімелеу
Істей біледі: мұқият тыңдау, бақылау
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным» білім беру саласы
Бағдарлама тараулары:
Тақырыбы: «Алтын күз» (күз сыйы)
Мақсаты: Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту «Ерте» және «Кеш» түсетін күз туралы түсінік беру. Ағаштардың, бұталардың, жапырақтарына, бұтақтары мен жемістеріне қарай бір-бірінен ажырата білуді үйрету. Күз мезгіліне байланысты ортаның өзгеруіне қарай жәндіктердің өмір сүруге бейімделуі, қыстап қалатын құстар мен жылы жаққа ұшып кететін құстар туралы білім беру. Бақылай білу дағдыларын дамыту. Күзгі табиғаттың әсемдігін сезіне білуге жіне оны қорғауға тәрбиелеу.
Құрал-жабдық: Сабақтың қысқаша мазмұны. Әліппе-дәптер. Ойындар жинағы.
Сабаққа дайындық: Саябаққа мақсатты серуен, жапырақтар, тұқымдар, жемістер жинау.
Сөздік жұмыс: күз, орман, жәндік.
| Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
| Мотивациялық – қозғаушы
| Шаттық шеңбері: Армысың, алтын күн! Армысың, көк аспан! Армысың, жер ана! Армысың, достым! Көріп сені қуанам! Саяхаттың барысы: Балалармен бірге сары алтындай сары түске боялған күзгі орманға мақсатты серуенге шығады. | Балалар шаттық шеңберге тұрып бәрімен амандасып әндетеді. Саяхатқа шығып, балалар, ағаштардың діңіне, жапырағының пішініне, жемісіне қарап ағаштар мен бұталарды атайды. |
| Іздену-ұйымдастырушылық
| Тәрбиеші «Алтын күз» (Ғ.Қайырбеков) өлеңін оқиды. Балалардан қай ағашта тек сары түсті жапырақтар (аққайың, жөке) қай ағашта сары, қызыл жапырақтар (үйеңкіде, ырғайда), қай ағашта қоңырқай түсті (еменде), басқа да түстерді іздеу ұсынылады. Кейін балалардың назарын күннің cуытуына байланысты жәндіктердің біртіндеп сиреп, ағаштардың қабықтарына, қуыстарына жасырынғанына, оны лупамен қарап көруіне болатынын аудару:
Кейбір құстардың күннің суытуына байланысты жылы жаққа ұшып кететіні жайлы әңгімелеу. Қыстап қалатын құстар мен жылы жаққа ұшып кететін құстарды атау. Неліктен құстардың жылы жаққа ұшып кететінін түсіндіру. Балалармен қазір күздің қай кезеңін (ерте күзде ме, кеш күзде ме) бақылағандары туралы сұрау.
Әліппе-дәптермен жұмыс: «Күзгі жапырақтар» (Қ.Шаңғытбаев) өлеңін оқып, түсіндіру. Тапсырма: а) суретте берілген жапырақтар бойынша ағаштарды тап. ә) күзгі жапырақтарды бояп шық. | Өлеңді мұқият тыңдайды. Балалар тәрбиешімен бірге күзгі жапырақтар шоғын, жемістерін, тұқымдарын жинайды.
Балалар ағаштар қуысында жасырынған жәндіктерді көреді. Олардың қыс мезгіліне дайындалғанын бақылайды. Сонымен қатар күз мезгіліндегі құстардың өміріне де тоқталып өтеді.
Топқа келген соң балалар өздерінің жинаған жапырақтарынан, бұталарынан әдемі жапырақтар, бұтақтар шоғын жасайды. Серуен кезінде көрген құстарын естеріне түсіру. Жапырақтар бойынша ағаштарды табады. Күзгі жапырақтарды бояп шығады. |
| Рефлексифті – корригиялық
|
Дидактикалық ойын: «Негештің хаты» Сабақ соңында балалар, тәрбиеші басшылығымен құстар мен жануарларға үнемі қамқор болып жүру, дағдыларын меңгереді. | Құстарға ұя жасау, жем шашу дағдыларын естеріне сақтап алулары ұсынылады. |
Болжамды нәтиже: Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту «Ерте» және «Кеш» түсетін күз туралы түсінік беру.
Білуі керек: Ағаштардың, бұталардың, жапырақтарына, бұтақтары мен жемістеріне қарай бір-бірінен ажырата білу. Күз мезгіліне байланысты ортаның өзгеруіне қарай жәндіктердің өмір сүруге бейімделуі, қыстап қалатын құстар мен жылы жаққа ұшып кететін құстар туралы білу.
Қалыптасқан әдет: Бақылай білу дағдылары
Істей біледі: Күзгі табиғаттың әсемдігін сезіне білуге жіне оны қорғау
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным» білім беру саласы
Бағдарлама тараулары:
Тақырыбы: «Нан – ел байлығы»
Мақсаты: Диқаншылардың еңбегі туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру. Нан - өмірдің негізі екеніне түсініктерін кеңейту. Жердің үнемі қамқорлықты қажет ететінін әңгімелеу: Егіншілердің еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Өсімдікке өсіп-өну үшін ауа, су, жарық, жылу қажет екені туралы білімдерін дамыту.
Құрал-жабдық: Сабақтың қысқаша мазмұны. Әліппе-дәптер. «Ас атасы - нан» М.Төрежанов Ойындар жинағы. Нанның түрлерінің суреттері.
Сабаққа дайындық: Егін даласындағы егін жинай сәтін бейнелейтін мазмұнды суреттер, жақын жердегі наубайханаға мақсатты серуен.
Сөздік жұмыс: Диқан, наубайхана, егістік
| Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
| Мотивациялық – қозғаушы
| Шаттық шеңбері: Үлкенге де сіз! Кішігеді сіз! Барша жанды құрметтеп, Бас иеміз біз. Саяхаттың барысы: Балалармен бірге жақын жердегі наубайханаға мақсатты серуен жасау. Балалар бұл жерде нанның қалай дайындалатынымен танысады. | Балалар шаттық шеңберге тұрып бәрімен амандасып әндетеді.
Саяхатқа шығып, балалар, наубайханада нанның қалай жасалатынын байқайды. |
| Іздену-ұйымдастырушылық
| Тәрбиеші «Ас атасы - нан» (М.Төрежанов) өлеңін оқиды. Сабақта егін жинау сәтін бейнелейтін мазмұнды суреттер көрсетіп, егіннің қай мезгілде егілетіні, өсу кезеңдері, қай кезде және қандай машинамен (комбайн, машина) жиналатынын әңгімелеу. Жердің қамқорлықты қажет ететінін, егін жақсы өсуі үшін су, жарық, жылу, ауа қажет екенін түсіндіру. Нанның дастарханға келгенге дейінгі (дәннен диірмен, наубайхана, дүкен) Наубайханаға жасалған серуенді естеріне түсіріп, балалар нанның аттарымен танысады. Сабақ барысында балаларға «Нан дүкені» атты мазмұнды-рөлді ойынды ойнатуды ұсыну. Мақсаты: Нанды қастерлеуге тәрбиелеу.
Әліппе-дәптермен жұмыс: «Нан дастарханға қалай келеді?» өлеңін оқып, түсіндіру. Тапсырма: а) берілген суретке қарап, нанның дастарханға қалай келетінін әңгімелеп бер ә) суретті ретімен белгілеп, орналастыр.
| Өлеңді мұқият тыңдайды. Мазмұнды суреттер арқылы егіннің комбайнмен, басқа да машиналармен жиналатынын байқайды. Егістіктің жақсы өсуі үшін не қажет екенін біледі. Егістік -дән-диірмен-ұн-наубайхана-дүкен-үй сатысын түсінді. Нанның түрлерін естеріне түсіреді. «Нан дүкені» рөлдік ойын ойнайды. Сатушы, сатып алушы.
Өлеңді мұқият тыңдайды. Тапсырмаларды орындайды. Нанның дастарханға қалай келетінін айтып береді. Суреттерді ретімен орналастырады. |
| Рефлексифті – корригиялық
| Дидактикалық ойын: «Нан дастарханға қалай келеді ?» Бұл сабақта балалар а) Нан – халық байлығы, ә) нанды қастерлеу, б) диқаншылар еңбегіне құрметпен қарау т.б. түсініктерді меңгереді. Тақпақ жаттау Нан қиқымын шашпаңдар Жерде жатса баспаңдар Теріп алып қастерлеп Торғайларға тастаңдар. | Ойында балалар нанды қастарлеуге үйренеді. Егіншілердің еңбегіне құрметпен қарауға үйренеді.
Нан туралы тақпақ жаттайды. |
Болжамды нәтиже: Нан - өмірдің негізі екеніне түсіндіру
Білуі керек: Жердің үнемі қамқорлықты қажет ететінін білу, өсімдікке өсіп-өну үшін ауа, су, жарық, жылу қажет екені туралы білу.
Қалыптасқан әдет: Диқаншылардың еңбегі туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру
Істей біледі: Егіншілердің еңбегіне құрметпен қарауға
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным» білім беру саласы
Бағдарлама тараулары:
Тақырыбы: «Көлік түрлері және айналаны қоршаған орта»
Мақсаты: Көлік түрлері жайлы білімдерін қалыптастыру. Атқаратын қызметіне және жүретін ортасына қарай (ауада, суда, жерде) топтастыру. Көліктердің пайдалы және зиянды жақтарымен таныстыру. Адам тұрмысындағы көліктердің пайда болу тарихынан қысқаша мәлімет беру. Көлік ішіндегі мінез-құлық ережелері туралы түсіндіру.
Құрал-жабдық: Сабақтың қысқаша мазмұны. Әліппе-дәптер. Мазмұнды суреттер. Ойындар жинағы.
Сабаққа дайындық: Көліктер түрлері туралы суреттер, атқаратын қызметіне және ортасына (суда, ауада, жерде) қарай мазмұнды суреттер, бақылаулар.
Сөздік жұмыс: көлік түрлері
| Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
| Мотивациялық – қозғаушы
| Шаттық шеңбері: Алдымыздан кезіккен, Көп танысты көреміз. Бәріне де ізетпен, Иіліп сәлем береміз! Саяхаттың барысы: Серуен кезінде балаларды жақын жердегі көшеге көліктерді бақылау жасауға алып бару. | Балалар шаттық шеңберге тұрып бәрімен амандасып әндетеді.
Саяхатқа шығып, балалар, жолдың бойымен жүріп жатқан көліктің түрлеріне назар аударады. |
| Іздену-ұйымдастырушылық
| М.Жаманбалиновтың «Автобуста» өлеңін оқып беру. Сабақта әртүрлі суреттерді пайдалана отырып, көлік түрлерімен таныстыру. Көлік түрлері туралы мазмұнды суреттерге қарап
«Кім қандай көлікті қалайды?» деген ойынды балаларға ойнату. Көлік түрлері әңгімесін жалғастырып, оның пайдалы жағы: адамның еңбегін жеңілдетеді, алысты жақындатады. Зиянды жағы: көліктерден бөлініп шығатын зиянды газдар мен түтіндер қоршаған ортаның ауасын ластайды, адам ағзасына кері әсерін тигізеді. Осыған орай өсімдіктердің (ағаштар, гүлдер т.б.) ауаны тазартаныны, яғни улы газдарды бойына тартып алатыны туралы естеріне салу. Сондықтан
Ежелгі көлік түрлері туралы мазмұнды суреттерді қолдана отырып, көліктің шығу тарихы туралы қысқаша әңгімелеп беру. Ертеде адамдар көлік ретінде және жүк тасу үшін үй жануарларын пайдаланды (ат, өгіз, түйе). Оларға арба жегіп жүк тасыды, адамдарды тасымалдады. Бертін келе адамдар көліктің жаңа түрлері – машиналарды ойлап тапты. Қазіргі уақытта көшелерде, алыс жолдарда көптеген машиналардың түрлері жүреді. Ал көліктермен жүрушілер «жолаушылар» деп аталады. Жолаушылар жол жүрген кезде көліктерде мәдени мінез-құлық ережелерін сақтауға, жол ақысын төлеуге міндетті (үлкенге орын беру, қатты сөйлемеу, жалпыға бірдей тазалық ережесін сақтау, жол ақысын төлеу).
| Өлеңді мұқият тыңдайды. Балалар көліктердің жүретін ортасы мен (ауада, суда, жерде) атқаратын қызметіне қарай (жүк машинасы, жеңіл машиналар, жолаушылар тасымалдайтын машиналар) топтастырады. Балалар көліктердің пайдалы және зиян жақтарынынң барын түсінеді. Зияндығын азайту үшін не істеуге болатынын әңгімелейді. Жыл сайын көктемде ауылдар мен қалаларда көгалдандыру жұмысы жүргізіліп, ағаштар мен бұталар, гүлдер т.б. отырғызады. Ал, балалар болса үлкендермен бірге отырғызылған ағаштарға, бұталарға, гүлдерге қамқорлық жасаулары керек. Ежелгі көліктің түрлерімен танысады. Жолаушылардың жолда жүру ережесін сақтаулары керектігін ұғады.
|
| Рефлексифті – корригиялық
| Әліппе-дәптермен жұмыс: «Ұшақ» (Ж.Нұрханов) өлеңін оқып, түсіндіру. Дидактикалық ойын: «Егер де...» Балалар сабақ соңында мынадай дағдыларды меңгеруі тиіс. а) көгалдандыру жұмыстарына қатысып отыру ә) жасыл әлемге қамқорлықпен қарау а) ауылдағы көлік түрлерін қаладағымен салыстырып әңгімеле ә) сен мектепке қандай көлік түрімен келетініңді суреттеп көрсет, атын ата. б) берілген суретте не артық, себебі неде, қалған суреттегі заттарды бір сөзбен қалай атауға болады? Балалардың алған білімдерін бекіту мақсатында «Жолаушылар» деген мазмұнды-ролді ойын ойнатуға болады. Балалар қоғамдық көліктерде жалпыға ортақ мінез-құлық ережелерін сақтап жүруі тиіс. | Өлеңді мұқият тыңдайды.
Тапсырмалар орындайды: а) шетін сызықпен көрсетіп бояйды ә) суретте берілген көлік түрлерін үш топқа бөліп, сызық арқылы араларын қосып көрсетеді, аттарын атайды. - ауылдағы көлік түрлерін қаланікімен салыстырады.
«Жолаушылар» мазмұнды рөлдік ойынын ойнайды. Біреулері жолаушылар, біреуі жүргізуші, біреуі билет беруші болып бөлініп ойнайды. |
Болжамды нәтиже: Көлік түрлері жайлы білу. Адам тұрмысындағы көліктердің пайда болуы жайлы түсініктерін қалыптастыру.
Білуі керек: Көлік ішіндегі мінез-құлық ережелері туралы білу
Қалыптасқан әдет: Атқаратын қызметіне және жүретін ортасына қарай (ауада, суда, жерде) топтастыра алу
Істей біледі: Көліктердің пайдалы және зиянды жақтарымен тану
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Сала бөлігі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Қазақстан-мақтанышым менің»
Мақсаты: Туған өлкеге деген түсініктерін дамыту. Ескерткіштер, көшелер, мемлекеттік мекемелер туралы әңгімелеу. Көпшілік орындарда мінез-құлық ережелерін сақтауға үйрету. Қазақстан Республикасының жетістіктері, туған өлкеге деген сезімдерін одан әрі кеңейте түсу. Туған өлке табиғатының ерекшеліктері (далалар, ормандар, көлдер, теңіздер т.б.) жайлы түсініктерін нақты қалыптастырып, елге, жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту.
Құрал-жабдық: Сабақтың қысқаша мазмұны. Әліппе-дәптер. Мазмұнды суреттер.
Сабаққа дайындық: Қаланың көрікті көшелерімен, ескерткіштерімен таныстыру, атақты адамдардың суреттерінен көрме, ескерткіштердің суреттері. Туған өлке еңбеккерлері, табиғат туралы мазмұнды суреттер.
Сөздік жұмыс: Туған өлке
| Іс-Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
| Ұйымдастырушылық ізденуші
| Шаттық шеңбері: Бақытты балалық шақ Ж. Тұрбеков Отанымыз әлпештеп анадайын, Құшақтайды аялап сағат сайын. Зәулім мектеп, кең сарай, түрлі алаң, Не керектігін біз үшін бәрі дайын. Туған өлке туралы әңгімелеу. Д. Әбіловтың «Қазақстан – Республикам менің» атты өлеңін оқып, мазмұнымен таныстыру. | Балалар шаттық шеңберге тұрып бәрімен амандасып әндетеді. Туған өлке деген не екендігін түсінеді. Өлеңді мұқият тыңдап, мазмұнын түсіну. |
| Сабақ барысы
| Сабақ барысынды балаларға қаланың мекемелері, көшелері, ескерткіштері жинақталған сиқырлы көшеге саяхат жасау ойынын ұсынады. Өзі саяхаттың жетекшісі рөлінде балаларды қаланың сиқырлы көшесіндегі ескерткіштермен, мекемелермен таныстырады. Саяхат кезінде көрнекті адамдардың өмірінен, олардың туған өлкені өркендетуге қосқан үлестері туралы әңгімелейді. Соның ішінде қазақ балалары үшін алғаш рет әліппені, хрестоматияны жасаған, қазақ балалар әдебиетінің атасы, ағартушы Ы.Алтынсариннің өмірі мен қызметіне ерекше назар аударады. Бұл орындар қоғамдық орындар болып саналады. Ал қоғамдық орындарда мәдени-мінез-құлық ережелерін сақтау керектігін әңгімелейді. Баларға адамдардың бос жатқан жерлерді жыртып, егістікке айналдырғанын, кәсіпорындардың жанар-жағар май, темір қазбаларын және т.б. қалай өндірілетінін айтып береу. Өндірілетін өнімнің негізгі екі-үш түрімен таныстыру. Мысалға: Шымкент облысында бақша өнімдері, алматы облысында жеміс-жидектер, Қостанай облысында – бидай өнімдері өндіріледі. Қазақстандағы адамдардың еңбекқорлығын сүйіспеншілігін айта отырып, оларды жемісті еңбектерінің нәтижесі еліміздің өсіп, өркендеуіне қосқан үлесі біз үшін үлкен мақтаныш екендігін түсіндіреді. Туған өлке табиғаты туралы әңгіме әрі қарай жалғасып, Қазақстанның аймағы ұлан-байтақ екендігін айту. Балалар туған өлкенің байлықтарымен оның әр түрлі ерекшеліктері туралы мәлімет алады. (теңіздер, өзендер, ормандар, құстар, жан-жануарлар). Әліппе-дәптермен жұмыс: Н.Әлімқұловтың «Кең өлке» өлеңін оқып, мазмұнын түсіндіру. Тапсырма: а) өлеңді жаттап ал ә) суреттерде берілген ұлттық киімдердің ерекшелігін ата. | Балалар өлеңді жаттап алады. Ұлттық киімдер:Камзол, бешпент, тақия, шапан |
| Рефлекисвті қорытындылау
| Сабақты бекіту: Дидактикалық ойын: «Туған қалаға саяхат» Балалар, есте сақтаңдар: Мәдени орындарда жалпыға ортақ мінез-құлық ережелерін сақтап жүріңдер. Жүректен жүрекке. Ризашылық әні. Сөзі мен әні – Луиза Хейдікі
| Ризамыз бүгінге, Ризамыз бүгінге! Ризамыз бүгінге, Ризамыз қазірге!
|
Болжамды нәтиже: Көпшілік орындарда мінез-құлық ережелерін сақтауға үйрету. Қазақстан Республикасының жетістіктері, туған өлкеге деген сезімдерін одан әрі кеңейте түсу.
Білуі керек: Қазақстан мемлекетінің табиғатының ерекшеліктері (далалар, ормандар, көлдер, теңіздер т.б.) жайлы білу.
Қалыптасқан әдет: Ескерткіштер, көшелер, мемлекеттік мекемелер туралы әңгімелеу.
Істей біледі: Туған өлкеге деген сүйіспеншілік.
АЙНАЛАДАҒЫ ӘЛЕММЕН ТАНЫСУ
САБАҚ № 8
Тақырыбы: «Менің күнім»
Мақсаты: Уақыттың өлшемдері туралы (минут, сағат, тәулік, апта, ай, жыл). Тәулік бөліктерінің ретімен алмасып отыруы (ертеңгілік, түс, кеш), апта күндерінің аттарын ретімен атау, күн тәртібін сақтаудың маңызы туралы білімдерін бекіту. Өзінің іс-әрекетін уақыт бойынша дұрыс жоспарлау дағдысын қалыптастыру.
Сабаққа дайындық: Сағат, тәулік сәттерін бейнелейтін мазмұнды суреттер, табиғат күнтізбесі.
Пайдаланылатын материалдар: Сабақтың қысқаша мазмұны. Әліппе-дәптер. Мазмұнды суреттер.
Шаттық шеңбері:
Болайықшы осындай
А. Меңжанова
Жақсы бала еңбекшіл,
Ер-азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүлге толады.
Қайырмасы:
Еңбекгшіл, осындай
Болайықшы досым-ай!
Таза бала мұнтаздай,
Сүйсінеді қараған,
Ұқыпты деп бұл қандай,
Жақсы көрер бар адам.
Қайырмасы:
Сабақтың барысы:
Жазда күн неге ұзақ? Деген ертегіні оқу.
Сағатты көрсете отырып, оның уақыт өлшемдерімен (минут, сағат, секунд) таныстыру. Уақыт тәртібін дұрыс сақтау жайлы әңгімелеу.
«Тәуліктің қай уақыты?» деген жұмбақ жасырады.
«Тәулік» туралы түсінік беру.
Балаларды күнтізбемен таныстыру.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
«Уақыттың қадірі». (М.Әлімбаев). өлеңін оқып, түсіндіру.
Тапсырма:
а) сен уақытты қалай өткізесің?
ә) берілген суретті күн тәртібі бойынша ретімен орналастыр.
Сабақты бекіту: Дидактикалық ойын: «Жаңылыспа»
Бұл сабақта, төрт патаның бір айды құрайтыны айдан кейін жыл келетіні, 12 айдың 1 жыл болып саналатыны туралы түсінік беріледі.
Жүректен жүрекке.
Айтсаң өтірік жалғанды,
Жұлдызың жарық жанбайды.
Жүрсең айтып шындықты
Жаның жарқын жаздайды.
АЙНАЛАДАҒЫ ӘЛЕММЕН ТАНЫСУ № 5
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Сала бөлігі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Қазақстан –мақтанышым менің
Мақсаты: Қазақстанда мекендейтін ұлт өкілдері, олардың салт-дәстүрлі, тағамдары, ұлттық киімдері және мерекелері мен қолөнер туындылары жайлы мәлімет беру.
Табиғатқа бақылау жасауда ұлттық болжамдарды қолдану туралы білім беру.
Құрал-жабдық: Сабақтың қысқаша мазмұны. Әліппе-дәптер. Мазмұнды суреттер.
Сабаққа дайындық: Әр түрлі ұлттардың ұлттық киімдері, тағамдары және мерекелері мен әдет-ғұрыптары, қол өнер туындылары бейнеленген суреттер, диафильмдер, кинофильмдер, слайдтар.
| Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
| Іздену-ұйымдастырушылық
| Шаттық шеңбері: Армысың, алтын күн! Армысың, көк аспан! Армысың, жер ана! Армысың, достым! Көріп сені қуанам! ҚР ұлттық әнұранын хормен орындау | Балалар шаттық шеңберге тұрып бәрімен амандасып әндетеді.
Әнұран айтады
|
| Сабақ барысы
| Қазақтан мемлекетінің әнұраны, елтаңбасы, көк байрағы, елбасы жайлы білімдерін толықтыру. ҚР-ның жетістіктері, ерекшеліктеріне тоқталу.
Қазақстанда әр түрлі ұлт өкілдері тұратынын, олардың өз тілдері, өздерінің ұлттық киімдері, тағамдары, мейрамдары мен қолөнер туындылары бар екені жөнінен және олар бір-бірімен достық туысқандық қарым-қатынаста өмір сүретіні туралы әңгімелеу. Қазақстан Республикасында әр түрлі ұлт өкілдерінің өмір сүруіне жан-жақты жағдай жасалған. Қазақстанда мемлекеттік тіл – қазақ тілі екенін айту.
Тапсырма: а) Қазақстанмен көршілес жатқан екі елдің атын ата. ә) Әр қыздың ұлттық киіміне сәйкес кілем түрін көрсет. | Елтаңба мен байрақты суреттеп әңгімелейді.
Д.Елайқызының «Қазақстан-менің Отаным» хормен қайталап жаттайды Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің суреттерін қарайды. Киімдеріне қарай ажыратады. Олардың өздерінің тілі, киімдері, тағамдары бар екендігін түсінеді. Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі екенін біледі.
Көрші жатқан екі елді атайды: Ресей, Қытай. Әр қыздың ұлттық киіміне сәйкес кілем түрін көрсетеді. |
| Рефлексифті қорытындылау
| Сабақты бекіту: Дидактикалық ойын: «Жаңылыспа» Сабақтың қорытындысында балалар барлық ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруге, табиғатты қорғауға міндетті екенін біледі. | Ойын ойнайды. Сол арқылы зейінді болуға үйренеді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Патриоттық өлеңдер мен мақалдар жаттап келу.
Істей біледі:Қазақстан мемлекетінің әнұранын жатқа айта біледі.
АЙНАЛАДАҒЫ ӘЛЕММЕН ТАНЫСУ
САБАҚ №
Тақырыбы: «Байланыс қызметі»
Мақсаты:
Байланыс қызметі түрлерімен таныстырып олардың атауларын меңгерту. Адамдардың пайдалы іс-әрекеттерін бағалап, оған құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабаққа дайындық:
Жақын жердегі байланыс қызметіне мақсатты серуен жасалады. Байланыс қызметкерлерінің суреттері.
Сабақтың барысы:
Тәрбиеші балаларды жақын жерде орналасқан байланыс қызметінің мекемесіне апарып, олардың түрлерімен мамандық иелерінің аттарымен таныстырады (байланысшы, хат тасушы, телеграмма қабылдаушы т.б.) Сабақ барысында тәрбиеші балаларды қосымша телефон, телеграф, радио, почта т.б. сияқты байланыс түрлерімен таныстырады. Байланыс қызметінің бұл аталған түрлерінің бәрі адамдардың тұрмысына өте қажет екендігі туралы айтады. Сабақта алған білімдерін бекіту мақсатымен тәрбиеші балаларға мазмұнды рөлді ойын «Почтаны» ойнатады. Ойын барысында балаларды үлкендермен дұрыс қарым-қатынас жасай білуге, әдептілікке, кішіпейілділікке тәрбиелейді.
Әліппе дәптермен жұмыс: Ө.Ақыпбекұлы «Телефон»
Телефон
Әй, телефон, телефон
Мамам келіп бұраса,
Кім керегін сұраса,
Тез шақырып келесің,
Айтқанына көнесің.
Әй, телефон, телефон,
Ал мен келіп бұрасам,
Кім керегін сұрасам,
Тыңдамайсың бірін де,
Гуілдейсің мұның не?
Тапсырма:
Телефонмен сөйлесу мәдениетін қалай түсінесің?
Өлеңді жаттап ал.
Дидактикалық ойын: «Теледидар» Ә. Кекілбаевтың «Хат тасушы» өлеңін оқиды.
АЙНАЛАДАҒЫ ӘЛЕММЕН ТАНЫСУ
САБАҚ
Тақырыбы: «Компьютер әлемінде»
Мақсаты:
Балалардың жас шамасына қарай компьютер туралы қарапайым математикалық түсінік беру, оны пайдалану ережелерін қадағалап отыру. Бастаған ісін аяғына дейін тыңғылықты аяқтауға, зейінді, шыдамды болуға тәрбиелеу.
Сабаққа дайындық:
Компьютердің моделі, ойын сәттері.
Сабақтың барысы:
Тәрбиеші қазіргі замандағы адамдардың қол жеткізген жетістіктерінің бірі компьютер екенін айтады. Компьютер алдыңғы сабақта танысып өткен байланыс қызметі түрлерінің қатарына жатады. Компьютермен неше түрлі ойындар ойналатыны және әлемнің барлық жерлерінен (шартараптан) әр түрлі хабарлар алынатыны туралы мәлімет береді.
Е.Өтетілеуовтың «Кім болам?» деген өлеңін оқиды.
Компьютермен айналысатын адамдарды копьютерші деп атайды. Қазіргі кезде мектептер мен балабақшаларда да компьютерлер кеңінен орын алған. Тәрбиеші балаларға компьютерді пайлану ережелері бар екенін және оны сақтау керек екендігін түсіндіреді. Компьютердің пайдалы жақтарымен қатар адам денсаулығына зиянды әсер ететін жақтары да бар екенін айтып өтеді (көзге зиянды, зиянды сәулелерді бөледі). Сондықтан компьютермен жұмыс жасаған кезде бағдарламаға сәйке ережелерді қатаң сақтап отыру қажет екенін ескертеді.
Әліппе дәптермен жұмыс: А.Әшірбекқызы «Компьютер»
Компьютер
Таңданған талай даналар,
Компьютер деген бала бар.
Есепті де шешеді,
Суретті де салады.
Тетігін тапсаң ол бала
Бар тіліңді алады.
Тапсырма:
А) Сен қандай мамандықты ұнатасың? Себебі не?
Б) Сенің үйіңде компьютер бар ма? Сол туралы әңгімелеп бер.
Тәрбиеші компьютермен жұмыс жасау барысында баланы бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге және шыдамдылық пен ыждаһаттылыққа тәрбиелейді.
ЭКОЛОГИЯ НЕГіЗДЕРі № 5
оқу іс-әрекетін ұйымдастыру технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным» білім беру саласы
Бағдарлама тараулары:
Тақырыбы: Табиғат әсемдігі
Мақсаты: Мектеп айналасындағы ең керікті жерді таңдап, бақылау жасау. Табиғаттың сүлу керкіне балалардың қызығушы-лық сезімін арттыру. Бақылай білу дағдысын дамыту. Табиғат байлығын қорғауға тәрбиелеу.
Сабаққа дайындық: Қазақстан суретшілерінің жыл мезгіліне қарай табиғатты бейнелеген суреттері: А.Қастеев "Күз", "Алтын күз", А.Қас-теев "Қыс", З.Шарденов "Қыс келбеті", К.Шаяхметов "Алғашқы қар", А.Қастеев "Көктем", Н.Нұрахметов "Наурыз", А.Қастеев "Жайлауда", "Талас басында".
Құрал-жабдық: суреттер
Сөздік жұмыс:
| Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
| Мотивациялық – қозғаушы
| Шаттық шеңбері: Болайықшы осындай А. Меңжанова Жақсы бала еңбекшіл, Ер-азамат болады. Қиындықты жеңіп кіл, Құшағы гүлге толады. Қайырмасы: Еңбекгшіл, осындай Болайықшы досым-ай! Таза бала мұнтаздай, Сүйсінеді қараған, Ұқыпты деп бұл қандай, Жақсы көрер бар адам. Қайырмасы: | Шаттық шеңберіне тұрып Болайықшы осындай әнін айтады. Сол арқылы еңбекшіл, ұқыпты болуға үйренеді.
|
| Іздену-ұйымдастырушылық
| Тәрбиеші суреттерді орналастырып, Оразақын Асқардың "Суретші" деген өлеңін оқиды. Бағыттаушы сұрақтар қою арқылы "тірі" және "өлі" табиғаттың өзара байланысын түсінулеріне көмектеседі: шөптің қурауы, жапырақтың түсуі (күзде), ағаштардың бұтақтары, үйлердің шатырларын, айналаны ақ қар жапқан, өзенге мұз қатқан (қыста), өзендер сылдырап ағады, жер көгереді (көктем), айнала қызыл-жасыл гүл, аспан шайдай ашық (жазда). Әңгімелеу барысында тәрбиеші балалардың әңгімесінде теңеулерді (эпитет) қолдана білуіне көңіл аударады. Мәселен: Жаңбырлы күз, жомарт күз, алтын күз, жалтыр мұз, ұлпа қар, жасыл көктем, көрікті көктем, жайдары жаз, жарқын жаз әңгіме соңында тәрбиеші балаларды мектеп айналасына серуенге алып шығады.
|
Өлеңді мұқият тыңдайды Тірі және өлі табиғаттың өзара байланысын аңғарады.
Балалар өсімдіктерге, қүстарға бақылау жасайды. Айналаға қарап табиғаттың ең көрікті жерін таңдайды, сосын ол жерді не үшін ең көрікті жер деп санайтындары туралы сүрайды. |
| Рефлексифті – корригиялық
| Әліппе дәптермен жүмыс: Е. Өтетілеуовтің "Күз", "Қыс", "Көктем", "Жаз" өлеңдерін оқып беру. Тапсырма: Салынған суреттерден төрт жыл мезгіліне сәйкес құбылыстарды аяқта. |
Тәрбиешінің оқыған өлеңін мұқият тыңдайды. Күзде жапырақтардың түсуі, қардың жаууы, ағаш-тардың бүр жаруы, жаңбырдың жаууы |
Болжамды нәтиже: Мектеп айналасындағы ең көрікті жерді таңдап, бақылау жасау. Бақылай білу дағдысын дамыту.
Білуі керек: Табиғаттың сұлу көркіне балалардың қызығушылық сезімін арттыру.
Қалыптасқан әдет: Суреттерді мұқият бақылап қарау. Ерекшеліктерін айту.
Істей біледі. Табиғат байлығын қорғау
АЙНАЛАДАҒЫ ӘЛЕММЕН ТАНЫСУ
8 – сабақ
Тақырыбы: Мен және менің отбасым
Мақсаты: Отбасы және оның мүшелері туралы әңгімелеу. Отбасы мүшелерін атай білуге және олармен дүрыс қарым-қатынас жасауға үйрету.
Сабаққа дайындық: Отбасы туралы мазмүнды суреттер.
Сабақтың барысы: Тәрбиеші отбасы қүрудың маңызы яғни бо-лашақ әке мен ананың дені сау, сауатты болуы керектігін әңгімелейді. Сонда отбасындағы баланың да дені сау, қабілетті болатынын айтады. Балалар ата-анасын, үлкендерді тыңдап, кішкентайларға қамқорлық жасауы керек Қ.Күзембайдың "Осындай біздің отбасы" деген өлеңін оқып береді. Отбасында үй жүмыстарына көмектесіп, тазалық ережелерін сақтау. Күн тәртібі ережелерін орындаудың маңызы тура-лы әңгімелейді.
Тәрбиеші балалардан отбасы мерекелері мен дәстүрлері, әке-шешесінің, апа-атасының мандықтары туралы әңгімелеп берулерін сүрайды.
Әліппе дәптермен жүмыс:
Б.Сүйінбаев "Мен апамңың ай мен күні" өлеңін оқып береді.
Тапсырма
а) Суретте берілген отбасы мүшелерін ата.
ә) Суретке қарап кімнің немен айналысып жатқанын айтып бер.
Сабақты бекіту мақсатымен "Бізде былай, ал сіздер де ше?" деген дидактикалық ойынды ойнатады.
Сабақты қортындылай келе тәрбиеші балалардан мынандай сүрақ-тарға жауап беруін сүрайды:
1. Ата, апамен қалай дүрыс амандасуға болады?
2) Әкең мен анаң саған риза болып қуануы үшін не істеуің керек?
АЙНАЛАДАҒЫ ӘЛЕММЕН ТАНЫСУ
9 –сабақ (І)
Тақырыбы: Еңбек — ер атандырады
Мақсаты: Адамдардың еңбекгі туралы ұғымдарын жетілдіру. Ауыл-дағы және қаладағы еңбектің түрлерімен таныстыру. Өндіріс орында-рындағы экологиялық қажеттілік (көгалдандыру) туралы балаларға білім беру.
Сабаққа дайындық: Жақын жердегі өндіріс орындарына мақсат-ты серуен ұйымдастыру. Олардың бөлімдері жайлы мазмұнды суреттер.
Сабақтың барысы:
Сабақтың алдында тәрбиеші жақын жердегі өндіріс орындарында болып үлкендер еңбегін бақылайды. Жұмысшы-лардың әңгімесін тыңдап, мамандықтарымен танысады. Сабақта тәрбиеші Рахат Қосбармақовтың: "Теміржолшы", "Мүсінші", "Шекара-шы", Шекербек Садыхановтың "Құрылысшы" деген мамандық иелері деген өлеңдерін оқиды. Мазмұнды суреттерді пайдалана отырып, се-руен кезінде көргендерін естеріне түсіруді сүрайды. Қаладағы өндіріс орындарының өндіретін өнімдерін әңгімелейді.
Мысалы: Ойыншық заводы әр түрлі ойыншықтар шығарады, тігін фабрикасы неше түрлі киімдерді тігеді, май заводы май, балмүздақ, ірімшік т.б. өнімдер шығаратыны туралы түсінік береді. Тәрбиеші бала-ларға үлкендердің еңбегінің құрметті де, қажетті еңбек екенін айтады. Өндіріс орындарына айнала қоршаған ортаны қорғау үшін талаптар қой-ылатыны туралы әңгімелейді Заводтар мен фабрикалардың мұржала-рынан шыққан улы түтіндердің ауаны ластамауы үшін оларға тазартқ-ыштар қояды, айналаны ағаштар мен бұтақтар, гүлдер отырғызады. Тәрбиеші балалардың назарын балабақша ауласын көгалдандыруға аударады.
Әліппе дәптермен жұмыс: С.Мәуленов "Елдің бәрі жұмыста" .
Тапсырма:
а) Суретте қандай мамандықтар көрсетілген, атап шық.
ә) Сен қандай мамандықты ұнатасың, себебі не?
Сабақты оқыту мақсатында "Заттарды кім көп атайды" деген ди-дактикалық ойын ойналады.
Сабақты қортындылау үшін бүгінгі сабақта қандай мамандық иелерімен танысқандарын, солардың ішінде қай мамандықты үнатқан-дарын сұрайды.
АЙНАЛАДАҒЫ ӘЛЕММЕН ТАНЫСУ № 10
оқу іс-әрекетін ұйымдастыру технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным» білім беру саласы
Бағдарлама тараулары:
Тақырыбы: Еңбек — ер атандырады
Мақсаты: Үлкендердің еңбектері туралы балалардың түсініктерін әрі қарай дамыту. Ауыл шаруашылық өнімдерінің түрлері. (Оларды өндіретін адамдардың еңбектері).
Құрал-жабдық: Ауылшаруашылығы еңбөккерлерінің суреттері, олардың ендіретін енімдерінің суреттөрінен көрме (астық, жеміс-жи-дектер).
Сөздік жұмыс: ер, ерлік
| Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
| Мотивациялық – қозғаушы
| Сабақты Е.Өтетілеуовтың "Кім болам?" деген елеңін оқудан бастау.
Тәрбиеші балаларды ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің суреттерімен таныстырады. Бағыттаушы сұрақтар қояды:
Тәрбиеші әр түрлі іс-әрекеттегі адамдардың әрқайсысының өздерінің мамандықтары бар екенін айтады: егінші, диқаншы, шопан, жылқышы т.б. | Тәрбиешіні мұқият тыңдап, қойған сұрақтарға жауап беріп отырады. ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің суреттерімен танысады. Сұрақтарға жауап береді. Әр мамандықтық өзіне тән қандай жұмысы барын тауып айтады. |
| Іздену-ұйымдастырушылық
| Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің өнімдері тек ғана өздерін емес қаланы да қамтамасыз ететінін айтады (ет, сүт, астық, жеміс-жидек-тер, көкөністер) Ауылшаруашылығында өндірілген өнімдерді көруге балаларды көрмеге шақырады. Балаларға ауылдағы және қаладағы еңбек түрлері бейнеленген мазмұнды суреттерді салыстырып қарау тапсыралады. Суретке қарап отырып, балалар ауыл мен қала арасында үздіксіз байланыс бар екенін түсінеді. Ауылшаруашылығындағы еңбеккерлер өздерінің өндірген өнімдерін қалаға жібереді, ал қала ол өнімдерді өңдеп, қайтадан ауыл шаруашылығына шығарады Әліппе дәптерімен жүмыс: М.Әлімбаев "Егінші". Тапсырма: Әліппе дәптерде керсетілген тапсырмаларды орында. Дидактикалық ойын "Кім болам?"
| Қалаға сүт, ет, жеміс, көкністердің қандай келетінін ойланады.
Көрмеге барып ауылшаруашылық өнімдерін көреді.
Ауылдағы және қаладағы еңбек түрлері бейнеленген мазмұнды суреттерді салыстырып қарайды. Көрген астықтың, жеміс-жидектердің аттарын атайды.
Әліппе-дәптерде көрсетілген тапсырманы орындайды. |
| Рефлексифті – корригиялық
| Сабақ соңында балалар: Ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің қызметінің қажеттілігі, ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің қала жұртшылығын нанмен, көкөністермен, жеміс-жидектермен қамтамасыз өтетінін айтады. | нанмен, көкөністермен, жеміс-жидектермен қала адамдарын кімдер қамтамасыз ететінін ұғынады. Еңбек – береке екенін ұғады. |
Болжамды нәтиже: Үлкендердің еңбектерін бағалау, қадірлеу.
Білуі керек: Ауыл шаруашылық өнімдерінің түрлері.
Қалыптасқан әдет: Қала мен ауыл тіршілігін бақылай білу, салыстыру.
Істей біледі: Үлкендерге көмектесу, еңбек ету.
АЙНАЛАДАҒЫ ӘЛЕММЕН ТАНЫСУ № 11
оқу іс-әрекетін ұйымдастыру технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным» білім беру саласы
Бағдарлама тараулары:
Тақырыбы; Тәуелсіздік тұғырың
Мақсаты: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесі туралы түсінік беру. "Тәуелсіздік" үғымы, Қазақстан Республикасының қоғам қайраткерлері женінде әңгімелеу. Баланың халқына, үлтына де-ген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін тәрбиелеу. Туған жер табиғатына қамқорлықпен, қүрметпен қарауға үйрету.
Құрал-жабдық: ҚР рәміздері, қазақ халқының хандары, билері мен батырларының суреттері.
Сөздік жұмыс: тәуелсіздік
| Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
| Мотивациялық – қозғаушы
| Сабақ Қазақстан Республикасының әнұранын айтудан басталады. Тәрбиеші Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстырады. "Тәуелсіздік" сөзінің мағынасын түсіндіреді. Қазақ халқының хандары: Тәуке, Әбілхайыр, Абылайхан, билері: Төле, Қазыбек, Әйтеке мен ел қорғаған батырлар Наурыз-бай, Бөгенбай, Қабанбайлармен таныстырады. | Ән ұранды айтады. Елдің рәміздерімен танысады. Тәуелсіздік сөзінің мағынасымен ашады. Хандарымен танысады. |
| Іздену-ұйымдастырушылық
| Тәрбиеші М.Әлімбаевтың "Қазақстан байрағы", С.Қалиевтың "Елтаңбасы елімнің" деген өлеңдерін оқып береді. ҚР туралы әңгімелеп, ҚР президенті кім?, Біздің мемлекетіміз қалай аталады? Қазақстан қай жылдан бастап, тәуелсіздік алды? деген сұрақтар қояды. ҚР туралы әңгімені ары қарай жалғастырып, оның тарихи қайраткерлері (хан-дары, билері, батырлары) өздерінің жерін, елін сүйіп, оның тәуелсіздігін туралы армандағаны туралы айтады. Олардың армандары сан ғасырлардан, мыңдаған жылдардан кейін тәуелсіздік алып өз туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз болғандығын әңгімелейді. Шарықтап ұшқан қыран қүс - еркіндіктің, тәуелсіздіктің символы, ол кез келген қиындықты жеңеді деп түсіндіреді. Әліппе дәптермен жұмыс: Е. Өтетілеуов "Қазақстан" Тапсырма: а) Суретке қарап батырдың киімдерін ата. ә) Қүстар ара-сынан бүркітті тауып боя.
| Өлеңдерді мұқият тыңдап, мазмұнын түсіндіреді. Еліміздің президентін атап, мемлекетіміздің қалай аталатынын айтып береді.
Әліппе-дәптерде көрсетілген тапсырманы орындайды. |
| Рефлексифті – корригиялық
| Дидактикалық ойын "Сен білесің бе?" Сабақтың соңында тәрбиеші балаларға Әнұран, Елтаңба, Туды таныстырып, ҚР Тәуелсіздік күні 16-шы желтоқсан екенін ұмытпай жадында ұстауды қалыптастырады. | Сен білесің бе ойынын ойнайды. Бұнда 16 желтоқсанның қайндай күн екендігін біледі. |
Болжамды нәтиже: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесі туралы түсінік беру.
Білуі керек: "Тәуелсіздік" ұғымын
Қалыптасқан әдет: халқына, ұлтына деген сүйіспеншілік
Істей біледі: Туған жер табиғатына қамқорлықпен құрметпен қарау
АЙНАЛАДАҒЫ ӘЛЕММЕН ТАНЫСУ № 12
оқу іс-әрекетін ұйымдастыру технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным» білім беру саласы
Бағдарлама тараулары:
Тақырыбы; Туысқан елдер достығы
Мақсаты: Қазақстанмен көршілес жатқан мемлекеттермен та-ныстыру көршілес елдермен туысқандық достық қарым-қатынасқа тәр-биелеу.
Қыс мезгіліндегі ауа-райының қалыпты өзгеріп отыруын балалар-мен бірігіп бақылау.
Құрал-жабдық: Ұлттық киімдер киген балалардың, тұрмыстық бұйымдардың суреттері.
Сөздік жұмыс: туысқан
| Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
| Мотивациялық – қозғаушы
| Тәрбиеші Қазақстанның Тәуелсіз мемлекет екендігі жөнінде білімдерін бекітіп, қайталау сұрақтарын қояды. Қазақстаннан басқа да тәуелсіз елдердің бар екеніне мәлімет береді. (Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Россия, Украина, Белоруссия) Олардың астанасы (Өзбекстан — Ташкент, Түрікменстан — Ашхабад, Тәжікстан — Душанбе, Қырғызстан — Бішкек). Бұл мемлекеттердің өзара татулығын, достығын "Тәуелсіз мемлекеттердің достығы" деп атайды. |
Тәуелсіздік сөзінің мағынасымен ашады. Көрші елдермен карта арқылы танысады. Олардың бас қалаларын атайды. Барлығының тату өмір сүріп жатқандарын біледі. |
| Іздену-ұйымдастырушылық
| С.Оспановтың "Тілегіміз бейбіт күн" деген өлеңін оқиды. Хрестоматиядан тәрбиеші бұл елдерде өсірілетін өнім түрлеріне, өндірілетін шикізаттарға тоқталады: Өзбекстанда — мақта, Түрікменстанда — мақта, мұнай-газ, Қырғызстанда — қант қызылшасы, бидай, Тәжікстанда мақта өндіріледі т.б. Әліппе дәптермен жүмыс: Б.Ысқақов "Достық космодромы" Тапсырма: а) Өлеңді жаттау; ә) Зымыранды боя.
|
Өлеңді мұқият тыңдап, мазмұнын түсіндіреді. өндірілетін шикізаттарды атайды. Олардың не үшін керектігін түсіндіреді.
Әліппе-дәптерде көрсетілген тапсырманы орындайды. |
| Рефлексифті – корригиялық
| Дидактикалық ойын "Тәуелсіз көршілес Республикалармен та-нысу". | Сен білесің бе ойынын ойнайды. Бұнда 16 желтоқсанның қайндай күн екендігін біледі. |
Болжамды нәтиже: Қазақстанмен көршілес жатқан мемлекеттермен таныстыру
Білуі керек: көршілес елдермен туысқандық достық қарым-қатынаста екендігін білу
Қалыптасқан әдет: халқына, ұлтына деген сүйіспеншілік
Істей біледі: ауа-райының қалыпты өзгеріп отыруын бақылау
АЙНАЛАДАҒЫ ӘЛЕММЕН ТАНЫСУ
оқу іс-әрекетін ұйымдастыру технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным» білім беру саласы
Бағдарлама тараулары: АЙНАЛАДАҒЫ ӘЛЕММЕН ТАНЫСУ
Тақырыбы: Жасыл әлем
Мақсаты:
Тірі табиғат және оның ерекшеліктері туралы түсініктерін бекіту. Қоршаған ортаға деген жауапкершілігін және табиғат аясын-дағы экологиялық тәрбие ережелерін сақтап жүру дағдыларын қалып-тастыру. Баланың табиғаттың әдемі көрінісі, жасыл әлем құпиясы тура-лы эстетикалық талғамдарын дамыту, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Құрал-жабдық: Жылдың әр мезгіліне байланысты табиғат көріністерінің суреттері, диафильмдер.
Сөздік жұмыс: бәйшешек
| Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
| Мотивациялық – қозғаушы
| Балаларға тірі табиғат туралы әңгімелеу. Көкорай шалғын жерлер мен ормандар, қызыл-жасыл гүлдер, жануарлар дүниесі табиғаттың белінбес белшектері екендігі түсіндірледі және олардың үнемі өсіп-өніп, кебейіп отыратындығы жайлы мағлұмат береді. Табиғат аясына шыққанда, бақылау сәттерінде еңбек әрекеттерін ұйымдастыру кезінде "табиғат" туралы жазылған еңбектерді пайдалану. Жыл мезгіліне байланысты табиғат көріністерін, диафильмдер көрсету. ол балалардың табиғатқа деген қамқорлық білімдерін меңгеруге мүмкіндік береді, қоршаған ортаны қорғау жауапкершілігіне тәрбиелейді. | Тәрбиешіні мұқият тыңдап, қойған сұрақтарға жауап беріп отырады. Табиғаттың өсіп-өнеді дегенді қалай түсінетіндерін мазмұндайды.
Табиғат аясына бақылау жасағандағы, суреттерді, диафильмді көргендегі туған сұрақтарын қояды. |
| Іздену-ұйымдастырушылық
| Әліппе дәптермен жүмыс: С.Мәмбетов "Бәйшешек". Тапсырма: а) Дала, бақша, бөлме гүлдерін ата. ә) Суреттегі гүлдерді атап, олардың қайда өсетінін айт.
| Бәйшешек деген не екенін түсіндіреді. Өлең мазмұнын айтады.
Сұрақтарға жауап береді.
Үйде қандай гүлдерді өсіретіндері жайлы әңгімелейді. |
| Рефлексифті – корригиялық
| Дидактикалық ойын: "Қандай өсімдік екенін тап" | Суреттер арқылы балалар қандай өсімдік екенін табады. |
Болжамды нәтиже: Қоршаған ортаға деген жауапкершілігін және табиғат аясын-дағы экологиялық тәрбие ережелерін сақтап жүру дағдыларын қалып-тастыру.
Білуі керек: Тірі табиғат және оның ерекшеліктері туралы түсінік
Қалыптасқан әдет: қоршаған ортаны қорғау жауапкершілігі
Істей біледі: Қоршаған ортаны бақылау
бекіту. Баланың табиғаттың әдемі көрінісі, жасыл әлем құпиясы тура-лы эстетикалық талғамдарын дамыту, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.
ЭКОЛОГИЯ НЕГіЗДЕРі № 7
оқу іс-әрекетін ұйымдастыру технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным» білім беру саласы
Бағдарлама тараулары:
Тақырыбы: Тау — тастар қупиясы
Мақсаты: Өлі табиғат (тау — тас, өзен — кол т.б.) туралы балалардың білімдерін жетілдіру, олардың ерекшеліктеріне түсінік беру. Табиғаттағы байланысты анықтау (температураның өзгеруіне байланысты бір күйден екінші күйге ауысуы т.б.) Бақылау, ойлай білу танымдық қабілеттерін жетілдіру. Табиғат байлығына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Сабаққа дайындық: Табиғат аясына мақсатты серуен жасап, тәжірибе керсету.
Құрал-жабдық: суреттер, әліппе-дәптер,
Сөздік жұмыс: өлі, тірі табиғат
| Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
| Мотивациялық – қозғаушы
| Шаттық шеңбері: Болайықшы осындай А. Меңжанова Жақсы бала еңбекшіл, Ер-азамат болады. Қиындықты жеңіп кіл, Құшағы гүлге толады. Қайырмасы: Еңбекгшіл, осындай Болайықшы досым-ай! Таза бала мұнтаздай, Сүйсінеді қараған, Ұқыпты деп бұл қандай, Жақсы көрер бар адам. Қайырмасы: Өлі табиғат және оның ерекшеліктерімен таныстыру, "Өлі" және "тірі" табиғат арасындағы байланыс туралы әңгімелеу. | Шаттық шеңберіне тұрып Болайықшы осындай әнін айтады. Сол арқылы еңбекшіл, ұқыпты болуға үйренеді.
Өлі табиғаттың не екендігін түсінеді. Тірі табиғатпен байланысын байқайды. |
| Іздену-ұйымдастырушылық
| Е.Өтетілеуовтің "Бар ма, жоқ па?" деген өлеңін оқу. Табиғаттағы құбылыстарды күнтізбе арқылы белгілеу. Мысалы: жаңбырдың жауып тұрғанын, қардың жауғанын, жел соғып тұрғанын балалар табиғат күнтізбесінде шартты белгілермен көрсетіп отырады. Тәрбиеші серуен кезінде балалардың назарын табиғат құбылыстарына аударады. Қоршаған орта температурасының ауытқуына байланысты оның жылы және суық болуы, жыл мезгілінің ауысуына қарай табиғат құбылыстар.
|
Өлеңді мұқият тыңдайды
Қардың жауғанын, жел соққанын күнтізбеде белгілейді.
Серуенге шыққанда табиғат құбылыстарына назар аударып, не байқағандарын айтады.
|
| Рефлексифті – корригиялық
| Дидактикалық ойын: "Кім жылдам?" Сабақты қортындылау үшін: шынығудың қандай жолдарын білесің? Табиғат пен адам денсаулығы арасында қандай байланыс бар? деген сұрақтар қойылады.
| Ойын ойнайды.
Сұрақтарға ойланып жауап береді. |
Болжамды нәтиже: Өлі табиғат (тау — тас, өзен — көл т.б.) туралы балалардың білімдерін жетілдіру, олардың ерекшеліктеріне түсінік беру.
Білуі керек: Табиғаттағы байланысты анықтау (температураның өзгеруіне байланысты бір күйден екінші күйге ауысуы т.б.)
Қалыптасқан әдет: Бақылау
Істей біледі. Табиғат байлығын қорғау
Білім беру саласы: Таным
Сала бөлігі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Су — өмірдің нәрі
Мақсаты: Су және оның табиғатта болатын орындары туралы түсініктерін қалыптастыру. Суды үнемдеу жолдарымен таныстыру. Суды ластамауға оған қамқорлық көзқарасқа тәрбиелеу.
Сабаққа дайындық: Теңіз, мүхит, өзен, көлдер белгіленген карта және суреттер.
Сабақтың барысы: Тәрбиеші табиғатта сусыз тіршілік болмайты-на түсінік береді. Судың табиғатта өз орындары бар (мүхиттарда, теңіздерде, езендер мен көлдерде).
С.Ақаевтың "Бүлт езеннен су алса ғана жауады", материалын оқиды. Жер бетінің кеп белігін мұхиттар мен теңіздер, езендер мен келдер алып жатыр. Оны біз глобустан көруімізге болады. Жер бетіндегі сулардың бәрін бірдей ішуге бола ма? Мұхиттар мен теңіздердің кейбір өзендердің сулары ащы болғандықтан оны ішуге болмайды. Бірақ онда да тіршілік бар (балықтар т.б. тіршілік иелері емір сүреді).
Тәрбиеші күнделікті емірде судың аса қажет екенін және оны ысы-рап етпей үнемдеп пайдаланудың жолдарын айтып, суды үнемдеуге тәрбиелейді.
Әліппе дәптермен жүмыс: Ө.Ақыпбекұлы "Сырқырама".
Тапсырма: а) Жұмбақ; Тіршілік нәрі, тазалық әрі. ә) Суды үнемдеудің қандай жолдарын білесің?
Дидактикалық ойын:"Тамшының жыл мезгіліне саяхаты".
Тәрбиеші сабақты қортындылап, суды ластамауға және қамқорлық-пен қарауға, өзен, келдер жағасында тазалық ережелерін сақтауға тәрбиелейді.
АЙНАЛАДАҒЫ ӘЛЕММЕН ТАНЫСУ
13 сабақ
Тақырыбы: Қайталау
Мақсаты: Су жөніндегі түсініктерін ары қарай жалғастыра отырып, оның қасиеттерімен таныстыру. Су шынығудың табиғи факторларының бірі екендігі туралы түсінік беру. Жеке бастың тазалығын сақтаудағы судың алатын орнын түсіндіру.
Сабаққа дайындық: Тәжірибе жасау. Шынықтыру жөніндегі маз-мүнды суреттер.
Сабақтың барысы: Өткен сабақтағы су жайлы алған білімдерін дамыта отырып тәрбиеші тәжірибе жасату арқылы судың қасиеттерімен таныстырады (иссіз, түссіз, мөлдір, пішіні жоқ).
Сабақтың барысында тәрбиеші ауаның температурасының өзгеруіне байланысты судың қасиетінің өзгеріп отыратынын әңгімелейді (ыс-тықта буға айналуы, суықта қайтып мұзға айналуы). Адамның денсаулығының жақсаруына (шынығуына, сауығуына) судың тигізетін пайдасы мол.
Шынықтыру жөніндегі мазмұнды суреттерді көрсете отырып тәрбиеші "Шынықсаң шымыр боласың" деген үғымды балаларға түсіндіреді де (душ астында, даладағы жүзу бассейнінде және қүйыну арқылы) оны жылдың барлық мезгілінде жасап отыру керек екенін ескертеді.
Әліппе дәптермен жүмыс: С.Мәуленов "Көл"
Тапсырма:
а) Көл жағасында табиғат ережелерін қалай сақтайсың?
ә) Бақаның көлге жететін жолын көрсет.
б) Мұхитты балықтардың түрлерімен толтыр.
Дидактикалық ойын: "Тамшының жыл мезгіліне саяхаты".
Жеке бастың тазалық ережелерін сақтауда судың алатын орны ерекше екендігін түсіндіру. Салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында тәрбиеші балалармен бірге адам өміріндегі судың маңызды роль атқаратынына көз жеткізеді.
АЙНАЛАДАҒЫ ӘЛЕММЕН ТАНЫСУ
14 сабақ
Тақырыбы: Қысқы ағаштар
Мақсаты: Қысқы ағаштарды бұтағына, діңіне қарап ажырата білуге, ағаштар мен бұталарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабаққа дайындық: Мектеп ауласына мақсатты серуен, қысқы ағаштардың көрінісі туралы мазмұнды суреттер.
Сабақтың барысы:
Балабақша ауласына серуен кезінде ағаштардың бұталары мен бүрлерінің орналасуына, түсіне, қалып қойған жапырағына қарай ажыратуға үйретеді. Ағаштардың қышқы тіршілігіне назар аударады. Олар қыста да тіршілік етуін тоқтатпайды. Қыс мезгілінің соңына қарай тәрбиеші ағаштың бұтағын суға салып қояды, кейін ағаш бұтақтарының бүр жара бастағанын бақылайды. Қыста серуен кезінде ағаштардың бұталарын сындырмауға, пайдалы еңбек іс-әрекетіне араластырып, ағаштардың түбіне қар үйінділерін үюге т.б. қамқорлық жұмыстарына баулиды.
Әліппе дәптермен жүмыс: М. Әлімбаев "Қыс келбеті"
Тапсырма:
а) Өлең жолдың қай мезгіліне арналған?
ә) Суретке қарап діңі ұқсас ағаштарды тап.
Дидактикалық ойын: "Тұқымына қарап ағашты тап"
АЙНАЛАДАҒЫ ӘЛЕММЕН ТАНЫСУ
15 сабақ
Тақырыбы: Жануарлардың қысқы мекені
Мақсаты: Жануарлардың қысқы тіршілігі (азық дайындауы, қыс бойы ұйқыда болуы т.б.) Туған өлкенің жануарларын қорғау мен қамқорлыққа алу сезімін дамыту.
Сабаққа дайындық: Қыс мезгіліндегі жабайы аңдардың суреттері. Тәрбиеші сабақты М.Дулатовтың «Қыс» әңгімесін оқудан бастайды.
Сабақтың барысы:
Жабайы аңдардың мекені орман, тау-тас, дала екені туралы әңгімелеу. Жыл мезгілдерінің өзгеруіне қарай жабайы аңдардың өмір сүруі де өзгерістерге ұшырап отырады. Мысалы: Қоршаған ортаның өзгеруіне қарай кейбір аңдар өздерінің түстерін өзгертеді (қоян қыста ақ түске енеді, аю апанда ұйықтайды, тиын қысқа көп жаңғақ жинайды, ағаштың қуысында өмір сүреді т.б) Қыста қардың көп түсуіне байланысты жабайы аңдардың азық табуы қиынға соғады. Сондықтан оларға адамдар тарапынан көмек, қамқорлық қажет болады. Орманшылар қыс мезгілінде жабайы аңдарды өздерінің қамқорлығына алып жан-жақты жағдай жасайды.
Әліппе дәптермен жүмыс: Ж.Кәрбозин «Қоян», Қ.Жұмағалиев «Ақ тиін».
Тапсырма:
а) қоян қыста қандай түске енеді?
ә) тиін қысқа қандай азық жинайды?
Дидактикалық ойын: "Қай жануар қайда мекендейді?"
АЙНАЛАДАҒЫ ӘЛЕММЕН ТАНЫСУ
16 сабақ
Тақырыбы: Құстардың қысқы тіршілігі
Мақсаты: Құстардың қысқы тіршілігі (жемінің азаюы, үйлерге, адамдарға жақындап, олардың көмегін қажет етуі) туралы әңгімелеу. Балалардың қыс кезінде құстарға қамқорлық жасауға деген белсенділігін арттыру, оларға деген қамқорлық көзқарасын дамыту.
Сабақта Т.Тайбазарұлының «Қайтпай қалған қарлығаш» өлеңін оқудан бастайды.
Сабаққа дайындық: Құстардың қысқы тіршілігін бейнелейтін суреттер.
Сабақтың барысы:
Құстардың қысқы тіршілігін бейнелейтін суреттерге қарап, олардың аттарын атайды. Егер дұрыс атамаса, толықтыру. Құстардың қысқы тіршілігі жөнінде әңгімелеу. Қыс мезгілінде құстар тіршілігі қиындай түседі. Сондықтан адамдар құстарға көмек көрсетулері керек (жем, нан қиқымдарын, кептірілген жемістерді үйшіктеріне салып отыру). Балалардың білімдерін бекіту үшін құстар біздің даламызда, ормандар мен саябақтарымызда мекендейді және олардың денесін не жауып тұратыны жөнінде сұрайды. Қорықтардағы құстардың суреттерін көрсете отырып, тәрбиеші адамдардың құстарды қалай қамқорлыққа алғанын әңгімелейді.
Әліппе дәптермен жүмыс: Т.Нурмахамбетовтың «Тоңбайды»
Тапсырма:
а) өлеңді жаттап ал
ә) суреттен қыстап қалатын құстарды көрсет.
Дидактикалық ойын: "Құстар"
Сабақтың соңында балалармен бірге құстарға қамқорлық жасап, ұя жасауға, жем беріп күтуге келіседі.
АЙНАЛАДАҒЫ ӘЛЕММЕН ТАНЫСУ №13
оқу іс-әрекетін ұйымдастыру технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным» білім беру саласы
Бағдарлама тараулары: АЙНАЛАДАҒЫ ӘЛЕММЕН ТАНЫСУ
Тақырыбы: «Қыс қызығы»
Мақсаты: Салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатымен сауық, мерекелерді өткізу. Табиғат пен адам денсаулығының өзара байланысы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Құрал-жабдық: Қыс мезгіліндегі сауықтар мен мерекелерді бейнелейтін суреттер.
Сөздік жұмыс: сауық, мереке
| Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
| Мотивациялық – қозғаушы
| Сабақты Б.Жақыптың «Сырғанақ» өлеңін оқудан бастайды. Қыс мезгіліндегі сауықтар мен мерекелерді бейнелейтін суреттерді көрсете отырып, мерекелердің мазмұны мен таныстырады және бұл мерекелердің сауықтыру, шынықтыру үшін маңызды екені туралы әңгімелейді.
| Өлеңді мұқият тыңдайды. Не туралы екендігін мазмұндайды.
суреттерді, диафильмді көргендегі туған сұрақтарын қояды. |
| Іздену-ұйымдастырушылық
| Табиғаттың адам организміне тигізетін пайдасы жайлы түсінік береді. Сондықтан сауықтарды, мерекелерді табиғат аясында, таза өткізу, отбасымен бірге серуенге шығу және спорттық сауық, мерекелерге қатысып отырудың адам денсаулығына тікелей әсер ететіні туралы түсіндіреді. Әліппе дәптермен жұмыс: М. Әлімбаевтың «Қыс келбеті» Тапсырма: а) өлеңді жылдың қай мезгіліне арналған? ә) суретшінің бес қатесін тап.
| Адамның ағзасына пайдалы көңілді қалай тудыруға болатынын айтады.
Сұрақтарға жауап береді.
Өлеңді тыңдап, тапсырмаларды орындайды. |
| Рефлексифті – корригиялық
| Дидактикалық ойын: "Кім жылдам?" - Шынығудың қандай жолдарын білесің? - Табиғат пен адам денсаулығы арасында қандай байланыс бар? деген сұрақтар қойылады. | Ойын ойнайды.
Сұрақтарға жауап береді. |
Болжамды нәтиже: Салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатымен сауық, мерекелерді өткізу керектігін түсіндіру.
Білуі керек: Табиғат пен адам денсаулығының өзара байланысын
Қалыптасқан әдет: қоршаған ортаны қорғау жауапкершілігі
Істей біледі: Қоршаған ортаны бақылау
Білім беру саласы: «таным»
Сала бөлігі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: мұнайшы және шахтер қызметі
Мақсаты:Мұнайшы, шахтер мамандықтары туралы түсінік қалыптастыру. пайдалы қазба байлықтары және олардың алыну жолдары, олардан не жасалатыны жайлы түсіндіру. Жағар-жанар май тұрған жерде қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету.
Көрнекіліктер: мамандықтар туралы мазмұнды суреттер, әліппе дәптер.
| Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| Ұйымдастырушылық Ізденуші | Балаларды тынышталдырып, сабаққа назарларын аударамын
Жаңа сабақ мазмұнымен таныстыру
| әліппе-дәптер, қарындаштарын дайындап, сабаққа назар аударады |
| Сбьақ барысы | Мен өскенде кім болам? тақырыбына балаларды әңгімелету.
Біз күнелікті өмірде қолданатын жанар-жағар май мен көмірді қайдан аламыз, осыларды бізге өндіріп, жеткізіп беретін мұнайшы және шахтер мамандығы туралы әңгімелеу.
Әліппе-дәптермен жұмыс Қ.Жұмалиев «Мұнай» тапсырма:
| Балалар өскенде өздерінің қандай мамандықты таңдайтыны жайлы әңгімеледі.
өлеңді мұқият тыңдайды суретке қарап, мұнайдан алынатын заттарды атайды |
| Рефлексиялық қорытындылау | Дид.ойын «Табиғат және адам». Сабақ соңында балаларға қазба байлықтар:мұнай,тас,көміржайлы алған білімдерін бекіту мақсатында сұрақтар қою.
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Еліміздегі пайдалы қазбалардың атауларын
Істей алады: табиғат байлығына қамқорлықпен қарайды
© 2017, Шарғали Тоғжан Бауыржанқызы 2700 24